ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

2020-01-24 00:00:00 Қала жаңалықтары
ПАВЛОДАРДА АБАЙ ЖЫЛЫ АЯСЫНДА АЛҒАШҚЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

«Абай өз замандастарының ғана емес, сонымен қатар көптеген ұрпақтардың руханилығын қалыптастыруға баға жетпес үлес қосты. Бұл байланыс бүгін де өмір сүреді...» - деген сөздермен ұлы философ және ақынның 175 жыл толуына арналған алғашқы кездесу басталды.

«Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» атты дөңгелек үстел ғалымдар мен жазушылар, мәдениет және өнер қызметкерлер, журналистер мен педагогтардың басын қосты.

Қала әкімінің орынбасары Светлана Гладышева бұл – ақынның мерейтойына арналған қала аясындағы алғашқы шара екенін атап өтті. Светлана Анатольевна Абай шығармашылығының білімпаздарын өскелең ұрпаққа өз білімдерімен бөлісуге шақырды.

Жиналғандарға Абайдың 175 жылдығын мерекелеу жөніндегі негізгі имидждік іс-шаралар жоспары ұсынылды. Жыл басында шығармашылық және ғылыми интеллигенция өкілдерінің Шығыс Қазақстан облысындағы Жидебай шатқалына сапары жоспарланған. Делегация Абайдың мұражай-үйі мен «Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешенін тамашалайды.

Сондай-ақ, ПМПУ профессоры Бекен Сағындықұлы, ПМУ профессоры Айман Зейнулина және ПМУ профессоры Серік Елікбаев сөз сөйледі. Сонымен қатар, ПМПУ 1 курс студенті Кристина Шевчук Абай шығармаларын қазақ тілінде орындау шеберлігімен таң қалдырды.

Ресми баяндамалардың соңында жиналғандар алдағы іс-шараларды талқылап, өз тілектерін білдірді.

Павлодарда Ұлы Абай жылының ресми басталуымен құттықтаймыз!