ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

ЖЕТЕКШІ АУЫЛЫНЫҢ ӘКІМІ Н. О. САРСЕМБИНОВТЫҢ ЕСЕП БЕРУ ТЕЗИСІ

2018-01-19 11:18:30 2018 жылғы ауыл окургтері әкімдерінің есеп беру кездесулері

2017 жылда Жетекші ауылының әкімдігінің жұмысы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауында айтылған: «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік».

Екінші басым міндеттерге сәйкес – орта бизнесті кеңейту және түбегейлі жақсарту. Тұрғындардың іскерлік белсенділігі мен шағын және орта бизнесті қолдау бойынша жұмыстар жалғасуда. 

2017 жылдың қараша айында «Павлодар-Құс» ЖШС ҚК Жетекші ауылының аумағында өз қызметін жүзеге асырады, 2013 жылдан бастап  «Жетекші ауылына тауықтарды асырау - тордың  кеңділігі 400 мың бас құс өсіру комплексінің құрылысына» бүгінгі күнге дейін 260 мың бас  өндірістік қуатын кеңейту бойынша қоғамдық тындау жүргізді.  Құс комплексі ашылғаннан бері басшыларымен құс комплексінің аумағын абаттандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде (тас төсеуішті қалау, жылу жүйесі әкімшілік комплексіне өткізу).

Ағымдағы жылдың тамыз айында «Евразиялық банк» АҚ кепілдіктегі  жер участкесінің жалпы көлемі 9,4118 га және  өндірістік құрылыстан тұрған «Колос» МТС ЖШС мүлігін «Гриланд Инвест» ЖШС сатып алды. Коммерция директорының бүгінгі күндегі ақпараты бойынша жер участкесінің құжаттарын әзірлеу бойынша процесс аяқталып жатыр, одан кейін ғимаратты жөндеу және қажетті құралдарды орнатуын жүргізеді, осы іс-шара 2018 жылға жоспарланған.

2017 жылдың 27 қаңтарында  Жетекші ауылы әкімінің есептік кездесу барысында 3 ескертулер түсті, оның біреуіне кездесу барысында түсініктеме берілді, мешіт құрылысы үшін жер участкесін бөлу туралы мәселе,  ауыл әкімдігінің қаржылық тексеру өткізу бойынша бақылауға алынды және іске асырылды.

2018 жылдың 1 қаңтарында Жетекші ауылының тұрғындар саны  2220 адамды  құрады, олардың ішінде еңбекке жарамды тұрғындар – 1391 адам, бюджеттік ұйымда және жеке құрылымдарда жұмыс істейтін – 1228 адам, өзін-өзі жұмыспен қамтитын – 7 адам бар. Еңбекке жарамсыз тұрғындардың саны – 685, олардың ішінде зейнеткерлер  саны – 276,  мүгедектер саны – 27, оқушылар саны – 301, мектепке дейінгі жастағы балалардың саны – 226, ауыл жастары – 562.

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ

Қара мал басы мен құстардың саны 5524 құрайды:

- Ірі қара мал – 448 бас, оның ішінде  сиыр – 228бас;

- Ұсақ мал – 761 бас;

- Шошқалар – 23 бас;

- Жылқы – 95 бас;

- Құстар – 4197 бас.

Ауылда 614 аула, қосалқы шаруашылығы 17 пайызды құрайтын 105 аула бар.

Көктем – күзгі кезеңде ветеринариялы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Барлық мал басы қажетті вакцинациядан өтеді.

Тұрғындардың белсенділік іскерлік, шағын және орта бизнесті қолдау бойынша жұмыстар жалғасуда.

САЛЫҚТАРДЫ ЖИНАУ, КІРІС БӨЛІГІН ҰЛҒАЙТУ ЖЕРГІЛІКТІ САЛЫҚТАР

2018 жылғы 1 қаңтардағы  Жетекші ауылының жағдайы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының есебіне 5 610,0 мың теңге түсті, оның ішінде:

-жеке тұлғалардың жерге салынатын салығы – 52,8 мың теңге;

- жеке тұлғалардың мүлікке салынатын салығы – 241,2 мың теңге;

- көлік құралына салық – 2 021,4 мың теңге;

-жеке табыс бойынша кіріс салығы, кәсіпкерлердің төлем көзіне салынбайтын табыстары – 3294,6 мың теңге;

 «Қазпошта» ПОФ АҚ бөлмені  жалға алу кірісі – 27,5 мың теңге.

