ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ АУМАҒЫН ДАМЫТУДЫҢ 2016-2020 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМАСЫН МОНИТОРИНГІЛЕУ БОЙЫНША 2017 ЖЫЛДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША ЖЕДЕЛ ЕСЕП-ҚИСАПҚА ТАЛДАМАЛЫҚ ЖАЗБАХАТ

2018-01-31 18:16:15 АУМАҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

2017 жылдың қорытындысы бойынша қалалық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар ұсынған жедел есеп-қисап негізінде Бағдарламаның іске асырылу барысына мониторинг жүргізілді.

1-бағыт: Экономика

Аталған бағыт бойынша Бағдарламада 4 мақсат, 21 нысаналы индикатор қарастырылған.

 Мақсаты: Экономиканың басымды секторларын дамыту

2017 жылғы қаңтар-желтоқсан ішінде өнеркәсіпте 671,0 млрд. теңгеге өнім өндірілді, нақты көлем индексі 106,3%-ды құрады (бұдан әрі -  НКИ), соның ішінде:

- тау-кен өндіру өнеркәсібінде 1021,4 млн. теңгеге өнім өндірілді, НКИ 134,4%-ды құрады;

- өңдеу өнеркәсібінде өндірілген өнім көлемі 606,2 млрд. теңгені құрады, НКИ – 105,9%;

Мақсаты: Қаланың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, агроөнеркәсіптік кешен салаларының бәсекеге қабілеттілігін арттыру

Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестициялардың нақты көлем индексі – 33,9 %.

Ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдейтін кәсіпорындармен тамақ өнімдерін өндіру өткен жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 6,2%-ға ұлғайды, соның ішінде сұйық өңделген сүт және кілегей өндірісі - 8,1%-ға, сыр және ірімшік - 25,2%-ға, ұн - 13,9%-ға ұлғайды.

2017 жылы жалпы құны 730 млн. теңгеден асатын жобалар іске асырылды:

- «Сүт» АҚ - «Президент» маркалы сары май өндіру, қуаты жылына 1000 тонна;

- «Молком Павлодар» ЖШС – сүт цехын жаңғырту (ірімшік өндіру желісі);

- «Молком Павлодар» ЖШС – өндірісті кеңейту (ПЭТ бөтелкелерге сүт өнімін құю желісін іске қосу).

- "Иртышские мельницы" ЖШС  – дәнді және бұршақ дақылдар өндіретін зауытты жаңғырту;

- «Группа Интер» ЖШС - 5,5 мың тонна астықты сақтайтын элеватор салу.

Мақсаты: Еркін бәсекелестікті дамыту және тауарлар мен қызметтер нарығында тең қолжетімділікті қамтамасыз ету жолымен бизнестің экономикалық белсенділігінің өсуі үшін қолайлы орта құру, ішкі сауданың тиімділігін арттыру, сауданың тұрақты дамуы үшін жағдайлар жасау

2017 жылғы қаңтар-желтоқсан ішінде шағын және орта кәсіпкерліктің жұмыс істейтін субъектілерінің саны 2016 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 3,2%-ға ұлғайып, 23,9 мың бірлікті құрады.

Осы салады жұмыспен қамтылғандардың саны  5,7%-ға ұлғайып, 76,3 мың адамды құрады.

«Бизнестің жол картасы - 2020» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде қалада дерлік 5,0 млрд. теңге сомаға 93 жоба мақұлданды, соның ішінде:

- кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға - 3752,3 млн. теңге сомаға 61 жоба;

- ішінара кепілдендіруге 205,3 млн. теңге сомаға 25 жоба;

- гранттық қаржыландыруға 130,0 млн. теңге сомаға  6 жоба;

- өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды жеткізуге 895 млн. теңге.

