ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

2019-12-13 17:13:16 Қала жаңалықтары
ПАВЛОДАРДА АЛҒАШҚЫ ЖАБЫҚ ФУТБОЛ АРЕНАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында бой көтерген жаңа спорт кешені «Спорт-Сити» жобасының бір бөлігі болып табылады. Аталмыш аренаның тұсаукесері Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орайластырылды.

Кешенді салған «Тараз Құрылыс Инвест» ЖШС мердігер ұйымы.

Құрылыс компаниясы спорт ғимаратына іргелес аумақты абаттандырды, кіре-беріс жолды салды, жиек тастар төседі, баскетбол алаңын және скейтборд тебуге арналған шағын формалар орнатты.

Сонымен қатар, қазір мұнда жылдың кез-келген мезгілінде спортпен шұғылдануға болатын алғашқы жабық футбол алаңы пайда болды.Жаңа спорт кешені - бұл Павлодар облысындағы жалғыз жабық футбол аренасы болып табылады. Мұнда жыл бойы футболдан сабақтар өткізіледі деп жоспарлануда. Манеждың бір жолғы сыйымдылығы - 88 адам.

Павлодарлықтар жаңа кешеннің сапасын тексеру үшін футбол ойынын өткізіп үлгерді.

Жабық аренада өткен алғашқы матчта футболдан олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің және Ақсу қаласының балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері кездесті.

Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов павлодарлықтарды жаңа спорт кешенінің ашылуымен және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады.