ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Павлодар қалалық мәслихатының 2019 жылғы 30 мамырдағы «Павлодар қаласы аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы» № 382/52 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

2020-01-22 12:50:04 Павлодар қаласы аумағында бейбіт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы» Заңының 10-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңына сәйкес, Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Павлодар қалалық мәслихатының 2019 жылғы 30 мамырдағы «Павлодар қаласы аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6405 болып тіркелген, 2019 жылғы 13 маусымда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланған) № 382/52 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімнің қосымшасындағы 9-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«Павлодар қаласы аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер өткізу үшін келесі орындар белгіленсін»:

1) Ю. Гагарин атындағы саябақ (Қамзин көшесі-Академик Шөкин көшесі-Циолковский көшесі-Ворушин көшесі);

2) Конституция алаңы;

3) Естай атындағы Мәдениет сарайы (Конституция алаңы, 1).

2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың азаматтардың құқықтарын және заңдылықтарды сақтау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Павлодар қалалық мәслихатының сессия төрағасы

 

Е. Абенов

Павлодар қалалық мәслихатының хатшысы

 

З. Мукашева

 

 

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

________ облысының/қаласының Әділет департаменті

Нормативтік құқықтық акті 27.12.2019

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік

тіркеудің тізіліміне № 6687 болып енгізілді

 

Результаты согласования

Павлодарского городского маслихата - руководитель аппарата государственного учреждения "Аппарат Павлодарского городского маслихата" Маржан Туяковна Асаинова, 25.12.2019 17:44:35, положительный результат проверки ЭЦП

Павлодарского городского маслихата - Секретарь Павлодарского городского маслихата Зауреш Кувантаевна Мукашева, 25.12.2019 17:45:10, положительный результат проверки ЭЦП

Павлодарского городского маслихата - Председатель сессии Павлодарского городского маслихата Ерканат Кайратович Абенов, 25.12.2019 17:45:43, положительный результат проверки ЭЦП

Республиканское Государственное учреждение «Департамент юстиции Павлодарской области Министерства юстиции Республики Казахстан» - Исполняющий обязанности руководителя Айгуль Кумаровна Туктыбаева, 26.12.2019 10:19:34, положительный результат проверки ЭЦП