ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

2019 ЖЫЛҒЫ ҚАҢТАР-ЖЕЛТОҚСАНДАҒЫ ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

2020-01-22 16:46:17 ҚАЛАНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ

Өнеркәсіп

2019 жылғы қаңтар-желтоқсанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі 801,7 млрд. теңгені құрады, НКИ -102% (обл – 102,4%).

Тау-кен өнеркәсібінде 405 млн.теңгенің өнімі өндірілді, НКИ –өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 85%.

Өңдеу өнеркәсібінде өндірілген өнім көлемі 727,7 млрд. теңгені, НКИ – 101,2%-ды құрады .

Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда өндіріс көлемі 54,8 млрд. теңгені құрады, НКИ – өткен жылдың сәйкес кезеңіне 96%.

Сумен жабдықтау саласында шығарылған өнім көлемі 8,3 млрд.теңгені немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 104%-ды құрады.

АЭА

«Павлодар» АЭА аумағына инвесторларды тарту бойынша жұмыс жалғасуда.

«Павлодар» АЭА аумағында 76 млрд.теңге инвестиция көлемі бар 12 жоба іске асырылды, бір жарым мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды.

Өткен жылы кәсіпорындар 43,4 млрд.теңгенің өнімін өндірді, бұл 2018 жылдың көлемінен 1,6 есе артық.

АЭА құрылған сәттен бастап оның аумағында орналасқан кәсіпорындар 110 млрд.теңге сомасына өнім өндірді, бұл ретте 42 млрд. теңгеге жақын және алыс шетелдерге экспортталды.

Инвестициялар

2019 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында қала экономикасына 145,5 млрд.теңге инвестиция тартылды немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 103,3%.

Инвестициялардың негізгі үлесі кәсіпорындардың меншікті қаражатына -64%, бюджет қаражатына – 25,6 %, қарыз қаражатына – 10,4% келеді.

Шағын және орта кәсіпкерлік

2020 жылдың 1 қаңтарына жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны жылдың тиісті кезеңіне 4,4% - ға артып, 25,8 мың бірлікті құрады.

«Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында жалпы сомасы 8,2 млн. теңгеге 238 жоба мемлекеттік қолдауға ие болды, соның ішінде:

- 110 жобаның пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау - 6 371,7 млн. теңге;

- 106 жобаға ішінара кепілдік беру - 1 682,4 млн. теңге;  

- 17 жобаны гранттық қаржыландыру - 47,5 млн. теңге;

- өндірістік инфрақұрылымды жүргізу 1 жоба-85,4 млн.теңге.      

Ауыл шаруашылығы

Ауыл шаруашылығының жалпы шығарылым (қызмет) көлемі 12,3 млрд. теңгені құрады, НКИ – 116,2%.

Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бағдарламасы аясында ағымдағы жылы 5 жоба жүзеге асырылды:

1. «Павлодар Құс» ЖШС - Жетекші ауылындағы құс фабрикасын кеңейту (жаңа құс фабрикасын салу);

2. «Иртышские мельницы» ЖШС дәнді және бұршақты дақылдарды өндіру бойынша зауытты қайта жаңарту және жаңғырту.

3. «Best Mill» ЖШС - жаңа жабдықтар орнатумен цехты жаңғырту;

4. «Рубиком» кәсіпорны ЖШС - Жаңаауыл кентіндегі құрама жем зауытын кеңейту;

5. «Айсберг ПВ» ЖШС құймақ, тұшпара цехтарын ашу, аппарат цехын жаңғырту жұмыстары жүргізілді;

Сауда

Бөлшек сауда көлемі 265,2 млрд.теңгені немесе 102,7%-ды құрады.

2018 жылдың желтоқсанына барлық тауарлар мен қызметтерге инфляция деңгейі 105,5%-ды құрады, оның ішінде:

- азық-түлік тауарларына -109,4%;

- азық-түлік емес тауарларға - 104,4%;

- ақылы қызметтерге - 101,8%.

Анықтама ретінде:

Қаланың тұтыну нарығындағы бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу және тұрақтандыру үшін;

-19 негізгі атау бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына күнделікті мониторинг жүргізіледі (Үкіметтің 2010 жылғы 1 наурыздағы № 145 қаулысына сәйкес)

- 24 «әлеуметтік» дүкен жұмыс істейді (оның ішінде 3 дүкен ауылдарда орналасқан).

