ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ

ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Версия для слабовидящих
2018-02-01 17:51:00 Қала жаңалықтары
КҮНДЕЛІКТІ ҚАЛА КӨШЕДЕРІН ҚАР МЕН МҰЗДАН ТАЗАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Қаланы қалың қардан тазарту жұмыстары түнгі уақытта да жүргізіліп жатқанын қалалық ТҮКШ бөлімінде хабарлады. Осы уақытқа дейін Павлодарда 110 мыңнан астам тонна қар шығарылды. Көліктер тиелген қарды қалалық қоқысқа қарама-қарсы орналасқан полигонға шығарып жатыр. Ол толып қалған жағдайда Шарбақты көпірінің жанында орналасқан резервтегі орын бар.

- Қазіргі уақытта жол жиегіндегі жүргінші тас жолдарын қар мен мұздан тазарту жұмыстары күшейтіліп, назарға алынды. Күн сайын қала көшелерінде 32 тиегіш көліктер мен шамамен 110 бірлік әртүрлі модификациядағы автокөліктер жұмыс жасап, осы бағыттағы жұмыстар бойынша күніне 3-тен 7 тоннаға дейін қар шығарылады, - деп Павлодар қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің жолдарды жөндеу секторының меңгерушісі Николай Казанин мәлімдеді.

Прочитано: 1281 раз