ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

ЛЕНИН КЕНТІ ӘКІМІНІҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ Д. А. ТАЙГУЛИННІҢ ЕСЕПТІК БАЯНДАМАСЫНЫҢ ТЕЗИСТЕРІ

2018-01-19 11:45:05 2018 жылғы ауыл окургтері әкімдерінің есеп беру кездесулері

Ленин кенті Павлодар-Астана республикалық маңызы бар магистралінен оңтүстікке қарай Павлодар қаласынан 12 км орналасқан. Кен 1914 жылы қаланған. Кент аумағы 7608 га.

2018 жылғы 1 қаңтар жағдайына кент тұрғындарының саны 20-дан астам ұл пен ұлыстардан тұратын 10324 адамды құрайды.

2017 жылы Ленин кенті әкімі аппаратының жұмысы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» Жолдауында, «100 нақты қадам. Заманауи мемлекет барлығы үшін» Ұлт жоспарында айтылған мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған.

2017 жылға қойылған келесі міндеттер орындалды:

- тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша шараларды қабылдау міндетін шешу мақсатында аймақтарды дамыту бағдарламасы шеңберінде Ленин кентінде сумен қамтамасыз ету желілер құрылысының жұмыстары өткізілуде. Бүгінгі күнде бюджеттен 2 млрд. Теңгеден астам бөлінді. Жұмыстар «Ай-Су Мелиорация» ЖШС өткізілуде. Бүгінгі күнде тазартқыш құрылғыларының құрылысыбойынша жұмыстар аяқталып, 500 астам құдық орнатылып, 52 көшеде ішкі кварталды желілер төселген. 2017 жылғы қыркүйекте жергілікті жиын қабылдаған хаттамалық шешіміне сәйкес Космонавтов, Калкаманская көшелері, №33 өрт сөндіру бөлімі ауданы сияқты қамтылмаған ауданандарды жобаға қосу үшін түзетуге жолданды. Жобаны аяқтау 2018 жылғы көктемде жоспарланған;

- ішкі кенттік жолдарды ұстау мен жөндеу бойынша жұмыстарды жалғастыру бойынша міндеттерді шешу мақсатында бүгінгі күнде кентте 66,8 км жолдардың 16,4 км асфальт төселген. Күзде Маслозаводская көшесіне қиыршық тас төсеу жұмыстары жүргізілді. 2017 жылғы қазан айында «Ай-Су Мелиорация» ЖШС демеушілік қаражаты есебінен ұзындығы 860 метр Ә. Молдағұлова көшесіне асфальт төселді. Сонымен қатар бұл мердігерлік ұйымымен Жаяу Мұса атындағы мәдениет үйі, кенттік дәрігерлік амбулатория, №33 мектеп және Ысқақ-Хазрет атындағы мешіт кіреберіс алаңдарына асфальт төселген. Барлығы «Ай-Су Мелиорация» ЖШС 15  мың шаршы метрге жуық асфальт төселген. 2017 жылы Ленин кенті көшелеріне асфальт төсеу жұмыстары жүргізілмеді, себебі жергілікті қоғамдастықпен мақұлдаса келе кентте су құбырларының құрылысы жұмыстары өтуіне орай жолдарды жөндеу жұмыстарын өткізудің жөнсіздігі анықталды. Бюджеттің төртінші деңгейге көшу жоспарына сәйкес 2018 жылы 2 көшенің жөндеу жоспарлануда, бұл Павлодарская (2 км) және Мәметова (760 метр) көшелері;

- аялдама павильондарын орнату мен ұстау бойынша жұмыстарды жалғастыру міндетін шешу мақсатында 2017 жылғы көктемде ЖӨБ ҚАБШ қаражатынан 18 аялдама павильоны жөнделді. Жұмыстар 280,0 мың теңге сомасында «Бузайгиров» ЖК орындалды. Бұл бағыт бойынша жұмыстар ағымдағы ижылда жалғасады;

- тұрғындарды жаппай спортқа тарту және спорт объектілерін салу бойынша шаралар қолдану міндетін шешу мақсатында 2017 жылғы күзде орталық стадион аумағында 161 млн. 280 м.т. сомасында дене шынықтыру-сауықтыру кешені құрылысы бойынша жұмыстар басталды. Жобалық  ұйымы - «ES-ПРОЕКТ» ЖШС. Құрылыс жұмыстары «Репек-СК» мердігерлік ұйымымен жүргізілуде. Тапсырыс беруші «Павлодар қаласының құрылыс бөлімі» ММ болып саналады. Жобаға сәйкес дене шынықтыру-сауықтыру кешені волейбол, баскетбол және басқа да спорт ойындары алаңдарынан тұратын болады;