- Естай көшесі, 81 мекенжайында күн сайын ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өткізіледі. (1 671,6 млн. теңге сомасына 50 жәрмеңке)

Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізудің негізгі мақсаты әлеуметтік маңызы бар азық - түліктердің (сиыр еті, жылқы еті, қой еті, шошқа еті, картоп және көкөніс өнімдері, сүт өнімдері, бал, ұн, тауық жұмыртқасы, макарон және кондитерлік өнімдер және т.б.) бағаларын тежеу, қолданыстағы нарықтарға бәсекелестік орта құру, сондай-ақ тікелей, делдалсыз өндірушіден сауданы ұйымдастыру болып табылады.

Тұрғын үй құрылысы, іске қосу

2019 жылғы қаңтар-желтоқсанда құрылыс жұмыстарының көлемі 77 млрд. теңгені немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 115,6%-ды  құрады.

Барлық қаржыландыру көздері есебінен 203,5 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, НКИ – 126,8%.

Бюджет қаражаты есебінен «Сарыарқа» шағын ауданында 7 тұрғын үй пайдалануға берілді (№ 15, 19, 20, 24/1, 25, 27, 30) 9 әуежай ауданындағы «Тип-1» типтік үйлердің жалпы ауданы 49,6 мың шаршы метр, Димитров көшесі, 2 бойында 200 орынға арналған жатақхана, ауданы 4,2 мың шаршы метр.

Тағы 4 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде (№ 11, 24/2, 29, 31,) жалпы алаңы 27 мың ш.м., «Әуеқалашық» шағын ауданында - 46 үй (46 учаске, 55 пәтер) – 7,8 мың ш. м.;

Жеке инвестициялар есебінен енгізілді:

- жалпы ауданы 52,4 мың ш. м. төрт тұрғын үй (И. Байзақов, Нұрсұлтан Назарбаев көшесі, 283/3 бойындағы 3 үй –«Әлем-ПВЛ» ЖШС және Лермонтов көшесі, 1 бойындағы «Адмирал-77» ЖШС тұрғын үйі);

- «Парасат» көпфункционалды тұрғын үй-қонақ үй кешені, (3,2 мың ш. м.);

- «R' N 'R Group» ЖШС қонақ үй ғимаратын жатақханаға қайта жаңарту және қайта жабдықтау жүргізілді (4,7 мың ш. м.);

- Кривенко көшесі, 52 бойындағы тұрғын емес үй-жайлары бар көп пәтерлі тұрғын үй (1,2 мың ш. м.)

2020 жылы іске қосылған жалпы ауданы 24,8 мың ш. м. 2 үйдің («Павлодарэнерго» АҚ Ткачев көшесі, 18/1 және «Қазақстан алюминийі» АҚ Лесная – Гагарин көшесі бойынша) құрылысы жалғасуда.

Әлеуметтік сала

Жұмыспен қамту саласында жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша жұмыспен қамту органдарына өтініш бергендерден тіркелген азаматтар саны 11448 адамды құрады.

9242 азаматқа жұмысқа орналасуға көмек көрсетілді.

Жұмысқа орналастырылды, оның ішінде тұрақты жұмыс орындарына - 7867 адам (жоспар - 5618),  әлеуметтік жұмыс орындарына - 379 адам (жоспар - 311), жастар тәжірибесіне - 317 түлек (жоспар - 270). Қоғамдық жұмыстарға 679 азамат қатысты(жоспар - 606).

Қала кәсіпорындарымен 3129 жаңа жұмыс орындары құрылды, оның ішінде: 2780 - тұрақты, 349 - уақытша немесе жоспардан 102% (жоспар – 3069, оның ішінде 2780 - тұрақты, 289 - уақытша).

Еңбек нарығындағы жұмыссыздық деңгейі – 4,8%, тіркелген еңбек нарығында – 1,2%-ды құрайды.

Жұмыспен қамту орталығында есепте тұрған жұмыссыздар саны - 2390 адамды құрады.

