ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

2020-01-22 11:52:29 Қала жаңалықтары
ПАВЛОДАРДА КҮН САЙЫН АУЛА ІШІНДЕГІ АУМАҚТАРДЫ ҚАРДАН ТАЗАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Қыс маусымы басталғаннан бері қаланың қызмет көрсету ұйымдары күн сайын аула ішіндегі аумақтарды қардан тазалау жұмыстарын жүргізуде. Қазіргі уақытта қызмет көрсететін ұйымдардың аумақты тазалауға уақытында өтінім беруіне байланысты 110 аула, яғни, 375 үй қардан тазартылды. Барлығы 65 бірлік арнайы техника, атап айтқанда: 25 жүк көлігі және 40 тиегіш арнайы техника. Орта есеппен бір күнде 10 аула тазартылады. Павлодар қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі күн сайынғы негізде аулаларда рейдтер жүргізеді.

Ортақ мүлікті күтіп ұстау ережесіне сәйкес, тұрғын үйге тиісті аумаққа ПИК, тұрғын немесе тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері қызмет көрсетуі тиіс.

Сондай-ақ, өткен демалыс күндері бірқатар үйлердің тұрғындары «Таза аула» челленджін ұйымдастырып, өз аулаларын қардан тазартты.