- Космонавтов көшесі бойынша апатты боп танылған үйлерді қалалық коммуналдық мүлікке тапсыру, ескі үйлерді бұзу бойынша жұмыстарды жалғастыру міндетін шешу мақсатында 2017 жылы әкім аппаратымен Павлодар қаласының қаржы бөлімімен бірлесіп Космонавтов көшесі, 22 бойынша пәтерлерді коммуналдық мүлікке тапсыруға құжаттарды ресімдеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар әкім аппаратымен Космонавтов көшесі, 4 бойынша үйді апатты тану жұмыстары жүргізілді, бұл үйді бұзу бойынша жобалы-сметалық құжаттамалар жасалды. 2016 жылғы желтоқсанда мемлекеттік-жеке серіктестік шеңберінде «Космонавтов көшесі бойынша № 4, 6, 7, 9, 17 көп пәтерлі үйлерді бұзып, қазіргі уақытта жоғарыда аталмыш үйлерде тұратын үйлердегі тұрғындарды көшіру, Космонавтов көшесі, 22 бойынша көп пәтерлі үйін қалпына келтіру» жобасын жүзеге асыру мақсатында «Грейтбрик» ЖШС келісім жасалды, алайда бұл ұйым жобадан бас тартуына байланысты меморандум бұзылды, Комонавтов көшесі, 22 үйін қалпына келтіру 2018 жылы «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша жоспарлануда.

Ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлікті дамыту және инвестициялар

Статистикалық мәліметке сәйкес мал мен құс басының саны 2017 жылы ІҚМ – 908, жылқылар – 218, ҰҚМ – 1384, құстар – 2792 құрады.

Малдың аман-есен қыстау кезеңіне қажетті 7300 тонна қатты азық көлемі даярланған.

Павлодар қаласының ветеринарлық станциясы мамандарымен ай сайын ауыл шаруашылық малдардың қараталақ, құтыру және басқа аурулардан кезекті вакцина егілу жұмыстары жүргізіледі.

2017 жылы Ленин кенті бойынша 13 бас ІҚМ бруцеллез ауруы бойынша анықталып, Қашыр ауданы Тереңкөл ауылының мал соятын цехына тапсырылды.

2017 жылы ветеринарлық станциямен бірге 481 қаңғыбас иттерді ұсталып, эвтаназия жасалды.

Кент аумағында 7 ЖШС, 47 шағын кәсіпкерлік субъектілері (30 дүкен, 2 киоск, 3 дәріхана, 6 қоғамдық тамақтану объектісі, 3 шаштараз, 3 а/ш өндеу объектісі, 4 дөңгелек жөндеу шеберханасы), 172 жеке кәсіпкерлер, «Қазпочта» филиалы, «Қазақтелеком» филиалы өз қызметтерін жүзеге асырады.

2017 жылы кенне бірқатар инвестициялық жобалар жүзеге асырыла бастады:

2017 жылғы қазанда «Байжигитова» ЖК «С» санатындағы жол бойындағы сервис (жол бойындағы дәмхана) ашылды.

«CROUP KSM» ЖШС «Астықты қабылдау, кептіру және сақтау үшін өндірістік базасының құрылысы және қызмет көрсетуі» (элеватор» жобасы жүзеге асырыла бастады. Бүгінгі күнде жер телімін рәсімдеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Элеватордың жобалық қуаты – сағатына 60 тонна астықты өндеу. Бұл объектінің құрылысында 30 адам жұмыспен қамтылатын болады, сонымен қатар 15 жаңа тұрақты жұмыс орны жасалады. Элеватор пайдалануға енгізілген соң 15 жаңа тұрақты жұмыс орны құрылатын болады. Жобаны жүзеге асыру мерзімі 2018 жылғы көктем.

2018 жылы «Агротехника Дидар» ЖШС диірмен кешенін іске қосу жоспарлануда. Бүгінгі күнде тәулігіне 150 тонна астық, 75%ға 112,5 тонна ұн шығару өнімділігімен диірмен кешенінің құрылысы басталды, астықты өндеу түрік құрылғыларында 10 жанышқыш механизмі бар диірмендерде жасалатын болады. Бастапқы қаржыландыру «Агротехника-Дидар» ЖШС өз қаражаты есебінен 150 млн. Теңгені құрайды.