Халықтың сатып алушылық қабілетін сипаттайтын көрсеткіштердің бірі  бөлшек тауар айналымы болып табылады. Есепті кезеңнің қорытындысы бойынша ол 231,9 млрд. теңгені немесе 2016 жылғы тиісті деңгейге қарағанда 101,0%-ды құрады. Тұтынушылық бағалар индексі 107,7 %-ды құрады.

Қаланың тұтынушылық нарығында бағаны тұрақтандыру және оның негізсіз өсуін болдырмау үшін өңірдің өндірушілерімен, сондай-ақ көтерме және бөлшек желімен жасалған 12 Меморандум әрекет етеді. Бұған қоса, 30 «әлеуметтік» дүкен жұмыс істейді, оның ішінен 2 дүкен ауылдарда орналасқан.

Әлеуметтік маңызы бар тамақ өнімдеріне бағаны ұстау, жұмыс істеп тұрған базарларға бәсекелес орта құру үшін, сондай-ақ өндірушіден тікелей сатуды ұйымдастыру үшін апта сайынғы негізде 2017 жылы 50-ден аса ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өткізілді, онда 1,0 млрд.теңгеден астам сомаға өнім сатылды.

Мақсаты: Өңірлік инновациялық жүйені дамыту. Инвестициялық климатты жақсарту

Негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі қала бойынша 2017 жылғы қаңтар-желтоқсан ішінде 215,6 млрд. теңгені немесе 2016 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 131,7%-ды құрады.

Инвестициялар құрылымында ең көп үлес салмағын кәсіпорындар мен ұйымдардың меншікті қаражаты алады – 86,5%, бюджет қаражатының үлесі 8,7%-ды, қарыз қаражатының үлесі 4,8%-ды құрады.

Индустрияландыру картасы және Кәсіпкерлікті қолдау картасы шеңберінде 2017 жылы 261 жұмыс орнын ашумен жалпы 193,1 млрд. теңге  сомаға 4 инвестициялық жоба іске қосылды, соның ішінде:

- «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС - «ПМХЗ жаңғырту», инвестициялардың жалпы көлемі 180,0 млрд. теңге, қуаты жылына 5,1 млн.тонна шикі мұнай, шығарылатын өнімнің сапасын Еуро-4, Еуро-5 стандартына дейін жеткізу;

- «Evooil Kazakhstan» ЖШС – «Майлайтын материалдар өндіретін кешен салу (1-кезең)», инвестициялардың жалпы көлемі 0,4 млрд. теңге, қуаты жылына 9,6 мың тонна дайын өнім;

- «Giessenhaus» ЖШС - «Қоспалы алюминий өндірісін ұйымдастыру», инвестиция көлемі 4,9 млрд. теңге, жоба қуаты жылына 36,0 мың тонна қоспалы алюминий;

- «КиК Павлодар» ЖШС -  «Жеңіл балқытылатын автомобиль доңғалақтарын шығару», инвестиция көлемі 7,8 млрд. теңге, қуаты жылына 1,0 млн.дискі.

2-бағыт: Әлеуметтік сала

Аталған бағыт бойынша 9 мақсат, 26 нысаналы индикатор қарастырылған.

Мақсаты: Білім берудің сапасы мен қолжетімділігін жақсарту

Павлодар қаласының білім беру жүйесі әлеуметтік сектордың базалық са-лаларының бірі болып табылады.

Қаланың білім беру жүйесі 138 мемлекеттік және мемлекеттік емес білім беру ұйымымен көрсетілген. Оның ішінде  44 мемлекеттік жалпы білім беретін мектеп (соның ішінде ҚАЖ жанында 2 мектеп), 1 оқу-өндірістік комбинат, 12  қосымша білім беру ұйымы, 72 мемлекеттік мектепке дейінгі ұйым (соның ішінде ауылдық округтердің әкімдіктерімен қаржыландырылатын 5 ұйым) және 9 мемлекеттік емес мектептен тыс ұйым.

Жалпы білім беретін мектеп оқушыларының контингенті  40325 адамды құрайды, мектепке дейінгі балалар ұйымдарының тәрбиеленушілері  - 20119.

