ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

2020-01-22 11:44:24 Қала жаңалықтары
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ МЕКТЕПТЕРІНІҢ ОҚУШЫЛАРЫ «ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚАРЛЫ ДЕСАНТЫ» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

Жоғары сынып оқушылары қолдарына күректерін алып, жеке секторда тұратын қарт адамдардың аулаларын қардан тазартуға көмектесу үшін шықты.

Балалар өздерінің азаматтық көзқарастарын көрсетіп қана қоймай, қайырымды іс жасады.

-Балаларға көмек көрсеткендері үшін алғыс білдіргім келеді. Барлығын жылдам және ең бастысы жақсы көңіл-күймен жасады. Бізде осындай қайырымды және мейірімді ұрпақ өсіп келе жатқанына өте қуаныштымын, - дейді зейнеткер Зоя Геращенко.

Біздің білетініміздей, 2020 жыл еріктілер жылы деп жарияланды. Жастарға қайырымды істерден тыс қалмай, белсенді қатысуларына тілек білдіреміз.