Құрылыс

Бүгінгі күнде «Павлодар қаласының құрылыс бөлімі» ММ келесі жобалар бойынша жұмыстар жүргізілуде:

- Ленин кентінде 140 орынды балабақша құрылысы. Құрылыстың бағдарлы бағасы – 350,0 млн. теңге. Бүгінгі күнде жобаның мемлекеттік сараптамасы жоқ;

- Ленин кентінің №31 мектебіне санитарлық торап жапсарлас құрылысы. Жобалық ұйым - «Павлодармоспроект» ЖШС. Қазіргі кезде жеке сараптама қарастыруында жатыр. Қорытындыны алу болжалды мерзімі – 2018 жылғы қаңтар айы; 

-Ленин кентінде ЕТЖЖ  бойынша жер телімдері үшін электрмен жабдықтау желілер құрылысы. Жобалық ұйым - «ПСД Строй-проект» ЖШС. Қазіргі кезде Павлодар қаласының құрылыс бөлімімен жер телімін ресімдеу жүргізілуде.

Салықтарды жинау, кіріс бөлігін арттыру  

2017 жылы  жергілікті қаражат түсуі мен жұмсау жоспарын бекіту мәселесі бойынша кенттің жергілікті қоғамдастығының 7 жиналысы өткізілді.

2018 жылғы 1 қаңтар жағдайына Ленин кенті бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының есебіне 13262263,53 теңге түсті, солардың ішінде:

- жеке тұлғаладың жер салығы – 128868,44 теңге;

- жеке тұлғалардың мүлік салығы – 525002,05 теңге;

- көлік құралдарының салығы – 6245602,04 теңге;

- кәсіпкерлерден төлем көздерінен салық салынбайтын кірістер бойынша кіріске салынатын табыс салығы – 6362791теңге;

- мемлекеттік мүліктік жалдаудан – 65000 теңге.

Тұрғын-коммуналдық және абаттандыру мәселелері

 «Аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету»  бағдарламасы бойынша жалпы 7 млн. 404 мың теңге қаражат бөлінген. Жолдарды қыста ұстау және қар шығару бойынша жұмыстар «Серке» ЖК жалпы сомасы 7062,0 м.т. және «ПожТехГруппPVL» ЖШС жалпы сомасы 228,9 м.т. орындалған.

«Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру» бағдарламасы бойнша 2017 жылы 2 млн. 270 мың теңге бөлінді. «Кенжекөл жастары» ЖҚБ жалпы сомасы 440,0 м.т. аз қамтылған отбасылардан мектеп оқушыларын кентті абаттандыру жұмыстарына жұмылдыру бойынша жұмыстар орындалды. 

ЖӨБ ҚАБШ есебінен кентте келесі жұмыстар өткізілді:

- «Серке» ЖК 1400,0 м.т. сомасына жолдарды қыста ұстау жұмыстары орындалды;

- «Курылыс заманы» ЖШС 1989,9 м.т. сомасына жалпы пайдаланылатын жерлер мен аумақтарды қоқыстан, өсімдік қалдықтардан және ірі габарит қалдықтардан санитарлық тазалау жұмыстары орындалды, сонымен қатар аптасына 2 рет «Серке» ЖК кент көшелерінен қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару жұмыстары жүргізілді. Шарт жалпы сомасы 226900 теңгеге жасалды;

- «Энергоград» ЖШС жалпы сомасы 1092,0 теңгеге стадион қоршауын жөндеу жұмыстары орындалды;

- мектеп демалысы кезеңінде 3 мектептің (№31, 32, 33 мектептер) аз қамтылған отбасыларынан 50 оқушы еңбекақысы 20,9 м.т. 889,3 м.т. сомасына кентті абаттандыру жұмыстарына жұмылдырылды;

- «Серке» ЖК жалпы сомасы 560,0 м.т. РЛМД-101250 сатып алып орнатуымен КТП 111 жөндеуі және ВЛ-10 желілеріне қызмет көрсету жұмыстары жүргізілді.

Жер қатынастар

Қазіргі кезде жер телімдеріне құқық беру бойынша арнайы есепте 2495 адам тұрады, сонымен қатар 2017 жылы 47 азаматпен өтініш берілді. 2017 жылы инженерлі-коммуникациялық инфрақұрылымның жоғына байланысты жер телімдері берілмеді.

