ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

ПАВЛОДАР АУЫЛЫНЫҢ ӘКІМІ А.С. ЖҮСІПОВТЫҢ ЕСЕП БЕРУ БАЯНДАМАСЫНЫҢ ТЕЗИСТЕРІ

2018-01-19 12:09:06 2018 жылғы ауыл окургтері әкімдерінің есеп беру кездесулері

2017 жылы Павлодар ауылы әкім аппаратының жұмысы Қазақстан Республикасының Президентінің «Қазақстан жолы-2050» бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ Жолдауында айтылғандай қойылған мақсат және тапсырманы жүзеге асыруына жолданды.

Өткен жылдың ең маңызды оқиғасы Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауы болды.

Павлодар ауылы облыстық орталығынан 11 км орналасқан.  Жалпы көлемі 3956 га, халықтық мекендердің аумағы – 327 га, шаруашылық жерлері – 3384 га, ауыл-шаруашылық -1718 га.

2018 жылдың 1 қаңтары жағдайына ауылда 6396 адам тұрады.

КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ДАМУЫ

2017 жылы бойы Павлодар ауылында шағын және орта бизнестің жаңа объектілері ашылды.

2017 жылдың қарашасында ауылды сәнхана ашылды («Москалева» ЖК), онда киімнің қандай да күрделі жөндеуі және тігу қызметі көрсетіледі, сонымен қатар осында әртүрлі фурнитура, үй тоқымасын  сатып алуға болады.

Сондай-ақ, тіс емдеу кабинеті, шаштараз және косметолог кабинеті ашылды.

2017 жылдың 30 желтоқсанында шаңғы орталығы ашылды, мұнда шаңғы, коньки және батутты жалға алуға болады. Шаңғы базаның аумағында мұз айдыны құйылып, төбешік орнатылды.

2018 жылы пони, ат және түйеге мініп қыдыруды ұйымдастыруы жоспарлануда.

2018 жылдың наурызында ауылда саңырауқұлақ шайын шығару цехі іске қосуы жоспарланған.

Ауыл аумағында 13 орта бизнестін іске қосылған субъектілері («Рубиком» кәсіпорын ЖШС, «Электрореммаш» ЖШС, «Павлодар жолдары» ЖШС, «Вельбот» ЖШС, «Монумент» ЖШС, «Кошифя холдинг» ЖШС, «Акоба» ЖШС, «ДомСервисПлюс», «ЖилПромСтройАзия» ЖШС, «Баймаш» ЖШС, «Ремзавод ПВЛ» ЖШС, «Трансмиссия-ПВ» ЖШС, «Бірлік Павлодар» фирма ЖШС) орналасқан.

2017 жылдың мамырында тұрғындар қияр және басқа да өнімді сату үшін  ауылда сауда базары ашылды.

 «Акоба» ЖШС және «Дзоценидзе» ЖК наубайханалары,  екі шаштараз, екі жеке дәріхана жұмыс істейді.

Бизнесті дамыту сұрақтары бойынша халыққа ақпарат беру тұрақты жұмыс жүргізіледі.

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

2017 жылға статистикалық есебі бойынша мал және құс саны: ірі қара мал 1095, жылқылар 314, ұсақ қара мал 1628, шошқалар 156, құс 4872 құрайды.

Уақытында көктем-күзгі мерзімде мал дәрігерлік вакциналау жұмысы жүргізіледі.

Жыл сайын ауыл жиындарында мал бағылатын жер белгіленеді, әр табынға келісім шарт жасалады және  әр табынның жайылатын жер шекарасын бақылайтын бастамашыл топ сайланады. 2016 жылда ауылда 5 қоғамдық табын ұйымдастырылды (Ремзавод, Дорстрой және Шаукен ІҚМ 3 табындары) және жазғы жайлауындағы  2 табын (қой-ешкі қоғамдық табын және жылқылар).

ҚҰРЫЛЫС.