Жалпы кіріс соммасы – 5 637,5 мың теңге.

ҚҰРЫЛЫС

Жетекші ауылының аумағына 5 әлеуметтік маңызы бар объект құрылысы жоспарланған.

1. Дене шынықтыру – сауықтыру кешенінің құрылысы.

Бүгінгі күнде ЖСҚ әзірленуде. Шамамен құрылыстың құны – 193,1 млн.теңге. Жобалық ұйым - «ES-жоба» ЖШС.

2. Жетекші ауылындағы сумен жабдықтау желісінің құрылысы.

Сумен жабдықтау желісінің құрылысына ЖСҚ әзірленуде. Жобалық ұйым - «ICP» ЖШС.

3. Жетекші ауылындағы электрмен жабдықтау желісінің құрылысы үшін ЖСҚ әзірлеу. Құрылыс құны – 154,225 млн.теңге. Жобалық ұйым – «АСП» ЖШС. ЖСҚ әзірленді. Қазіргі уақытта осы объект құрылысы үшін мемлекеттік сатып алу конкурсын жариялау үшін дайындық жүргізіп  жатыр.

4. Жетекші ауылындағы мәдениет үйінің құрылысы.

ЖБҚ әзірленді. Мемлекеттік акт жерге ресімделді. Шамамен құрылыстың құны – 396,8 млн.теңге. Жобалық ұйым –«Павлодармоспроект» ЖШС. 2017 жылдың желтоқсанында мемлекеттік сараптамаға жоба жіберілді.

5. Мектеп құрылысы 300 орын шағын-орталық құрылысы 100 орын  үшін ЖСҚ әзірлеуін жүргізіп жатыр. Жобалық ұйым – «Павлодармоспроект» ЖШС.  

Қазіргі уақытта қалалық бюджет қаражатынан 8 268,0 мың.теңге бөлініп қазандық құрылысы үшін ЖСҚ әзірлеуін жүргізіп жатыр. Мектеп құрылысы үшін көлемі 3,2 га қосымша жер участкесін ресімдеп жатыр.

АБАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Сондай-ақ ауқымды жобалармен, Жетекші ауылын абаттандыру бойынша ағымдағы жұмыстар-жоспарландыру және ағаштарды кесу, аумақты жинау жұмыстары жүргізіледі.

Сонымен қатар ауылда абаттандыру бойынша жұмыстарды жүргізу барысында ауылға кіре берісіне стела әзірленіп және орнатылды.

2017 жылдың қазан айында «ПожТехГрупPvl» тұрмыстық қоқысты төгуге бөлінген жердің аумағының жылдар бойы пайда болғанына байланысты рұқсат етілген жерге қоқысты тарату жұмыстары жүргізілді.  ЖӨБ қаражатынан жұмыстар 1,5 млн. теңге сомаға жұмыстар жүргізілді. 2018 жылы ауылдық және тұрмыстық қоқыстарды жинау бойынша  жоспарланған жұмыстар  жалғастырылады, қалалық бюджеттен 1,5 млн.теңге бөлінді.

2017 жылдың 12 желтоқсанында Санияз би – Гагарина көшелерінің қиылысында жаңа су айдауыш мұнарасы орнатылды,    9,9 млн.теңге сомада «Саулет-ПВ» ЖШС мердігерлік ұйымымен орнату бойынша жұмыстар жүргізілді, жазғы уақытта судың қысым мәселесін шешеді.

2017 жылдың қараша айында «Хлебстрой» ЖШС-гі, Строительная, Мира, Школьная, Геологическая, Санияз би көшелеріндегі ұзындығы 2 шақырым ескіріп кеткен электр желілерінің сымдарын жалпы сомасы 7 млн. теңге мөлшерінде ауыстыру жұмыстары жүргізілді.  №104 ҚТЖ  трансформатрына ауыстыру жұмыстары жүргізілді. 