Әлеуметтік сала

Аз қамтылған отбасыларды әлеуметтік қолдау мақсатында Ленин кенті әкімінің аппаратымен атаулы әлеуметтік көмек, 18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақы және басқа да әлеуметтік көмектерді ресімдеуге көмек көрсетіледі.

2017 жылы 296 тұрғын 4746,1 мың теңге сомасына әлеуметтік көмектер алды:

Атаулы әлеуметтік көмек 8 отбасына, солардың ішінде 48 адамға 852,5 мың теңге сомасында көрсетілді.

18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы 8 отбасына, солардың ішінде 123 адамға 1817,5 теңге сомасында көрсетілді.

Бір жолғы әлеуметтік көмек 125 азаматқа 2079,1 мың теңге сомасында көрсетілді.

«Инватакси» қызметін 14 мүгедек қолданды (5 ересек адам, 7 мүгедек бала, 2 көз бойынша мүгедек).

2017 жылғы 22 желтоқсанда Ленин кентінің аумағында «Мүгедектер мен мұқтаждарға арналғын «Қамқор» көмек және оңалту орталығы» тіркелді. Орталықтың тұсаукесері 05.01.2018 ж. «Ленин кенті әкімі аппараты» ММ мәжіліс залында өткізілді. Орталық басшысы Сарсембаева С. З.

Бұл қордың мақсаты мүгедектер өмірінде салауатты өмір салтын насихаттау, әлеуметтік қайырымдылық көмекті қамтамасыз ету, мәдениет, спорт және басқа да қоғамдық пайдалы міндеттерді жасау.

Тұрғындарды жұмыспен қамту

2017 жылы жұмыспен қамту көмегіне 80 адам жүгінді, соның ішінде 49 адам, соның ішінде 10 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылды, жастар тәжірибесіне 4 түлек жолданды, қоғамдық жұмыстарда 9 адам қатысты.

Білім беру

Кентте үш мектеп, біреуі негізгі, екеуі жалпы білім беретін, 180 орынды «№15 балабақша» МКҚК және және шағын мектепке дейінгі ұйым №36 балабақша қызмет атқарады. 

Оқу және тәрбиемен 1447 бала мен жасөспіріп қамтылған, соның ішінде 91 бала мектепке дейінгі оқумен қамтылған, №31 мектепте мектепке дейінгі кішігірім орталық қызмет атқарады, оған 25 тәрбиеленуші қатысады.

Негігі құрылғыларды ағымда ұстау мен сатып алу үшін 3 мектепке 290,7 мың теңге қаражат, Ленин кентінің мектепке дейінгі мекемелеріне 690,1 мың теңге қаражат құрылды.

2017 жылы №33 ЖОМ 50-жылдық мерейтойын атап өтті. Мерейтой шеңберінде бірқатар шаралар өткізілді, атап өткенде педагогикалық даңқ мектеп мұражайына саяхат, қазақстандық жұлдыздардың шақырылуымен (А. Кишкенбаев, С. Ибрагимов және т.б.) концерт және т.б.

№31, 32, 33 мектептерінде шахмат кабинеттері ашылды, үйірмені ұйымдастыру үшін шахмат бойынша нұсқаушы штат бірліктері бөлінді.

2017 жылы ҰБТ нәтижелері бойынша оң динамика байқалады. Түлектердің орташа баллы 2017 жылы 86,5 балл құрады (2016 ж. – 83.3).

2017 жылғы олимпиада нәтижелері бойынша №33 ЖОМ 9 оқушысы, №32 НОМ 2 оқушысы жеңімпаз бен жүлдегерлер болды.

2018 жылы №32 НОМ жұмсақ шатырын жөндеуге 23,5 млн. теңге сома бөлінді (ЖСҚ мемсараптаманы өтті).

Бұдан басқа демеушілік көмек қаражатынан №31 ЖОМ биомассада қазандықты шығару жоспарлануда.

Денсаулық сақтау

Ленин кенті тұрғындарына медициналық қызметті Павлодар қаласының №3 емханасы жүзеге асырады. ЖШҚ «Павлодар қаласының №3 емханасы» КМК Ленин кентіне шығуымен салалық мамандардың консультациясы жүзеге асырылады.

2017 жылда 9890,0 мың теңге сомасында тегін дәрігерлік препараттар сатып алынды.1 жастан 5 жасқа дейінгі балаларға 1554,0 мың теңге сомасында тегін рецептілер жазылды.