Педагогикалық қызметкерлердің жалпы саны 7035 адамды құрайды, оның ішінен мектепте жұмыс істейтіндері 4325, МБМ – 2275, мектептен тыс ұйымдарда – 453. Жоғары білімді мұғалімдердің үлесі - 91 %, жоғары және бірінші санаттағылар -  68,8%.

Қаланың барлық мектептері компьютерлік техникамен қамтылған. Мектептердің компьютерлік паркі 5 мыңнан аса бірліктен тұрады. Мектептерде бір компьютерге 6,8 оқушыдан келеді.

Мектептердің жаңа модификациядағы кабинеттермен қамтамасыз етілу көрсеткіші келесіні құрайды: физика – 78,6%, химия - 92,9%, биология кабинеттерімен – 88,8%.

Мектептер 385 интерактивті тақтамен және 40 лингафонды-мультимедиялық кабинетпен жабдықталған, оның ішінде 24 - жаңа модификациядағы.

Барлық мектептер кең жолақты интернетке қосылған (100%), оның ішінен ауылдық – 4. 4 Мб/сек басталатын жылдамдықпен Интернетке қол жеткізген - 1 мектеп, 10 Мб/сек асатын жылдамдықпен - 41 мектеп.

Барлық жалпы білім беретін білім беру ұйымдары «BilimLаnd» білім беру платформасы» (БілімЛэнд), «iTest» (айтест) ҰБТ-ға дайындық бағдарламасы бойынша виртуалды оқыту кешені және «iMektep» (аймектеп) - аудиовизуалды туынды – анимациялық фильм оқыту порталдарына қосылған. Қаланың барлық мектептері «Күнделік» электрондық жүйесін пайдаланады.

Мақсаты: Әлеуметтік маңызы бар аурулардың ауыртпалығын төмендету арқылы халық денсаулығын жақсарту

Қаланың денсаулық сақтау жүйесі 16 медициналық мекемені қамтитын емдеу-алдын алу ұйымдарының желісімен көрсетілген.

Қала бойынша өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда туберкулезбен сырқаттану көрсеткіштерінің 22,2 %-ға (100 мың тұрғынға шаққанда 50,0), қатерлі ісік өскіндерімен сырқаттану көрсеткіштерінің  0,4%-ға (100 мың тұрғынға шаққанда 373,5) төмендегені байқалады.

Қатерлі өкпе өскіндері салдарынан 1 ана өлімі тіркелді. Акушерлік қан кету, септикалық босанудан кейінгі, отадан кейінгі асқыну жағдайларын бақылау бойынша ішкі аудит жұмысы күшейтілді, босандыру мен балалық шақтың өзекті мәселелері бойынша медициналық қызметкерлерді үздіксіз оқыту жалғасып жатыр.

Жүректің ишемиялық ауруынан болатын өлім-жітім көрсеткіштерінің 16,6%-ға және жіті миокард инфарктынан болатын өлім-жітім көрсеткіштерінің 19,2%-ға төмендеу негізінде ми қан айналымының күрт бұзылуынан болатын өлім-жітімнің 8,8 %-ға өскені байқалады. Ауруларды ерте сатысында анықтау мақсатында мемлекеттік-жеке меншік әріптестік шеңберінде 2017 жылғы желтоқсанда №1 қалалық ауруханаға 122,0 млн.теңге сомаға компьютерлік томограф сатып алынды.

Қаланың  7 денсаулық сақтау  нысанына 248,8 млн. теңге сомаға күрделі жөндеу жүргізілді. 200 төсек-орынға арналған облыстық онкологиялық диспансер және ауысымына 100 адам қабылдайтын емхана құрылысы жүріп жатыр, 788,9 млн. теңге бөлінді.

