ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

2020-01-16 19:31:13 Қала жаңалықтары
ПАВЛОДАРДА РЕСПУБЛИКА БОЙЫНША ТҰҢҒЫШ «ТІЛ ВОЛОНТЕРІ» ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Орталықтың негізгі мақсаты қала тұрғындары арасында қазақ тілін насихаттау болып табылады. Қызметкерлер және еріктілермен мемлекеттік тілді дамытуға бағытталған іс-шаралар өткізілетін болады.

Қалалық мәдениет бөлімінің тілдерді дамыту секторының меңгерушісі Мейрам Нұғыманның айтуынша, тіл туралы Заңға сәйкес барлық көрнекі ақпараттар (бланктер, маңдайшалар, хабарландырулар, жарнама, прейскуранттар, бағалар және т.б.) мемлекеттік және орыс тілдерінде, қажет болған жағдайда басқа да тілдерде ұсынылуы тиіс. Енді павлодарлық кәсіпкерлерге мәтінді аудару қиындық туғызған жағдайда, олар осы орталықтың қызметкерлеріне жүгіне алады. Кәсіпкерлердің өтініші бойынша еріктілер жергілікті жерге шығып, жарнамалық мәтінді тегін аудара алады.

Қазақ тілін үйренгісі келетіндер енді орталықтың кәсіби ұстаздарынан тегін білім ала алады.

Жаңа еріктілер арасында - павлодарлық жоғары оқу орындары мен колледждердің белсенділері, жастар ұйымдарының, қоғамдық бірлестіктердің және тіпті мемлекеттік мекемелердің өкілдері, сондай-ақ, қалалық мәдени мекемелердің, кітапханалардың қызметкерлері және Қазақстан халқы Ассамблеясының жастар қанатының мүшелері бар.