ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

2020-01-20 00:00:00 Қала жаңалықтары
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ҚАЙРАТ НҮКЕНОВ ЕКІНШІ ПАВЛОДАРДЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫНА ЕСЕП БЕРУ КЕЗДЕСУІН ӨТКІЗДІ

Павлодарлықтар қала басшысымен кездесуге технологиялық колледжде жиналды.

Қайрат Нүкенов өз баяндамасында 2019 жылғы жұмыстың негізгі нәтижелерін атап өтті. Өткен жылы облыс орталығында 20-дан астам бизнес нысандары ашылды, оның ішінде: «Inmart» супермаркеттер желісі, «Batyr mall» СОО 2-ші бөлігінің ашылуы. Бизнес-ортаны дамытумен қатар, Павлодарда ТҮКШ саласын дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Қазіргі уақытта Чкалов көшесінен Димитров көшесіне дейін аралықтағы 8 көшеде (Якутская, Алтайская, Днепропетровская, Запорожская, Целинная, Муялдинская, Сахалинская, Таллинская) тұрғын үйлер үшін су құбыры және кәріз желілерінің құрылысы аяқталды.

Есептік кездесу барысында Қайрат Нүкеновке Екінші Павлодар тұрғындары өз өтініштерін жеткізді. Аудан тұрғындары көтерген негізгі мәселелер: кәріз құбырларын жаңарту, кварталішілік аумақтарды жарықтандыру, осы шағын ауданда су тасқынының алдын алу үшін техника санын арттыру болды.

Қайрат Нүкенов 2020 жылдан бастап қалалық бюджетте жеке сектордағы көшелерді тазалауға қаражат қарастырылатынын атап өтті.

Екінші Павлодардың тұрғындары шағын аудандағы мәдени сала бойынша да сұрақтар көтерді. Футбол алаңын орнатуды сұрады. Айта кетейік, 2018-2019 жылы Екінші Павлодарда стритбол алаңдары мен ворк-аут тренажерлері орнатылды.

Осы қыста №18 мектептің аумағында бірінші рет шырша мен үлкен төбешік орнатылды.

Кездесу қорытындысы бойынша Қайрат Нүкенов барлық ұсыныстар ескерілетінін және олардың одан әрі орындалуы жеке бақылауына алынатынын хабарлады.