Мақсаты: Қала халқын әлеуметтік қорғаудың тиімді жүйесін қалыптастыру

Жұмыспен қамту органдарына жұмысқа орналасу мәселелері бойынша 9251 азамат жүгінді. Ресми тіркелген жұмыссыздардың саны 2017 жылдың соңына - 1368 адам, тіркелген жұмыссыздық деңгейі 0,7%-ды құрады.

6246 азаматқа жұмысқа орналасуға жәрдем көрсетілді, соның ішінде 4487 адам тұрақты жұмыс орындарына, 593 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 252 түлек жастар практикасына, 914 адам қоғамдық жұмыстарға орналастырылды.

Жүгінген азаматтарды жұмысқа орналастыру деңгейі 67,5%-ды құрады.

Есепті  жыл  ішінде 2945 жаңа жұмыс орны немесе жоспардың 100%-ы ашылды (2503 – тұрақты, 442 – уақытша). Ашылған жұмыс орындарының жалпы санындағы тұрақты жұмыс орындарының үлесі 85%-ды құрады.

Қалада Жұмыспен қамту орталығы ашылды, ол күніне 300-ге дейін адам қабылдауға дайын. Халыққа қолайлы болу үшін жаңа орталықта электронды кезек, жұмыс берушілерді қолдау залы және жұмыс істеп, оқып, микрокредит алғысы келетіндерге  - ізденушілерді қолдау залы қарастырылған. «Электронды еңбек биржасы» ААЖ енгізілді.

Үш бағыт бойынша «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасы іске асырылып жатыр:

- «Бағдарлама қатысушыларын техникалық және кәсіби біліммен және қысқа мерзімді кәсіби оқытумен қамтамасыз ету» бірінші бағыты бойынша 564 адам қысқа мерзімді кәсіби оқытуға, 231 адам  техникалық және кәсіби біліммен кадрларды даярлауға жіберілді.

- «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» екінші бағыты бойынша 24 адам кәсіпкерлік негіздері бойынша оқытудан өтті, 19 қатысушы 220,0 млн. теңге сомаға микрокредит алды.

- «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» үшінші бағыты бойынша 7708 адам немесе жүгінген азаматтар санының 83,3%-ы жұмыспен қамтылуға жәрдемдесу шараларымен қамтылды.

Мақсаты: Мәдениет саласын дамыту

Қалада мәдени-демалыс жұмысы шеңберінде мәдени құндылықтарды өркендету, дамыту, сақтау және насихаттауға  бағытталған 1200-ден аса іс-шара өткізілді, оған 500 мыңнан аса адам қатысты.

«Ұлы Дала Елі» фестивалі, «Әнім шарықта» телевизиялық музыкалық жобасы сияқты іс-шаралар өткізілді, қаланың шығармашылық ұжымдары 3 республикалық және 7 халықаралық конкурсқа қатысып, 1 және 2 дәрежелі лауреаттар атанды.

Қаланың 15 кітапханасында ХҚКО қызметкерлерін тарта отырып, электрондық мемлекеттік қызметтерді дербес алу мүмкіндігі енгізіліп жатыр.

Өткізілетін мәдени іс-шаралардың сапасын жақсарту үшін Естай атындағы ҚМС-ға жарық-диодты экран, жарық және дыбыс жабдығы,  Қалалық ойын-сауық  орталығына  дыбыс жабдығы, Қ.Әбусейітов атындағы МДО мен «Колос» МДО-ға музыкалық жабдықтың екі жиынтығы сатып алынды.

Мәдениет саласындағы қызметтерді ұсыну жағдайларын жақсарту мақсатында Суворов көшесі, 2 бойындағы кітапхана ғимаратының жұмсақ жабындысына жөндеу жүргізілді, Байдала ауылындағы ауылдық клуб жөнделді.

Мақсаты: Бұқаралық спортты дамыту

2017 жылы  400 спорттық-бұқаралық және дене шынықтыру-сауықтыру іс-шарасы өткізілді, оған 33 мыңнан аса салауатты өмір салтын сүюші спорттың 55 түрі бойынша қатысты. Дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде шұғылданатын барлық жастағы тұрғындарды қамту 30,2%-ды құрайды.

