ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ

ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Версия для слабовидящих

Павлодар қаласының шекарасы шегінде қалалық қоғамдық көлікте (трамвайларда, автобустарда) жолаушылар мен багажды тұрақты автомобильмен тасымалдауға бірыңғай тарифті келісу туралы

2018-01-22 12:07:10 Мәслихат шешімдері

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасының «Автомобиль көлігі туралы» Заңының 19-бабының 5 тармағына сәйкес, Павлодар қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:

  1. Павлодар қаласының шекарасы шегінде жолаушылар мен багажды тұрақты автомобильмен тасымалдауға орташаландырылған бірыңғай тарифі трамвайларда, автобустарда 80 (сексен) теңге, жасы бойынша зейнеткерлерге (белгіленген тариф арасындағы бір жол жүру үшін 40 теңге (жеңілдік) айырмашылықты және осы санаттағы азаматтарды тасымалдаудың нақты шығындарын жергілікті бюджет есебінен өтеу бойынша бағдарламаға сәйкес) автобус пен трамвайда бір жол жүру үшін 2 топ мүгедектері және ата-ана қамқорлығынсыз қалған жетім балаларды (23 жасқа дейінгі) тасымалдау үшін тегін және 40 теңге көлемінде келісілсін.

  2. «Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ тасымалдаушылардың Қазақстан Республикасының «Автомобиль көлігі туралы» Заңын орындауын бақылауды қамтамасыз ету ұсынылсын.

 

 

Сессия төрағасы,

мәслихат хатшысының м.а. М. Айтышев

Прочитано: 871 раз