Үш бағыт бойынша «2017-2020 жылдарға арналған өнімді жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту»  бағдарламасы жүзеге асырылуда:

- қысқа мерзімді оқуға 1251 қатысушы талап етілген жұмысшы мамандықтары бойынша жіберілді (жоспар - 1174 адам.);

- 449,5 млн. теңге сомасына қатысушыларға 51 шағын несие берілді;

- «Бастау-Бизнес» бағдарламасы бойынша 435 қатысушы оқытылды (жоспар - 435);

- әлеуметтік жұмыс орындарына - 379 азамат (121,9%, жоспар – 311 адам), жастар тәжірибесіне - 317 түлек (117,4%, жоспар - 270 адам) жұмысқа орналастырылды, қоғамдық жұмыстарға – 679 жұмыссыз жіберілді (112,0%, жоспар - 606 адам);

-506 қатысушыларға жаңа бизнес – идеяларды іске асыруға гранттар берілді, оның ішінде 126 қатысушыға 100 АЕК (252500 теңге), 380 қатысушыға 200 АЕК(505000 теңге).

2019 жылдың мамырынан бастап төртінші бағыт іске асырылуда: «Жастар - ел тірегі» ұлттық жобасының кешенді іс-шараларын іске асыру.

«Жас Кәсіпкер» жобасы бойынша 135 адам жастар арасынан (жоспар – 135) немесе 100% оқуға жіберілді.

Жастар арасынан 239 қатысушы 200 АЕК (жоспар - 239) немесе жоспардан 100% грант алды.

Еңбекақы төлеу

2019 жылғы қаңтар-қыркүйекте бір жұмыскердің орташа айлық атаулы жалақысы 155 102 теңгені құрады немесе 2018 жылғы тиісті кезеңіне қарағанда 112,4%.

Нақты жалақы индексі 107,1%-ды құрады.

Білім

Павлодар қаласының білім беру жүйесі құрылымына 152 мемлекеттік және жеке меншік білім беру ұйымдары кіретін ұйымдар желісі болып табылады, оның ішінде: 42 мемлекеттік жалпы білім беретін мектеп, ТҚБ жанындағы 2 жалпы білім беру мектебі, 1 ОӨК, «Лингва» 1жеке меншік мектебі, 72 мемлекеттік мектепке дейінгі мекеме, 8 мектептен тыс мекеме, 18 мемлекеттік шағын орталығы.

Жалпы қала бойынша бір компьютерге 7,3 оқушыдан келеді.

Қаланың барлық 42 мектебі 20-дан 60 мегабитке дейінгі жоғары жылдамдықты кең жолақты интернетпен қамтамасыз етілген, 649 Wi-Fi нүктелері, 6251 компьютер, 651 мультимедиялық жабдықтар жиынтығы бар. Компьютерлермен қамтамасыз етілуі-1 компьютерге 7,3 адам.

Тегін оқулықтармен қамтамасыз ету 100% құрайды.

Барлық мектептер Kundelik ақпараттық жүйесімен және BilimLand білім беру платформасымен жұмыс істейді.

Мектепке дейінгі жастағы балаларды кезекке қою және мектепке дейінгі ұйымдарға жолдама беру бойынша автоматтандырылған сервис енгізілді. Бүгінде 13 мыңнан астам бағыт берілді.

1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту 74,2%, 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды 100% құрады.

Денсаулық сақтау

Қала бойынша денсаулық сақтау жүйесінде 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда қатерлі ісік ауруларынан өлім-жітім көрсеткіші 4,9% - ға (100 мың тұрғынға 139,7) төмендегені байқалады, ана өлімі тіркелген жоқ.

Қаланың 5 денсаулық сақтау объектілерінде 2 млрд.теңгеге 40 бірлік медициналық жабдық сатып алынды және орнатылды (операциялық нейрохирургиялық микроскоп, көп бейінді рентген жүйесі, фиброскан, жаңа туған нәрестелерге арналған инкубатор және т.б.).

Орталық Жедел медициналық жәрдем станциясының ғимаратына күрделі жөндеу жүргізілді.