Дене шынықтырумен және спортпен жаппай шұғылдану үшін қала тұрғындарына 1130 спорт имараты ұсынылған. Қалада  32 олимпиадалық, 37 олимпиадалық емес, 4 ұлттық, 3 техникалық және 13 мүгедектер спорт түрлері таратылады.

Жазғы кезеңде 184 спорт алаңы жұмыс істейді, соның ішінде баскетбол, волейбол және теннис ойындарына 85 алаң, 7  әмбебап инклюзивті спорт алаңы, 42 стрит-воркаут жиынтығы, көшелік күшті жаттығу құрылғылары, сондай-ақ 50 шағын футбол алаңы.

Халықты сауықтыру үшін қысқы кезеңде қалада 65-тен аса мұз айдыны, «Зеленая Роща», «Ертіс» шаңғы базалары, спорт мүкәммалын жалға беру пунктері жұмыс істейді.

Мақсаты: Туристік индустрияны дамыту

Павлодар қаласының аумағында Қазақстанның денсаулық сақтау орны «Мойылды» санаторийі, сондай-ақ  «Ағарту» санаторлық профилакторийі, Ертіс өзенінің алқабы, «Гусиный перелет» табиғи ескерткіші бар.

Қаланың инфрақұрылымы және мәдени-тарихи әлеуеті жақсы өзіндік қала ретінде қызықты болып табылатын, өңірдің туристік орталығы болуға барлық мүмкіндіктері бар.

Мақсаты: Мемлекеттік тіл саясатын тиімді іске асыруды арттыру

Қаланың мемлекеттік тіл саясаты мемлекеттік тілді барлық қызмет салаларында қолдануды кеңейтуге және қаланың лингвистикалық капиталын сақтауға бағытталған.

48 қазақ тілі кабинетінде әртүрлі санаттағы 10 мыңнан аса маман оқытылады. Ұйымдар мен кәсіпорындар жанында осындай кабинеттердің саны жыл сайын ұлғайып келеді.

Мемлекеттік тілде оқытатын және тәрбиелейтін балабақшалар мен мектептер желісін кеңейту жұмысы жүргізіліп жатыр.

Тілдерді дамыту жоспарына сәйкес мәдениеттер мен тілдерді біріктіруге, өзара байытуға, тілдік әр алуандылықты сақтауға ықпал ететін фестивальдар, конкурстар және басқа іс-шаралар өткізіледі.

3-бағыт: Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп

Аталған бағыт бойынша 1 мақсат, 6 нысаналы индикатор қарастырылған.

Мақсаты:  Қоғамдық қауіпсіздікті және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету

Жыл бойы құқық бұзушылықтардың алдын-алу, заңдылықты сақтау және азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау саласында мақсатқа бағытталған жүйелі жұмыс жүргізілді.

Қоғамдық орындарда және көшелерде криминогендік жағдайды жақсарту мақсатында, қоғамдық тәртіпті қорғау қызметіне күн сайын жол-патрульдік полиция батальонының 160 полицейі, 75 учаскелік полиция инспекторы, әскери бөлімнің 130 әскери қызметшісі шығады.

Атқарылған жұмыс нәтижесінде, қылмыстардың жалпы санының 27,8%-ға төмендегені байқалады, көшеде жасалған қылмыстардың үлес салмағы 19,0%-ды құрады.

Бұзақылық 74,6%-ға, қарақшылық 48%-ға, қорқытып алушылық 40%-ға, тонау 37,3%-ға, бөтеннің мүлкін ұрлау 36,1%-ға, алаяқтық 19,9%-ға аз жасалды.

Құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін қала көшелерінде 117 камера арқылы бейне-бақылау жүйелері қолданылады, олардың суреттері ІІБ-нің кезекші бөліміне шығарылады.