Атап айтатын болсақ, электр желілерінің сымдарын ауыстырудың ішіне үйге дейінгі сымдарды ауыстыру кіргізілген.

Электр желілерінің сымдарының ескіруінен басқа электрді артық жүктеу проблемасы бар.

Пайда болған жағдайды ескере отырып, аталған аудандағы  ҚТЖ-103, ҚТЖ -104  біркелкі жүктеме бөлу керек деген шешім қабылданды.

Жаңа құрылыс тұрғындарына жүктелген ҚТЖ –дан  қайта қосу жеңілдету ҚТЖ  қосу бойынша жұмыстар,  сонымен қатар 2017 жылдың қыркүйек айында  6 көшеге жарықтандыру бойынша қосымша жұмыстар  жүргізілді, олардың ЖӨБ қаражатынан,  «СтройЛэпМонтаж» ЖШС-мен  жалпы 1,1 млн.теңге соммада жұмыстар жүргізілді.

КЕНТШІЛІК ЖОЛДАРЫ

Ауылдың  кентшілік жолдарын жағдайы өткір және проблемалық мәселе болып қалуда, олардың күйі 100пайыз физикалық тозуда. Жетекші ауылының әкімдігімен кентшілік  жолдардың жағдайын жақсарту бойынша жұмыстар жүргізіледі. 2018 жылы ауылдағы кентшілік жолдарға ағымдағы жөндеу жұмыстары үшін қалалық бюджеттен 20,0 млн. теңге бөлінді. 

Ағымдағы жылдың мамыр айында «Араз KZ» ЖШС асфальтты төсемесі бар Школьная, Геологическая, Мира, Санияз би жалпы көлемі 1517 шаршы метр шамамен 4 млн.теңге сомадағы ағымдық жөндеу жұмыстары жүргізілді.

2017 жылғы қазан айында «Иртыш Альянс Trade» ЖШС ауыл көшелеріне және Жетекші ОББМ жалпы көлемі 10 мың шаршы көлемде сомасы 7 млн. теңгені құрайтын ұсақ таспен себу жұмыстарын жүргізді.

2017 жылы жолдарды қыстан ұстауға 7,0 млн.теңге бөлінді, «Иртыш Альянс Trade» ЖШС жұмыстар жүргізілді.

КӨЛІК

Жетекші ауылында жолаушыларды тасымалдауды № 41 автобус маршруты  атқарады,  күніне 10 рейс жасайды, жүріс аралығы 60 минут.

ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ

 Қазіргі уақытта жеке - тұрғын үй құрылысына жер учаскесін алу үшін арнайы есепте 736 өтініш бар. Жер бөлу туралы сауалнамаға сәйкес, азаматтар тізімінің ашықтығын нысаналы қамтамасыз ету үшін, Павлодар қаласы әкімдігінің  сайтында  «Тұрғын үй бағдарламасы» бөлімінде  Жетекші ауылында жеке тұрғын үйге жер учаскесін беру құқығы бойынша арнайы есепке қойылған азаматтар орналасқан.

ӘЛЕУМЕТТІК САЛА

Әлеуметтік ахуалы бар тұрғындарды қолдау үшін, әкімдіктің қызметкерлері аз қамтылған азаматтар, көп балалы аналар, жалғызбасты зейнеткерлер және жұмыссыз азаматтардың есебін тұрақтандырады. Мемлекеттік бағдарлама «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуды», «Бизнестің жол картасы-2020», т.б. бағдарламалар бойынша түсініктеме жұмыстары жүргізіледі.

2017 жылы 78 адам 1255,1 мың. теңге сомада әлеуметтік көмек алды.

2017 жылы балалар жәрдемақысы 6 жанұяға 521,2 мың теңге сомада берілді; 18 жасқа толмаған балалары бар мүгедектер (2 адам) 10,4 мың теңге сомада; Сонымен қатар туберкулезбен ауыратын (2 адам) 45,4 мың теңге сомада; онкоауру (3 адам) 68,1 мың теңге сомада; көз көрмеу бойынша мүгедектерге (1 адам) 9,1 мың теңге сомада; БЦС ауратын мүгедек-балаларға (1 адам) 45,4 мың теңге сомада; қатты отынды мамандарға  (37адам) 503,7 мың. теңге сомада.