Тұрғындардың өмір сапасын жақсарту, Павлодар ауылында ішкі құрылымын ұлғайту бойынша мемлекеттік және аймақтық бағдарламалардың шеңберінде Павлодар қаласы құрылыс бөлімімен мәдениет үйі,  су жабдықтау желісі құрылысына  жоба-сметалық құжаттамасы дайындалды. Жобалар мемлекеттік сараптамаға жіберілді. Жеке тұрғын- үй құрылысы ауданында кірме жолдардың құрылысына жоба- сметалық құжаттамалары дайындалды, жол құрылысына қаражат бөлу үшін жоба Павлодар облысының жолдар басқармасына жіберілді.

САЛЫҚ ЖИНАУ, ЖЕРГІЛІКТІ САЛЫҚ КІРІСІН ҰЛҒАЙТУ.

2018 жылдың 1 қаңтар жағдайы бойынша Павлодар ауылы бойынша Салық басқармасының есебіне 25870432,9 теңге түсті, оның ішінде:

-  351669,81теңге жеке тұлғалардың жер салығы.

- 595998,66 теңге жеке тұлғалардың  мүлік салығы.

-  9055475,38 теңге көлік салығы қаражаты.

- 8158455,44 теңге кәсіпкерлерден салық салынбайтын төлем көзі, жеке табыс салығы.

- 56920 теңге заңғы тұлғалардан көлік салығы

- 973 теңге заңғы тұлғалардан (ЖК) жер салығы.

-  24817 теңге заңды тұлғалардың (ЖШС) жер салығы.

АБАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ СҰРАҚТАР.

 «Автомобиль жолдарының қызметін қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша 2017 жылға 4888,0 мың теңге бөлінді:

  • Шұнқыр жол жөндеуін жүргізуіне (Абай, Молодежная, Октябрьская,Школьная, Торговая көшелері) – 666,0 мың теңге;
  • жолдардың қысқы ұстануына- 978,0  мың теңге;
  • жолдардың кескіндеуіне- 2189,0 мың теңге;
  • жол бөлмесін белгілеу- 335,0 мың теңге;
  • жолдарды айналдыра ору- 200,0 мыңтеңге.

Жергілікті өзін-өзі басқару қаражатынан 985,0 мың теңге сомасына жол белгілері орнатылды. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың желтоқсанында 702,0 мың теңгеге жаяу өтпе жолдарда «жылдамдық бәсеңдеткіш» орнатылды.

 «Аймақтарды дамыту» бағдарламасы шеңберінде аймақтардағы экономикалық дамуды және көмектесу бойынша шараны жүзеге асыру» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 2017 жылы 3745,0 мың теңгеге  көше жарықтандырудын 52 тіреу орнатылды.

2017 жылдың жергілікті өзін-өзі басқару бақылау қолма-қол ақша есебінен 2316,0 мың теңге сомасына Ертіс  өзен алқабына қар суын бұру үшін Береговая көшесі, нөмірі 69 үй, ауылдың ең төмен бедерінде орналасқан  іргелес телімі бойы, ұзындығы 130 метр субұру құбырын салу жұмыстары жүргізілді. Осы көшенің су басу қауіп-қатері шешілді.

Жергілікті өзін-өзі басқару қаражаты есебінен аз қамтылған ақысы негізінде мектеп оқушылары мектеп демалыс кезеңінде 834,0 мың теңгеге ауылды аббатандыру жұмыстарына жұмсалды.

Павлодар қаласы аймағын абаттандыру және санитарлық тазалау айлық шеңберінде ағымдағы жылдың қазанында ауылда «2017 жылдың ең үздік ауласы» конкурсы өткізілді.

Ауылды №44 маршрутты және 6 көп сыйымды орташа интервалдары 18-20 мин автобусы қызмет етеді. Барлық аялдамаларда автобус павильондары бар.

ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ. Жер телімдері берілген азматтардың тізімі сұрағы бойынша ашықтықты қамтамасыз ету үшін «Павлодар қаласы әкім ресми сайтында» тұрғын үй бағдарламасы бойынша бөлімінде 2 тілде ғаламтор желісінде арнайы есепке тұрғандар жеке тұрғын үй құрылысы үшін  жер телімдері берілетін тізімі орналастырылған.

2018 жылдың 1 қаңтар жағдайы бойынша жер телімдері берілетін арнайы есепке тұрған азаматтардың тізімінде 2742 адам бар.

ӘЛЕУМЕТТІК ОРТА. Павлодар аулында 867 зейнеткерлер,122 мүгедектер (оның ішінде 1 топтағы-15, 13 бала шағынан мүгедек, 7-арбадағы мүгедектер, 90 жастан асқан 6 зейнеткерлер).

5 жалғыз тұратын зейнеткерлерге үйлерінде әлеуметтік көмек көрсетіледі. Балаларға 845,9 мың теңге мемлекеттік жәрдемақы 35 баласы бар 11 жанұя алды.

Әлеуметтік саласының қызметкерлері 1225,2 мың теңге сомасына  кесек отын алу үшін қаржылай көмек алды.  

Бір жолғы көмек 878,0 мың теңге 57 адам алды.

«Мүгедек такси» қызметі 2 мүгедек балаға көрсетіледі.

Халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз тобына қолдау мақсатында демеуші есебінен аз қамтылған көп балалы  отбасыларға, мүгедек және өрттен зардап шеккен тұрғындарға 23 тонна көмір алынды.

ХАЛЫҚТЫҢ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛУЫ. Тұрғындардың еңбекке қабілеттілігі 3271 адамды құрайды, 3525 жұмысбасты, 359 өздігімен жұмысбасты, 12 жұмыссыз. 2017 жылы Жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмыспен қамту жәрдемдесу шараларымен 50 адам қамтылған, оның ішінде тұрақты жұмыс орынға – 29 адам орналастырылды, әлеуметтік жұмыс орындарға- 13 адам, жастар тәжірибесіне- 1 түлек, қоғамдық жұмыстарға  7 адам тартылды. 

БІЛІМ. Павлодар қаласының №40 жалпы орта білім беру мектебінде 877 оқушы оқиды, соның ішінде мектепке дейінгі дайындықта- 60 бала, мини-орталықта- 50 оқушы оқиды. №40 ОБМ 75 мұғалім, оның ішінде жоғары білімді-66, орта арнаулы-9, жоғары және  бірінші санаттағы мүғалімдердің пайызы 61 % құрайды.

Үш жыл бойы ҰБТ қорытынды динамикасы оң көрсеткіштерді көрсетуде. 2017  жылы түлектерінің орта балы- 104 бал (2016ж. - 90,5), бұл қалалық және облыстық көрсеткіштерден жоғары.

Мектеп инклюзивтік білім беру дамуы бойынша облыстық эксперименттік алаңы боп саналады. 2017 жылы «Ауылдық үздік білім беру мекемесі» облыстық жарысында жеңімпаз боп атанды.

№117 МҚКК бала-бақшасында 157 бала барады. Мұнда 6 топтар бар, соның ішінде 4 мектепке дейінгі дайындық тобы, соның біреуі және екі топ мектепке дейінгі дайындық  қазақша оқытылады.

Ауылда жоғары оқу орнында 42 студент, 224 студент колледже оқиды.

ДЕҢСАУЛЫҚ САҚТАУ. Ауыл тұрғындарына  «Павлодар қаласы № 3 емханасы» МҚКМ құрылымдық бөлімшесі болып табылатын «Дәрігерлік амбулатория» медициналық қызмет көрсетеді.

Дәрігерлік амбулаториясында ересек және балаларды қабылдау кабинеттері бар. Үнемі алғашқа анализ зертханасы, ем жасайтын кабинет және күндізгі стационар жұмыс істейді.

№3 емханасында «Нива» автокөлігі бар, ол ауыл тұрғындарына сағат 14.00- 18.00 ге дейін қызмет көрсетеді.