Нәтижесінде, бейне-бақылау жүйелерінің көмегімен қала бойынша 113 қылмыс ашылды, 12269 әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесілді.

Автомобиль жолдарында жолаушылар мен жүк тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілер арасында көліктік тәртіпті арттыру мақсатында  «Автобус» және «Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу іс-шаралары өткізілді.

4-бағыт: Инфрақұрылым

Аталған бағыт бойынша 4 мақсат, 11 нысаналы индикатор қарастырылған.

Мақсаты: Ақпараттық қоғам мен инновациялық экономикаға көшу үшін ақпараттық коммуникациялық технологияларды дамыту

«Қазақтелеком» АҚ облыстық телекоммуникациялар дирекциясымен қаланың қалалық және ауылдық телефон байланысын дамыту мен жаңғыртуға бағытталған жобаларды енгізу жұмыстары жүргізілді. «Қазақтелеком АҚ FTTH желілерін салу» жобасы бойынша абоненттердің TriplePlay (iD Net, iD TV, iD Phone) қызметтерін қосуға мүмкіндігі бар.

Мақсаты: Тұрғын үй қолжетімділігін дамыту

Құрылыс жұмыстарының көлемі 2017 жылғы қаңтар-желтоқсан ішінде 108,3 млрд. теңгені құрады, НКИ - 113,5%. Барлық қаржыландыру көздері есебінен тұрғын үй ғимараттарының жалпы ауданының 171,1 мың ш.м. пайдалануға берілді, бұл 2016 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 19,3 %-ға артық.

2017 жылдың басынан бері 1416 пәтерге арналған 11 көп қабатты тұрғын үй салынды.

Мақсаты: Көлік қызметтерінде экономика мен халықтың қажеттіліктерін толық көлемде қанағаттандыруға қабілетті көліктік-коммуникациялық кешенді дамыту

Жалпы ұзындығы 2,461 км (Ак. Бектуров көшесі, Теплов көшесі)                     2 қала жолы қайта жаңартылды.

Жалпы ұзындығы 15,7 км (№2, 16, 19 автожолы, Ж. Мұса көшесі, Пахомов көшесі, Парковая көшесі, Рылеев көшесі) қала көшелерінің, жолдар мен тротуарлардың 5 учаскесіне орташа жөндеу жүргізілді.

Мир көшесінен Торайғыров көшесіне дейінгі орамішілік жол жүру бөлігін абаттандыру жұмыстары аяқталды.

200,0 мыңнан аса шаршы метр ауданда қала көшелеріне, жолдар мен тротуарларға ағымдағы жөндеу жүргізілді, жеке меншік сектордың көшелерін топырақ жабындымен түзету жұмыстары орындалды.

180 мыңнан аса м2 ауданда 134 ауланы асфальттау жұмыстары, шұңқырларды жөндеу және қаланың 103 ауласында контейнерлік алаңдарды асфальттау орындалды.

Кутузов көшесін абаттандыру аяқталды (дерлік 14,0 мың м2 ауданда жаяу өтетін аймақтар орналастыру, 26,5 мыңнан аса м2 ауданда жол жүру бөлігі мен тротуарлардың асфальт-бетон жабындысын жөндеу, жарықтандыру және иллюминациялар, ғимараттардың қасбеттерін сырлау, көгалдандыру және суармалы су құбырын орналастыру, абаттандыру, бағдаршам объектілерін орнату орындалды, жаңа қазіргі заманғы аялдама павильондары, орындықтар және қоқыс тастайтын жәшіктер орнатылды).

Қалалық маршруттар бағыты бойынша тұрғындар тасымалдарына арналған үлкен класты 140 автобус (резервпен - 171), шағын А класты 286 автобус (резервпен - 333) жұмыс істейді. Қоғамдық автокөлік кәсіпорындарында барлығы жылжымалы құрамның 426 бірлігі бар (резервпен – 504).

