ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

2020-01-17 15:43:57 Қала жаңалықтары
ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫ ӨЗ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕРДІ ҮЕҰ ДЕРЕКҚОРЫНА ТАПСЫРУҒА ШАҚЫРАМЫЗ

2020 жылғы 1 қаңтардан 31 наурызға дейін үкіметтік емес ұйымдардың өз қызметі туралы мәліметтерді (есепті) ҮЕҰ дерекқорына ұсынады.

Осыған байланысты жеке мекеме, қоғамдық бірлестік (саяси партиялар, діни бірлестіктер мен кәсіптік одақтар түрінде құрылған қоғамдық бірлестіктерді қоспағанда), коммерциялық емес акционерлік қоғам (құрылтайшысы немесе акционері мемлекет болып табылатын коммерциялық емес акционерлік қоғамдарды қоспағанда), қоғамдық, корпоративтік және жеке қорлар, қауымдастық (одақ) нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі нысанындағы үкіметтік емес ұйымдарға, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын шетелдік және халықаралық коммерциялық емес ұйымдардың филиалдары мен өкілдіктеріне infonpo.gov.kz веб-порталда электрондық есептілік нысанын уақтылы толтыруды ұсынады.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес ҮЕҰ дерекқорында тіркеу мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және мемлекеттік гранттар шеңберінде әлеуметтік бағдарламаларды және (немесе) әлеуметтік жобаларды іске асыруға, сондай-ақ, ҮЕҰ үшін сыйлық алуға арналған конкурсқа қатысу үшін міндетті шарт болып табылады.

ҮЕҰ қызметі туралы мәліметтерді электрондық түрде infonpo.gov.kz веб-портал арқылы ұсыну үшін Халыққа қызмет көрсету орталығының жақын жердегі бөлімшесінде (ХҚКО) электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) алу қажет.

Мәліметтерді интернет арқылы тапсыруға мүмкіндігі жоқ азаматтар үшін пошта арқылы немесе қолма-қол қағаз және электрондық тасығыштарда (CD-дискілерде немесе DOC, DOCX форматында USB-флэш-жинақтағыштарда) тапсыруға мүмкіндігі қалады.

ҮЕҰ қызметі туралы мәліметтерді пошта арқылы немесе қолма-қол ілеспе хатпен мына мекенжайға жіберу қажет: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 15-кіреберіс, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті.

ҮЕҰ дерекқорына мәліметтерді уақтылы ұсынбағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік көзделген.