Есеп беру кезеңінде «мүгедектакси» мен Жетекші ауылының 1 мүгедек тұрғыны Ж. Қуандықов қолданды.

ХАЛЫҚТЫҢ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛУЫ

«Жетекші ауылы әкімінің аппараты» ММ көбінесе халықты әлеуметтік  қорғау мен әлеуметтік салаға көп көңіл бөледі.

Жетекші ауылы тұрғындарының жалпы санының 1,5 пайызын құрайтын мүмкіндігі шектеулі тұлғалар 27 адам. Қазіргі уақытта ауылдың кәсіпорындарында мүмкіндігі шектеулі 4 адам,  тағы 3-уі Павлодар қаласының кәсіпорындарында жұмыс атқарады.

  Әлеуметтік ахуалы бар тұрғындарды қолдау үшін, әкімдіктің қызметкерлері аз қамтылған азаматтар, көп балалы аналар, жалғызбасты зейнеткерлер және жұмыссыз азаматтардың есебін тұрақтандырады, атаулы әлеуметтік көмек алу, әлеуметтік төлемдерді тағайындау ережелеріне түсініктемелер беріледі.

Жетекші ауылының аумағында ауыл тұрғындарын жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша, кәсіпорындармен үнемі тұрақты жұмыстар жүргізіледі.

2017-2020 жж.  «Павлодаргидрогеология» ЖШС, «Павлодар-құс» ЖШС, «Колос» ЖШС әлеуметтік әріптестік келісімі жасалды.

 2017 жылы  «Павлодаргидрогеология» ЖШС 15 адам жұмысқа орналасты, оның ішінде тұрақты жұмыс орындарына - 5 адам, «Павлодар-құс» ЖШС - 20адам, «Асхар-Тау» ЖШС 6 адам.

 2017 жылдың басынан бастап  жұмыспен қамту орталығына  жұмысқа орналасу үшін 20 адам барды, олардың ішінде  тұрақты жұмыс орынға -7, әлеуметтік жұмыс орынға -9, жастар тәжірбиесіне -1 түлек, қоғамдық жұмысқа қатысқандар 3 адам.

Ауылдағы 18 ден 35 жасқа дейінгі жастар қалалық және ауылдық кәсіпорындарындарда жұмыс атқарады, «Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ жұмыссыз жастар тіркелген жоқ.

БІЛІМ БЕРУ

Жетекші жалпы орта білім беру мектебінде 301 оқушы оқиды, оның ішінде даярлық сыныпта 36 бала оқиды. Мектепте 45 мұғалім жұмыс атқарады, оның ішінде жоғарғы біліммен - 42 адам. Мектептің штатында балаларды қорғау жөніндегі инспектор бар.

2017  жылдың ҰБТ орташа көрсеткіші нәтижесі 73 балл (қаладағы көрсеткіш -100балл). Жетекші ЖОББМ-нің  шағын орталығында екі топ жұмыс атқарады,  3 жастан 5 жасқа дейінгі балаларға, екі топ қысқа мерзімдегі (күніне  4 сағат – 22 бала) және бірінші топ толық күн жұмыс атқарады (25 бала).

Мектепте оқушыларды дамыту үшін шығармашылық қабілеттерінің қосымша шарттары бар, мектепте ішінде 291 оқушыларымен  16 пән үйірмелері мен 12 спорт секциялары жұмыс істейді, («Туған жер», «Құқық пен жасөспірім», «Театр үйірмесі», "Өлкетану үйірмесі", «Қазақша күрес», «Шахмат», «Каратэ», «Тірі құрақ», «Өлкетану», «Сауатты», «Сиқырлы сандық»  және т. б.) оқушылардың жалпы санынан 97 пайыз құрайды.

2017 жылы Анапа (Ресей) қаласындағы халықаралық жиында  ЖЖИ (жас жол инспекторлары)  ЖОББМ оқушылары қатысты, команда болып 1 орынға ие болды.

Ғылыми жобаларға балалар қатысады: математика пәніндегі олимпиадада қалалық деңгейде   1 орынға ие болған Айтмағамбетов Мерей, облыстық физика пәнінен 2 орын және қалада 1 орынға ие болған Сидоренко Лиза.

