ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ

ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Версия для слабовидящих

АУЫЛДАРДЫҢ, КЕНТТІҢ ЖӘНЕ АУЫЛДЫҚ ОКРУГТІҢ 2018-2020 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН БЮДЖЕТТЕРІ ТУРАЛЫ

2018-01-24 09:58:44 Мәслихат шешімдері

6

31-кезектен тыс

№ 227/31

2017 жылғы 29 желтоқсан

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 73-1 бабына,  Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 – бабы 1 - тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Павлодар қалалық мәслихаты  ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Ленин кентінің 2018 - 2020 жылдарға арналған бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 - қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2018 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 240 906 мың теңге, соның ішінде:

салықтық түсімдер бойынша – 22 682 мың теңге;

трансферттер түсімдері бойынша – 218 224 мың теңге;

2) шығындар – 240 906 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – нөлге тең;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – нөлге тең;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – нөлге тең;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –нөлге тең.

2. Кенжекөл ауылдық округінің 2018 - 2020 жылдарға арналған бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 - қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2018 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 187 819 мың теңге, соның ішінде:

салықтық түсімдер бойынша – 21 661 мың теңге;

трансферттер түсімдері бойынша – 166 158 мың теңге;

2) шығындар – 187 819 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – нөлге тең;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – нөлге тең;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – нөлге тең;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –нөлге тең.

3. Павлодар ауылының 2018 - 2020 жылдарға арналған бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 - қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2018 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 143 525 мың теңге, соның ішінде:

салықтық түсімдер бойынша – 24 599 мың теңге;

трансферттер түсімдері бойынша – 118 926 мың теңге;

2) шығындар – 143 525 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – нөлге тең;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – нөлге тең;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – нөлге тең;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –   нөлге тең.

4. Жетекші ауылының 2018 - 2020 жылдарға арналған бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 - қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2018 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 102 429 мың теңге, соның ішінде:

салықтық түсімдер бойынша – 6 730 мың теңге;

трансферттер түсімдері бойынша – 95 699 мың теңге;

2) шығындар – 102 429 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – нөлге тең;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – нөлге тең;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – нөлге тең;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –  нөлге тең.

5. Ауылдардың, кенттің және ауылдық округтің 2018 жылға арналған бюджетінде Павлодар қалалық бюджетінен берілетін субвенциялардың жалпы 584 007 мың теңге сомасында көлемі ескерілсін:

Павлодар ауылы - 115 176 мың теңге;

Жетекші ауылы - 91 949 мың теңге;

Кенжекөл ауылдық округі - 162 408 мың теңге;

Ленин кенті - 214 474 мың теңге.

6. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елдi мекендерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын мамандардың мөлшерлемелерімен салыстырғанда кемiнде жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгiленсін.

7. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

8. Осы шешім 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Сессия төрайымы                                                   С. Айтқазина

Қалалық мәслихаттың хатшысы                         З. Мұқашева

 

 

 

Прочитано: 921 раз