2017 жылы 1422 ересек адам, 0-18 жасқа дейін балалардың- 1049 профилактикалық тексеруі (скрининг) өткізілді.

МӘДЕНИЕТ.

2017 жылы жергілікті деңгейде мәдени бос уақыт жұмысын қолдауына 1804,0 мың теңге қарастырылды. Бір жыл ішінде 65 мәдени-бос уақыт шаралар өткізілді, бұл шараларда үш мың астам адам қатысты.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мақсатында ағымдағы жылда бірқатар әлеуметтік- мағыналы іс-шаралар өткізілді.

Павлодар ауылында тәрізді сәулет ескерткіштері жоқ болғандықтан, Даңқ ескерткішін ашу іс-шарасы үлкен және мағналы оқиға боп саналады. Жалпы ескерткіште ауыл тұрғындары - Ұлы Отан Соғысына қатысушыларының 115 адамның аттары жазылған.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Атамекен» ішкі бағдарламасын іске асыру мақсатында 2018 жылдың мамырында  төртінші мәрмәр тақтасы жасау және ашылуы жоспарланған. Сонымен қатар, келесі жылда балалар ойын алаңының құрылысы жоспарланған. Екі жоба жергілікті кәсіпкерлер есебінен іске асырылатын болады.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігің мерекелеу құрметіне Павлодар қаласы Салауатты өмір салты Медициналық орталығы қызметкерлері қатысуыменен Қазақстан халқы ұлттық тағамдар конкурсы өткізілді. Осы мәденитті іс-шара «Хакбар 24» телеарнасы тікелей эфирде баяндады.

Павлодар ауылында көпшілік және балалар кітапханалары жұмыс істейді, олардың кітап қоры тұрақты толықтырылып 11458 дана құрайды.  Жыл сайын кітапхана 4000 астам адамға қызмет көрсетеді.

2017 жылдың қарашасында әкім аппараты жергілікті кісіпкерлердің қолдауыменен 4 номинация бойынша үздік оқырман конкурсын өткізді.

СПОРТ. Ауылда  «Нұртас» балар-жасөспірімдер спорттық клубы жұмыс жасайды, онда футбол, шаңғы, хоккей, күрес, дойбы, тоғызқұмалақ, шахмат үйірмелері жұмыс жасайды (айында 500 бала қатысады). Қысқы уақытта ауыл тұрғындары кешеннің алдындағы кортта  хоккей ойнайды (30 адамнан астам).

Ауылда  жасанды жабындымен жабылған екі мини-футбол алаңы бар (600 адам қатысады).

2017 жылдың маусымында Павлодар ауылы әкімінің жүлдесіне футбол бойынша жарыс өткізілді, ал 2018 жылдың ақпанында хоккей бойынша өткізу жоспарланған.

ЖАСТАР САЯСАТЫ. Павлодар ауылында 14-29 жас аралығындағы жастар 877 адам құрайды.

Павлодар қаласының  №40 ОБМ-де  ауыл жастарының таланттарын қолдау және даму мақсатында  жыл сайын 30 үйірме, соның ішінде домбыра ансамбілі және вокалдық ансамбіл «Радуга» «Балауса» қалалық балалар шығармашылық конкурсының вокал бойынша лауреаты, «Акварель» облыс арасында атаққа ие болған би ансамбілі. 

2017 жылы бойы Павлодар ауылы жастары әр түрлі  флеш-мобтар «Мы –дружное село», «Мы за ЗОЖ», сонымен қатар жалғыз басты зейнеткерлерге көмек ұйымдастырды.

2017 жылдың қыркүйегінде ауылда «Жас Проект» жастар корпусының қолдауменен «Аружан» коррекциялық-дамыту орталығын ашу жобасы іске асырылды. Мұнда аулдың мүгедек-балалары логопед, дефектолог және ЕДТ массаж жасаушының мамандырылған  көмегін тегін алады. Осы жобаның қатысушылары Дүниежүзілік банкі Грантін үтіп алған болатын және «Павлодар  жергілікті басқару мектебі» қоғамдық қоры бойынша іске асырылады.