2017 жылы 3136 ересек адамның, 0 жастан 18 жасқа дейінгі 1968 балалардың профилактикалық байқауы жасалды.

Мәдениет 

Жаяу Мұса атындағы мәдениет үйімен 2017 жылы 37 мәдени-демалыс шаралары өткізілді, оларда 5751 мыңнан астам адам қатысты. Мәдениет үйінде 82 тәрбиеленуші жұмылдырылған вокал мен хореография үйірмелері қызмет атқарады.

Кенттің мәдени дамуына елеулі үлесін кенттің кәсіпкерлері енгізеді. Отан қорғаушылар күніне орай «Бахыт» ЖК («Шаңырақ» дүкені) «Павлодар облыстық гір спортыжәне армрестлинг федерациясы» ҚБ өкілдерін шақырумен тұрғындар арасында армрестлинг пен гір спорты бойынша турнир өткізілді. Жыл сайын «Омаров» ЖК («Абай» дүкені) өз ауданының балаларына жаңа жылдық шырша ұйымдастырады.

Кентте кітап қоры 11 000 данадан астам құрайтын балалар мен бұқаралық кітапханалары бар.

Спорт

Есептік мерзімде кент тұрғындарының 650 астамы қатысқан 4 спорт түрі бойынша 8 спорттық-көпшілік шаралары өткізілді. 2785 астам кент тұрғыны жүйелі түрде дене шынықтыру және спортпен шұғылданады, бұл тұрғындар жалпы санының 27%.

Кентте жасанды жабындысы бар екі шағын футбол алаңдары бар. Кентте дзюдо мен бокс секциялары қызмет атқаратын «Батыр» балалар-жасөспірімдер спорт метебі жұмыс істейді. Мектеп тәрбиеленушілері республикалық, халықаралық турнирлерде және ҚР чеспионаттарында қатысып, жүлделі орындарға ие болады. Сонымен қатар «Батыр» спорт мектебінде қазақ күресі бойынша жастар орталығы ашылды, онда күндізгі уақытта 40 оқушы, кешкі уақытта Ленин кентінің белсенді жастары есебінен 30 адам бұл шараларда жұмылдырылған. Бұл жастар орталығына 72 дана санында төсеніш жиынтығы бөлінген. Қазақша күрес жастар орталығының тәрбиеленушілері республикалық, халықаралық турнирлер мен ҚР чемпионаттарында қатысып, жүлделі және чемпиондық титулға ие болады.

2017 жылы жалпы 1 млн. 100 мың теңге сомасында жаттығу залы ашылды.

Спорттық құрал-саймандарға 18,600 мың теңге бөлінді. Жүлде қорына 61,600 мың теңге бөлінді.

Кент жастары белсенді түрде «Павлодар қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ ұйымдастыратын Павлодар қаласы ауылдық аймақтарының 46 спартакиадасы бағдарламасында қатысты. 2017 жыл нәтижелері бойынша Ленин кенті бұл спартакиадада 3 орынға ие болды.

Жастар саясаты

Ленин кентінде 14-29 жас аралығындағы жастардың саны 1410 адам құрайды.

Дарынды жастарды қолдау мен дамыту мақсатында жыл сайын білім беру мекемелерінде 85 астам үйірмелер жұмыс істейді, Мәдениет үйінде «Сарыарқа» домбыра ансамблі, «Жұлдыз» вокал ансамблі қызмет атқарады, «Веснушки» ансамблінің қатысушылары вокал мен хорреография бойынша қалалық конкурстарының қатысушылары, сонымен қатар «Алау» вокал-аспаптық ансамблі құрылды.

Наурыз мейрамын тойлауда кенттің белсенді жастары «Шаңырақ» орталығында өткізілген «Наурыз аруы» конкурсында қатысты. Қатысушылар дипломдар мен ақшалы сыйлықтармен табысталып, Павлодар қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен ұйымдастырылған тілдер күніне арналған «Тәуелсіздік – тірегі тіл» атты шарасында қатысып, 1 орынға ие болды.

Ленин кентінің жастары 2017 жыл бойы «Жастар – біздің келешегіміз» флеш-мобын ұйымдастырды, сонымен қатар жалғыз тұратын зейнеткерлерге үйлерінде көмек көрсетеді.

