ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

2020-01-28 17:45:04 Қала жаңалықтары
ПАВЛОДАРЛЫҚ МҰҒАЛІМДЕРГЕ ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУГЕ БАЙЛАНЫСТЫ МАСТЕР-КЛАСС ӨТКІЗІЛДІ

Бүгін № 13 ЖОМ-де "Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында инклюзивті білім берудің өзекті аспектілері" тақырыбында семинар-практикум өтті.

Іс-шара инклюзивті білім беру мәселелері бойынша педагогтардың жұмысын жетілдіруге бағытталды.

Семинарға Павлодар қаласы білім беру бөлімі директорларының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, әдіскерлері, дефектологтар, психологтар, облыстың білім беру мекемелерінің инклюзивті білім беру бөлімдерінің басшылары мен мамандары қатысты.

Практикумды өткізу барысында қала және облыс мектептерінің педагогтары, инклюзивті білім беру туралы халықаралық және республикалық ғылыми-практикалық конференцияға қатысушылар шеберлік сыныптарын ұйымдастырды. Сонымен қатар, №13 ЖОМ мұғалімдері ашық сабақтар мен қосымша қоғамдық іс-шаралар өткізді.

Семинар қорытындысында қатысушылар жалпы білім беретін мектепте ерекше білім алу қажеттілігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу үшін әдістемелік ұсыныстар алды.