Тәулік сайын автомобиль көлігімен 216 мыңға дейін қала тұрғындары мен келушілер тасымалданады. 

Жолаушылар мен багажды уақытылы автомобиль тасымалдары маршрут желісінің жалпы ұзындығы 632,7 км. құрайды.

Автобус маршруттарының ұзындығы саяжай маусымында 1,5 есеге ұлғаяды.

Мақсаты: Қаланың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын дамыту, тұтынушыларды сапалы коммуналдық қызметтермен, тіршілікті қамтамасыз ету жүйесінің қызмет ету сенімділігін қамтамасыз ету және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы қызметінің тиімділігін арттыру

Қаланың жылу желілерінің жалпы ұзындығы 691,9 км құрайды, оның ішінен 110,6 км - магистральдық, 280,6 км - орамішілік, 23,0 км – ыстық сумен жабдықтау желілері, оларға «Павлодар жылу желілері» ЖШС қызмет көрсетеді, 10,2 км – коммуналдық меншіктегі жылумен жабдықтау желілері және оларға бюджеттік қаражат есебінен қызмет көрсетіледі, 267,5 км – жеке меншік сектор желілері.

Ағымдағы жылы жылыту маусымына дайындық шеңберінде «Павлодар жылу желілері» ЖШС жалпы ұзындығы 9 512 метр (оның ішінен магистральдық желілер – 2 599 м, орамішілік желілер – 6 093 м, ЫСЖ – 148 м) жылу желілеріне күрделі жөндеу жүргізілді, сондай-ақ КСС 12 дана, ОЖП 21 дана жабдығы жөнделді.

Қаланың сумен жабдықтау және су бұру желілерінің жалпы ұзындығы 882,8 км құрайды. оның ішінен 457,59 км – сумен жабдықтау желілері, 345,22 км – су бұру желілері, олар «Павлодар-Водоканал» ЖШС-тің сенімгерлік басқаруында және 62,89 км – сумен жабдықтау желілері, 17,1 км – су бұру желілері, олар бюджеттік қаражат есебінен ұсталынады.

Есепті жылы «Павлодар-Водоканал» ЖШС жалпы ұзындығы 12 900 м. (оның ішінен сумен жабдықтау желілеріне – 10 600 м, су бұру желілеріне –  2 300 м) қайта жаңарту, жаңғырту және күрделі жөндеу жүргізілді.

Сондай-ақ, арнайы резерв қаражаты есебінен ТЖ желісі бойынша Лермонтов көшесі бойындағы бас кәріздік коллектордың 331 метр апатты учаскесін күрделі жөндеу іс-шаралары орындалды.

5-бағыт: Экология және жер ресурстары

Мақсаты: Қоғамның тіршілік әрекетіне қолайлы қоршаған ортаның сапасын  жақсарту

Өңірдің экологиялық жағдайын жақсарту үшін жыл сайын табиғатты қорғау іс-шаралары орындалады.

Экожүйенің жұмыс істеуін ұстау үшін Ертіс өзенінің алқабына көктемгі суды жіберу мониторингісі жүргізілді. Су жіберудің жалпы көлемі 7,63 су кубокилометрін құрады және 90,7% жайылма алқапқа немесе 307,2 мың га су жіберілді.

Қоршаған орта компоненттерінің сынаппен ластануын болдырмау үшін жыл сайын облыстың мемлекеттік мекемелерінен (мектептер, ауруханалар, мәдениет объектілері) құрамында сынап бар лампалар мен құралдарды жинау және жою бойынша іс-шаралар өткізіледі, 40,0 мың дана жиналып, жойылды.

Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын табиғатты қорғау іс-шаралары шеңберінде басқармамен Павлодар қаласының Солтүстік өнеркәсіп аймағы ауданында демеркуризациялық жұмыстар жүргізілген жерде жыл сайынғы мониторинг жүргізілді. Қоршаған орта объектілерінің жағдайын бағалау үшін 334 сынама іріктеліп алынды (атмосфералық ауа – 75 сынама, топырақ – 24 сынама, жер асты сулары – 219 сынама, жер үсті сулары – 16 сынама).