Құқық бұзушылықты алдын алу және қылмыспен күрес

Құқық тәртібінің және алдын алу жұмыстарының мәселелерімен Павлодар қаласының ІІБ Солтүстік бөлімінің № 8 әкімшілік полициясы айналысады, штат саны 4 адамды құрайды.

2017 жылы кенттің учаскілік инспекторларына жаңа қызмет көлігі бөлінді.

Тұрақты түрде түнгі мерзімде кәмелетке толмағандардың көшелерде болуына тыйым салу бойынша алдын алу және бақылау мақсатында жастардыңтоптану орындарына рейдтік шығулар ұйымдастырылады. Кенттің сату орындарында кәмелетке толмағандарға алкоголь мен темекі бұйымдарын сатылмауының бақылау жүргізіледі. Кенттің сату орындарында ойын автоматтарының бар/жоғы бойынша тексерістер жүргізіледі.

2017 жылы Ленин кентінің аумағында 49 қылмыс тіркелген, соның ішінде ашылғаны – 22, ашылмағаны – 27. Қылмыстың негізгі түрі бөтен мүлікті ұрлау болып саналады.

Елді мекен аумақтарының абаттандыру ережелерін ұстау бойынша құқық бұзушылықтарды алдын алу, ҚР Жер кодексін сақтау  мақсатында тұрғындарға ескертулер табысталады.

Жалпы 2017 жылы әкім аппараты мен учаскілік полиция қызметкерлерімен жоғарыда аталмыш ережелерді бұзушыларға қатысты 56әкімшілік материал жасалып, әкімшілік міндетке жүктелді.

Мемлекеттік қызметтер

Ленин кенті әкімі аппаратымен мемлекеттік қызметтің 2 түрі көрсетіледі. 2017 жылы «Оқушыларға тегін тасымалдауды қамтамасыз ету» қызметі бойынша 390 оқушы қамтылды, жеке қосалқы шаруашылығын бары жөнінде 109 анықтама берілді.

Мемлекеттік қызметтерді алу үшін Ленин кенті әкімі аппаратының ғимаратында тұрғындар үшін E-gov электрондық үкіметінің өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы орналастырылған.

Бұл бұрыш компьютер және жаңа жиһазбен жабдықталған. Азаматтарды ақпараттандыру үшін «Мемлекеттік қызметтерді көрсету стандарттары», «Ленин кентінің паспорты» және «Ақпараттық стенд» стендттері орналасқан. 

Әкім аппаратының ғимаратының бірінші қабатында мүмкіндігі шектеулі тұлғалар үшін шақыру батырмасы орнатылған.

Есептік мерзімде Ленин кенті әкімі аппаратымен 178 құқықтық-нормативті актілер шығарылған.

Көлік

Жолаушылар тасымалын № 38 автобус маршрутымен «№ 1 Автобус паркі» ЖШС жүзеге асырады. Қозғалыс аралығы 30 минут, «қарбалас сәтте» (таңертен сағат 6-дан 9-ға дейін, кешке сағат 17-ден 20-ға дейін) аралық 15 минут.

 Азаматтардың өтініші

«Ленин кенті әкімінің аппараты» ММ 2017 жылы 200 өтініш түсті, солардың ішінде: заңды тұлғалардан – 24, жеке тұлғалардан – 176, ауызша – 17. Бұл өтініштер бақылауға алынып, оларға жауаптар заңнамамен белгіленген мерзімде берілді.

Есептік мерзімде 208 нотариалдық әрекеттер жасалды (сенімхаттарды растау – 192, құжат көшірмелерінің және олардан алынған үзінді көшірмелерінің дұрыстығын куәландыру – 16, өтініштердегі қолдардың түпнұсқаулығын куәландыру – 0, өсиетхатты куәландыру – 0).

2017 жылғы 25 қаңтарда Ленин кенті әкімінің есептік кездесуі барысында 8 ескерту және ұсыныс түсті, олар бақылауға алынып, жасалған іс-шаралар жоспарына сәйкес мерзімде жүзеге асырылды.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес  

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет пен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты болдырмау заңнамасын орындауда әкім аппаратында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметкерлерінің этикалық кодексі (Мемлекеттік қызметкерлер қызмет әтикасының қағидалары) ақпараттық стенді орналастырылған. Стендтте сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпқа баяндалатын материалдар орналастырылған. Сонымен қатар 1424 (Call centre) нөмірі көрсетілуімен сыбайлас жемқорлық фактілерін үшін көтермелеу туралы материал орналастырылған.