ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ

ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Версия для слабовидящих
2018-01-26 17:24:46 Қала жаңалықтары
ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ПАВЛОДАР АУЫЛЫНДАҒЫ ЕСЕП БЕРУ КЕЗДЕСУІ

Павлодар қаласы әкімінің кезекті есеп беру кездесуі Павлодар ауылының тұрғындарымен өтті. Нұржан Әшімбетов ауыл тұрғындарын өткен жылдағы қаланың даму қорытындыларымен және 2018 жылғы тың жоспарлармен таныстырды.

Кедесуге қалалық мәслихаттың хатшысы Зәуреш Мукашева, облыс әкімі аппаратының инспекторы Мұрат Абилдинов, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Мақсат Тұрлыбаев және қалалық мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.

Сонымен қатар ауыл әкімі Аждар Жүсіповтің де есебін тыңдауға шамамен 160-қа таяу ауыл тұрғыны келді.

- Өткен жылы Павлодар ауылында бірқатар маңызды сұрақтардың түйіні шешілді. Олардың бірқатарын атайтын болсақ ауылда бес көшенің жолындағы ой-шұңқырларына жөндеу жұмыстары жүргізілді, еріген ағын суларды Ертіс өзенінің алқабына ағызу үшін ұзындығы 130 метр су ағызу құбырын салу жұмыстары жүргізілді, бірқатар бизнес нысандары ашылды.

Және де  Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында өткен жылы 65-тен аса түрлі әлеуметтік маңызды шаралар өткізілді. Өткен жылдың қазан айында ашылған Даңқ ескерткіші ерекше атауға болады, өйткені дәл сондай архитектуралық ескерткіштер Павлодар ауылында бұрын болған емес. Ескерткішке ҰОС қатысқан 115 ауыл тұрғынының есімі енгізілді, -деп ауыл әкімі баяндап берді.

Есеп беру кездесуде ауыл тұрғындары өздерін мазалаған сұрақтарын қойды. Мәселен, ауылды аббаттандыру, сумен қамтамасыз ету жобаларын жүзеге асыру, ИЖС ауданындағы қосалқы станциясы жолының құрылысы, мәдениет үйі және денешынықтыру кешенінің құрылысы, жер телімдерін бөлу және Павлодар ауылының әкімшілік-территориялық аумағының өзгеруі туралы.

Барлық сұрақтар бойынша түсініктемелер беріліп, кейбіреуін болашақта қарастырып және орындау үшін бақылауға алынды.

 

Прочитано: 1586 раз