Өнеркәсіптік аймақтың ауа бассейнінің жағдайын бақылау бөлігінде облыстың өнеркәсіптік объектілерінің санитарлық-қорғау аймақтарының шекараларындағы атмосфералық ауаның ластануына мониторинг жүргізілді.

2017 жылы Мониторингілеу бағдарламасымен 11 кәсіпорын қамтылды: Қазақстан алюминийі; ЖЭО-1, ЖЭО-2, ЖЭО-3, KSP Steel, ПМХЗ, ҚЭЗ, АФЗ, ЕЭК, ЕЖЭО, Кастинг. Атмосфералық ауаның 7520 сынамасы іріктеліп алынды. Өлшеулер ауа-райы жағдайларын ескеріп, күндізгі және түнгі уақытта,  метеопараметрлерді және кәсіпорындардың жұмыс режимін тіркей отырып  жүргізілді.

Аталған мониторингілеу шеңберінде атмосфералық ауаны өлшеу Павлодар қаласы бойынша 5 бақылау орнында және Екібастұз бен Ақсу қалаларында бір-бірден жүргізілді.

Жоғарыда көрсетілген іс-шаралардың іске асырылуы антропогенді ықпалды төмендетуге, осылайша өңірдегі экологиялық жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді.

Осы бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр.

2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Павлодар қаласының мемлекеттік орман қоры аумағында орманмен жабылған ауданы 594 га құрады. Өткен жылмен салыстырғанда орманмен жабылған алқаптардың ауданы өзгеріссіз қалды.  

2017 жылы Павлодар қаласының мемлекеттік орман қоры аумағында отырғызылатын материалды сатып алуға қаржыландырудың болмауына байланысты орман дақылдары отырғызылған жоқ.

2017 жылы  Павлодар қаласының мемлекеттік орман қоры аумағында 9,93 га орман ауданында 3 өрт оқиғасы тіркелді. Бір орман өртінің орташа ауданы  3,31 га құрады. Өткен жылмен салыстырғанда 0,85 гектарға (2016 жыл – 2,46 га) ұлғайғаны байқалады, ол табиғи-климаттық жағдайлардың (құрғақ ыстық желді ауа-райы) салдарынан болды.

6-бағыт: Мемлекеттік қызметтер

Аталған бағыт бойынша 1 мақсат, 2 нысаналы индикатор қарастырылған.

Мақсаты: Электрондық форматта мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру

2017 жылы қала әкімінің халықпен 7 есепті кездесуі өткізілді, соның  барысында азаматтардың 173 ескертпесі мен ұсынысы айтылды. Оның ішінен 125-не кездесу барысында түсініктеме берілді, 48 өтініш бақылауға алынып, іске асырылды.

Павлодар қаласы әкімінің аппаратына жеке және заңды тұлғалардан 3265 өтініш келіп түсті, соның ішінде 491 – жеке қабылдауында қабылданды, 2774 – жазбаша.

Өтініштердің басым бөлігі тұрғын үй қатынастары және коммуналдық шаруашылық, сәулет және құрылыс (1974), әлеуметтік сала (592), жер қатынастары және жер пайдалану (499), кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы (137), қаржы және экономика (63) мәселелері бойынша келіп түсті.

Барлық өтініштер бақылауға алынды, өтініш иелеріне жауап берілді.

Қала әкімдігінің мемлекеттік мекемелері 97 мемлекеттік қызмет түрін көрсетті, барлығы 114,2  мың қызмет көрсетілді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары және мемлекеттік қызметтерді ұсынуға қатысты ақпарат Павлодар қаласы әкімдігінің интернет-ресурстарында орналастырылады және тұрақты түрде жаңартылып отырады.