ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

2018-01-25 18:25:05 Қала жаңалықтары
ПАВЛОДАРДА ЖЕР ТЕЛІМДЕРІНІҢ ЖАЛДАУ ҚҰҚЫҒЫН САТУ БОЙЫНША БИЫЛҒЫ ЖЫЛДЫҢ АЛҒАШҚЫ АУКЦИОНЫ ӨТКІЗІЛДІ

Ағымдағы жылдың қаңтар айында «Павлодар қаласы жер қатынастары бөлімі» ММ-мен ағылшын  әдісі бойынша (өсу бойынша) мемлекеттік меншіктегі жер телімдерінің жалдау құқығын сату бойынша және пайдалануға берілмеген жер телімдеріне аукцион өткізілді. Аталмыш шара «Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жер қатынастары саласындағы 100 нақты қадам бес институционалды реформасын жүзеге асыру бойынша» 2015-2017 жылдарға арналған шаралар жоспарын орындау мақсатында өткізілді.

Сонымен, саудаға жалпы бастапқы бағалары 9 982 092 теңгемен 18 жер телімі қойылды. Қорытындысы бойынша  жалпы құны 13,0 млн. теңгеге  15 жер телімі сатылды.

Өткізілген сауда-саттық қорытындылары бойынша сатылған 2 әлеуметтік-мәдени бағыттағы жер телімдерін атап өтуге болады, олар:

- қалалық ойын-сауық орталығы аумағындағы аквапаркке қызмет көрсету және құрылысы;

- саяжай және ауыл шаруашылық өнімдерін сатуға үшін сауда павильонын ораналастыру және қызмет көрсетуге арналған, ол ұзақ уақыт бойы қараусыз қалған және тиісті санитарлық жағдайлар сәйкес келмей келген.

Толықтай алғанда, ағымдағы жылы шамамен 8-9 аукцион өткізіледі деп жоспарлануда.