ҚҰҚЫҚ БҰЗЫШЫЛЫҚТЫ АЛДЫН АЛУ.  Ауылдық бекініс пунктінде  екі полиция учаскелік инспекторы және бір көмекші қызмет етеді. Бекініс пункт техникамен, телефонмен жабдықталған, қызметтік көлік бар.

Павлодар аулы аумағында  есеп беру мерзімінде 42 қылмыстық істер тіркелген, соның ішінде 18 қылмыстық іс ашылған.

Ал қалған ашылмаған қылмыстық істер бойынша Павлодар қаласының ІСБ ҚМ шұғыл іздестіру шаралары жалғасуда.

Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Павлодар ауылында «Қоғамдық тәртіптің күзетінде азаматтардың қатысуы туралы» 25 адам қоғамдық полиция көмекшілері бар. Бұл әкімшілік жұмыскерлер, мектеп мұғалімдері және белсеңді ауыл адамдары.

Тұрақты жастардың бос уақыты сапасын бақылау мақсатында,  кәмелетке толмағандардын түнгі уақытта көшелерде болуына, сонымен қатар ауылдың сату орындарында кәмелетке толмағандарға алкогольды және темекі өнімдерін сатуға тиым салу туралы  қабылданған нормативті-құқықтық актілерді орындауын жастар жие жиналатын жерлерге рейдтік іс-шаралар жүргізіледі. Мал ұрлау фактілері 4, оның 3 ашылған.

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕСУ. Павлодар қаласының  2015-2017  жылдары сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдары жасырынды экономикаға қарсы іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында «Павлодар ауылының әкім аппараты» ММ жемқорлыққа қарсы, ауыл әкімімен бекітілген Жоспар құрастырылды.

Ай сайын ауыл әкім аппаратында қабылданған актілердің көшірмелері Павлодар қаласының прокуратурасына жолданады.

АЗАМАТТАРДЫҢ ЖОЛДАНЫМЫ. 2017  жылы «Павлодар ауылы әкімі аппараты» ММ-де 125 (2016 ж. -196) өтініш түсті. Осы өтініштері бақылауға алынып, заңнамаға сәйкес мерзімдерге жауаптары берілді.

Ең көп өтініштер жер пайдалану сұрақтары бойынша - 84 (2016 ж.-177), тұрғын үй- коммуналдық – 22 (2016 ж.-11),  әкімшілік-аймақтық бөлінуі -9 (2016 ж.- 0) және басқалар.

2017 жылдың 23 қаңтарында  ауыл әкімінің есеп беру кездесуінде 4 өтініш түсті, олардың  біреуіне  кездесу кезіңде түсіндіру берілді, үшеуі бақылауға алынып іске асырылды.

Әкім аппараты ғимаратында лауазымдық тұлғалардың заңсыз әрекеттеріне азаматтардың өтініштері мен жүгінулері үшін сенім қорабы орналасқан, мемлекеттік қызметкерлердің Әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) мен азаматтарды қабылдау кестесі ілінген.

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР.  Регламентке сәйкес «Павлодар ауылы әкімі аппараты» ММ-де 8 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.  Оның ішінде «Оқушыларды тегін тасымалдауды қамтамасыз ету» мемлекеттік қызмет бойынша- 17 (2016 ж. -13),  «Қосалқы шаруашылық туралы анықтама беру»- 106 (154), «Сауда (конкурс, аукцион) қажет етпейтін мемлекеттік меншігіндегі жер телімдеріне құқық алу» - 75.

«Қолжетімді әкімдік» жобасын іске асыру шеңберінде «Павлодар ауылы әкімінің аппараты» ММ ғимаратының бірінші қабатында қызмет алушыларға «электрондық үкімет» порталына қолжетімдігі үшін қажетті ұйымдастыру техникасымен (интренетпен қамтамасыз етілген компьютер, сканер, принтер) жабдықталды.