ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

2020-01-15 00:00:00 Қала жаңалықтары
ӘКІМДЕРДІҢ ЕСЕП БЕРУ КЕЗДЕСУЛЕРІ: БАСТАУ АЛДЫ

Дәстүрлі түрде осы уақытта Қазақстан Республикасының барлық аумағында барлық деңгейдегі әкімдер халық алдында есеп беру кездесулерін өткізеді.

Бүгін 2019 жылы атқарылған жұмыстар туралы Павлодар ауылының әкімі Сырым Рушанов есеп берді. Ауыл әкімі баяндамасында Павлодар ауылында 2019 жылы түрлі салаларда бірқатар өзгерістер орын алғанын, соның ішінде: «Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру» бағдарламасы бойынша 20 аялдамаға ағымдағы жөндеу жүргізілгенін, сондай-ақ, Павлодар-Омбы тас жолы бойындағы жаңа құрылыстар ауданының тұрғындары үшін екі аялдама павильоны және де «аялдама», «жаяу жүргіншілер өткелі» жол белгілері орнатылғанын атап өтті.

Павлодар ауылында 4 жалғыз тұратын зейнеткер үйде әлеуметтік көмек алады.  Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті 28 отбасы алады. Есептік кезеңде халықтың әлеуметтік осал топтарына, өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға кәсіпкерлермен 3 702 000 теңге сомасында қайырымдылық көмек көрсетілді.

2019 жылы Павлодар ауылының көшелерінде 40 жарықтандыру тіректері мен 23 жарықшам орнатылып, 137 шам энергия үнемдейтін шамдарға ауыстырылды. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күні мерекесі қарсаңында ауылда «Barys» дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды.

Ауыл тұрғындары спорт кешеніндегі үйірмелерге үлкен қызығушылықпен қатысуда. «Barys» кешеніне күніне шамамен 70 адам келеді, соның ішінде, тең жартысы жартысы – балалар. Дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің ашылуы ауыл тұрғындарының бос уақыттарын тиімді өткізу мәселесін шешуге септігін тигізді.

Кездесу қорытындысы бойынша Павлодар қаласының әкімі Қайрат Нүкенов Павлодар ауылының әкіміне домбыра сыныбындағы аспаптардың санын арттыруды, жергілікті хорға костюмдер сатып алуды, ауыз су сапасы мәселесін реттеуді тапсырды. Сонымен қатар, ауыл тұрғындарының бірі баласын балабақшаға орналастыруға көмек көрсету туралы өтініш білдірді. Қайрат Нүкенов аталмыш мәселені жеке бақылауға алуға уәде берді.