ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

2020-01-17 00:00:00 Қала жаңалықтары
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ҚАЙРАТ НҮКЕНОВ ЖАҢААУЫЛ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН ЕСЕП БЕРУ КЕЗДЕСУІН ӨТКІЗДІ

Жаңаауыл тұрғындары қала басшысына бірқатар сұрақтарын қойды, олардың ішінде: кентті асфальттау және көгалдандыру, жаяу жүргіншілер белгілерін, балалар шағын футбол алаңын және спорттық тренажерлерді орнату.

Сонымен қатар, Қайрат Нүкенов ауыл тұрғындарын жасыл желектерді отырғызуда белсенділік танытып, қатысуға шақырды. Өз кезегінде әкім 200-ге жуық сапалы ағаш көшеттерін бөлуге уәде берді.

Аудан тұрғындары үшін ауыл жолдары бойынша үлкен жүк тасымалдау сұрағы маңызды болды. Қала басшысы жергілікті полиция қызметіне аталған мәселені зерделеп, шара қолдану және қосымша жаяу жүргіншілер белгілерін орнату үшін көліктік бақылау инспекциясының қызметкерлерін тартуды тапсырды.

Барлық сұрақтар және олардың орындалуы Павлодар әкімінің жеке бақылауында.