ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

2020-01-24 10:01:11 Қала жаңалықтары
БҮГІН ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ТҰРҒЫНДАР АЛДЫНДАҒЫ ОНЫНШЫ ЕСЕП БЕРУ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

Павлодар қаласының әкімі Қайрат Нүкенов шағын аудандар тұрғындары алдында есеп беру кездесуін өткізді.

Павлодарлықтар «Колос» МСО-на қала басшысының баяндамасын тыңдауға жиналды.

Облыс орталығының басшысы жергілікті атқарушы органдардың 2019 жылғы жұмысын қорытындылады.

Өткен жылы шағын және орта бизнесті дамытуға ерекше көңіл бөлінді. Тұрғындарға ыңғайлы болу үшін Павлодарда 24 әлеуметтік дүкен жұмыс істейді. Халықты ауыл шаруашылығы өнімдерімен тікелей өндірушілерден қамтамасыз ету үшін «Магазин у дома» жобасын іске асыру жалғасуда. Қазіргі уақытта 10 павильон орнатылды, 2020 жылы тағы 4 нүктені ашу жоспарлануда.

Облыс орталығының тұрғындары үшін апта сайын үлкен сұранысқа ие ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өткізіледі. Павлодарлықтардың дәстүрлі сенбілік жәрмеңкеде балғын ауыл шаруашылық өнімдерін төмен бағамен сатып алуға мүмкіндіктері бар. 2019 жылы жалпы көлемі 1,7 млрд теңге болатын 50-ден астам жәрмеңке өткізілді.

Кәсіпкерлерді қолдау үшін нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында өткен жылы 51 кәсіпкер 449,5 млн.теңгеге шағын несие алды.

506 павлодарлық жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін қайтарымсыз грант алды. Гранттардың көлемі 505 000 теңгеге дейін артты. Бағдарламаның қатысушылары мал шаруашылығын дамыту, қайта өңдеу, сервистік қызмет көрсету салаларында өз жобаларын жүзеге асыра алған облыс орталығының тұрғындары болды.

Есеп беру кездесуі барысында павлодарлықтар Қайрат Нүкеновке әлеуметтік дүкендердің бағасын реттеу, зейнеткерлер үшін демалысты ұйымдастыру, үйге газ өткізу, ағаштарды санитарлық кесу мәселелері бойынша жүгінді. Сондай-ақ, Ұлы Жеңістің 75 жылдығы қалай атап өтілетіндігі туралы да аға буын өкілдерін толғандырды.

Сонымен қатар, құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша атқарылған жұмыстар туралы полиция майоры Ермек Әлжанов есеп берді.