ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

2020-01-21 00:00:00 Қала жаңалықтары
ЖЕТЕКШІ АУЫЛЫНЫҢ ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ АЛДЫНДАҒЫ ЕСЕП БЕРУ КЕЗДЕСУІН ӨТКІЗДІ

Есімхан Құрмантаев өткен жылы атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасады.

2019 жылы жетекші ауылын абаттандыру аясында мердігер ұйымдармен бірқатар келесідей жұмыстар атқарылды:

- екі су сақтайтын нысандар мен бір ұңғымаға арналған металл қоршаулар қалпына келтірілді;

- Школьная көшесі бойында шағын футбол алаңы орнатылды;

- ЖТҚ ауданында көше жарығының шамдары орнатылды.

Сонымен қатар, Жетекші ауылында Қ. Батыр көшесінде автобус аялдамасы пайда болды.

Есеп беру кездесуінің барысында қала әкімі Қайрат Нүкеновке ауыл тұрғындары өздерінің толғандырып жүрген сауалдарын қойды. Тұрғындар жаңа мектеп салуды, ауылға кіре берістегі стеланы қайта жаңартуды сұрады. Әкім алдағы жылы бұл мәселелер бірінші кезекте қаралатын болатынын мәлімдеді. .

Сондай-ақ, әкім Жетекші ауылының тұрғындарын жаңа ветеринариялық пунктті пайдалануға шақырды және ірі қара мал ауруларын болдырмау үшін малды дер кезінде егу қажеттігіне назар аудару керектігін атап өтті.