Біздің мектебіміз жаратылыстанумен –математикалық бағытында жұмыс атқарады: комплексті олимпиадада 3 орынға ие болған 6 сынып оқушысы Ахмет Азимхан, ЖОББМ 2 оқушы биология пәнінен орын алған ол Пичугина Василина 1 орынға ие болған және Останин Артем 3 орынға ие болған.

Оқушылар мен мектеп мұғалімдері қалалық  іс-шараларға қатысып және жүлделі орындарғы ие болды.

-Әскери – патриоттық әндер фестивалінде Жақсылық Адлет, 9а С.Г. Гизатулина 2 орын, кубок финалына қатысқандар.

 -Павлодар қаласы (НЗМ) оқушылар арасында Асық ату жарысы бойынша 2 орынға ие болған Н.Р.Абылхасанов.

-«Белая Ладья» шахматы бойынша (шахматтан 3 орынға ие болған А.Т.Кулатаев үйі).

-«Белая Ладья» шахматы бойынша Павлодар қаласының (№41,25 ОБМ) 1-4 сынып оқушылар арасында  3 орынға ие болған А.Т.Кулатаев.

2017 жылы мектепте жартылай жөндеу жүргізілді.

2018 жылға пластикалық терезеге ауыстыру үшін бюджет қаражатынын мөлшерінен 14,3 млн. теңге бөлінді. ЖСҚ мемлекеттік сараптамадан өтті.

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ

Жетекші ауылында «Павлодар қаласы № 3 емханасы» КМКҚ құрылымдық бөлімшесі болып табылатын дәрігерлік амбулаториясы медициналық қызмет көрсетеді. Дәрігерлік амбулаторияда  ересектерді  және балаларды қабылдау кабинеттері, егу кабинеті және күндізгі стационарда 3 жататын орын бар. Ауылдың дәрігерлік амбулаториясы күнделікті  20-25 адамға қызмет көрсетеді.

Ауылда ана мен бала өлімі тіркелмеген. 2017 жылы ауылда 31 бала дүниеге келді.

Кепілденген тегін медициналық көмек щеңберінде 5 жасқа дейінгі балаларға тегін дәрілік препараттары, сондай-ақ гипертониктарға, жүрек аурумен, жүректің ишемиялық ауруы (ЖИА), бронх демікпесі, қант диабеті, эндекринді зоб ауруы – барлығы 258 адамға беруін жүзеге асырады.

2017 жылы 1000 ересек адам, 0-18 жас аралығында – 600 адам профилактикалық тексерулерден өткізілді.

МӘДЕНИЕТ

«Жетекші ауылы әкімі аппаратының мәдени ойын-сауық орталығы» МКҚК ауылда бар. Мәдени ойын-сауық орталығында  «қазақша-күрес» бойынша секция және би үйірмелері ұйымдастырылған. Есепті мерзім кезінде 37 мәдени ойын – сауық шаралары өткізіліп,  1370 адамнан  астам қатысқан. 

Ауыл кітапханасының қорында 7148 дана кітап бар, жылына келушілердің саны 4000 адам.

ЖАСТАР САЯСАТЫ

Жетекші ауылындағы 14-29  жастар саны 562 адам.

Жетекші ауылындағы жастар саны 562 адам. Әкімдікте спорт бойынша нұсқаушы жұмыс істейді, әр түрлі спорттық  іс – шаралар өткізеді: волейбол, футбол, жеңіл атлетикалық жүгіру және эстафета. Есепті кезінде   18 спорттық  іс-шаралар өткізілді, оның ішінде 475 адам қатысты. Ауылдағы  Жетекші ЖОББМ аумағында  жасаңды жабынмен  шағын - футбол алаңы бар. Сондай-ақ Жетекші ОББМ аптасына 2 рет  ауыл жастарының арасында волейбол бойынша секциялар жүргізіледі. Қысқы кезеңде мектеп аумағында мұз айдыны құйылды, жаппай сырғанау жүргізіледі. Ауыл жастары облыстық және қалалық деңгейдегі спорттық іс-шараларға белсенді қатысады.