200 төсек-орынға арналған облыстық онкологиялық диспансердің құрылысы аяқталды, онда 400-ден астам жоғары білікті маман, сондай-ақ ауысымда 100 адам қабылдайтын емхана жұмыс істейді

Мәдениет

Мәдени - демалыс жұмысы шеңберінде 1800 іс - шара өткізілді (2018 жылы - 1505 іс-шара), оған 610 мыңнан астам адам қатысты.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 135 мыңнан астам адамды қамтитын 394 іс-шара өткізілді.

Анықтама ретінде:

«Білімге табыну» бағыты бойынша – 117 іс-шара

«Сананың ашықтығы» бағыты бойынша – 51іс-шара

«Прагматизм» бағыты бойынша – 23 іс-шара

«Бәсекеге қабілеттілік» бағыты бойынша – 58 іс-шара

«Эволюциялық даму» бағыты бойынша – 75 іс-шара

«Ұлттық бірегейлікті сақтау» бағыты бойынша – 70 іс-шара.

Ағымдағы жылы Жаңаауыл кентінде екі ауылдық клуб және Теміржолшылар, Кенжекөл ауылында Мәдениет үйі салынып ашылды.

Жүргізілген оңтайландыру шеңберінде бүгінгі күні 2 ведомствоға қарасты мекеме – «Естай атындағы Мәдениет сарайы» МКҚК және «Павлодар қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ жұмыс істейді.

Мәдениет сарайында Естай атындағы мұражай ашылды, П. Васильев атындағы орталық қалалық кітапхананың ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталуда (Торайғыров көшесі, 44/1).

Дене шынықтыру және спорт

340 спорттық-бұқаралық және дене шынықтыру - сауықтыру іс-шаралары өткізілді, оған 55 спорт түрі бойынша 49 мыңнан астам салауатты өмір салтын сүйетіндер қатысты.

Әр түрлі спорт түрлерімен жүйелі шұғылданатындардың саны 110,3 мың адамды құрады, оның ішінде ауылдық аймақта 5,4 мыңнан астам адам, бұл 2018 жылмен салыстырғанда 0,2% - ға ұлғайып қала халқының жалпы санынан 30,6% - ға сәйкес келеді.

Ағымдағы жылы ұлттық спорт түрлері бойынша 58 жарыс өткізілді (ауылда 3), оның ішінде қазақ күресі бойынша – 19 (ауылда 2), тоғызқұмалақ – 18, асық ату – 15 (ауылда 5), көкпар - 2, аударыспақ – 1.

Ағымдағы жылы:

- Катаев көшесі, 63/1 бойындағы №1 БЖСМ бокс залына күрделі жөндеу жүргізілді (8,9 млн. теңге);

- 56 стритбол алаңы орнатылды (118 млн. теңге);

- бұрынғы Батыр стадион аумағында Ломов көшесі, 140/5 «Bolashaq Arena» жабық футбол манежі салынды (150 млн.теңге).

- Павлодар және Ленин ауылдарында дене шынықтыру-сауықтыру кешені енгізілді.

- «Спорт-сити» ауданында футбол манежі ашылды.

Қоғамдық қауіпсіздік

2019 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша құқық бұзушылықтың жалпы саны 20,6%-ға (12 ай) төмендегені байқалады. 2018 ж. - 5943 бірл., 2019 ж.12 ай – 4718 бірл.).

Құқық бұзушылықтың алдын алу және қылмыс деңгейін төмендету мақсатында «Құқықтық тәртіп», «Жасөспірім», «Ттұрмыс», «Қауіпсіз аула», «Көктемгі демалыс», «Назар аударыңыз, балалар!».

Қарақшылық 18,2% – ға, тонау 7,6% – ға, ұрлық 28,1% - ға төмендегені байқалады,

ауыр дене жарақаттары - 20,8%, қорқытып алушылық - 33,3%.

Сондай-ақ, жол-көлік оқиғаларында 4,5% - ға (528-ден 504-ке дейін), оларда қаза болғандар 20% - ға (20-дан 16-ға дейін) төмендегені байқалады.

Қала көшелерінде құқық бұзушылықтың алдын алу үшін бейнебақылау жүйелері қолданылады. Қала бойынша бейнебақылау 117 сыртқы бейнебақылау камерасы арқылы жүзеге асырылады.