Павлодар облысының әкімдігі және «ERG» АҚ арасындағы меморандумға сәйкес,  ағымдағы жылдың қыркүйек айында Жетекші ОББМ аумағында шынығу жиынтығы мен стрит-воркаут 3,3 млн.теңге сомаға орнатылды.

ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІПТІ БЕКІТУ ЖӘНЕ  ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫ  

АЛДЫН-АЛУ

Ауылда үш учаскелік полиция инспекторы жұмыс атқарады, олардың негізгі міндеттері әкімшілік аумақта профилактикалық және құқық бұзушылықты алдын-алу шараларын жүргізу.

 Тұрақты рейдтік шаралар жастар көп жиналған орындарда жастардың ойын-сауық сапасын бақылау мақсатында, нормативті құқықтық актілердің орындалу мақсатында түнгі уақытта кәмелеттік жасқа толмаған балалардың жүрмеуін қадағалау, сонымен қатар ауылда сауда нүктелерінде кәмелеттік жасқа толмаған балаларға алкогольді және темекі заттарын сатпауды қадағалау. Сонымен қатар ауыл тұрғындары абаттандыру ережесін ұстауы туралы рейдтік тәжірибелер жүргізіледі. Есепті мерзім кезінде абаттандыру бойынша 105 хаттама толтырылды, сондай-ақ 1776627 теңге сомасына әкімшілік айыппұл салынды, 408434 теңге сомасына әкімшілік жаза салынды.

Мал ұрлану фактілері тіркелген жоқ. Бекініс пунктерінде орг. техника, телефон, және автокөлік бар.

АЗАМАТТАРДЫҢ ӨТІНІШТЕРІ

2017 жылы Жетекші ауылы әкімінің аппаратына  23 (2016 жылы – 48) жеке және заңды тұлғалардан өтініштері келіп түсті. Барлық азаматтардың үндеулері заңды түрде бекітілген мерзімде қарастырылады.

Үндеулердің басым көпшілігі жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскелерін алуға – 15 (2016 жылы - 45), тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы - 7 (2016 жылы - 3).

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ

Мемлекеттік қызметтер Тізіліміне сәйкес, Қазақстан Республикасының Үкіметі 2003 жылдың 18 қыркүйегіндегі № 983 қаулысымен бекітілген, 2015 жылдың 31 желтоқсандағы №1198 өзгерістермен  және толықтырулармен енгізу туралы «Жетекші ауылы әкімінің аппараты» ММ  сегіз түрде мемлекеттік қызмет көрсетеді.

Интернет-ресурсында «Жетекші ауылы әкімінің аппараты» ММ http://akim-zhetekhi.gov.kz/ «Мемлекеттік қызметтер» бөлімі бар, осы бөлімде бөлікше көрсетілген:

- Мемлекеттік қызметтердің регламенттері;

- Мемлекеттік қызметтердің стандарттары;

- Мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша есеп;

- Жария талқылау мемлекеттік көрсетілетін қызметтер;

- Инфографика мемлекеттік қызметтер.

2017 жылы 58 қызмет көрсетілді - «Қосалқы шаруашылық анықтама беру туралы».

«Жетекші ауылы әкімінің аппараты» ММ ғимаратында пандуспен жабдықталған, мүмкіндігі шектеулі тұлағалар үшін шақыру батырмасы бар, азаматтарды Бөлімге қол жеткізу үшін жеңілдетеді.

Сондай-ақ мемлекеттік қызмет қызмет көрсету тәртібі туралы ақпараты орнатылған, оның ішінде ақпараттық стендтер, өзгерістерге сәйкес жаңарып отырады.

 Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын үнемі бақылауда.

Сонымен қатар, «egov.kz порталы бойынша өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» орнатылып, кез келген азамат ЭСҚ немесе порталда тіркеліп онлайн режимінде мемлекеттік қызметтер ала алады.

«Қызметті өзің ал» үйрену тармағы қажетті компьютерлік техникасы және интернет-байланысымен қамтамасыз етілген.

ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017жылдарға арналған Павлодар қаласы бойынша іс-шараларды жүзеге асыру барысында «Жетекші ауылы әкімінің аппараты» ММ жемқорлықпен күрес бойынша жоспар құрылып, Жетекші ауылының әкімімен бекітілді.