ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

2018-02-02 17:06:08 ТЖ БАСҚАРМАСЫ ХАБАРЛАЙДЫ
ӨЗ АВТОКӨЛІГІНДІ ӨРТТЕН САҚТАУ!

Өрт бола қалса қандай іс-әрекеттер жасаукеректігіне  біреркеңестер:  жану басталып,  түтіннің шығуын байқап қалсаңыз, көлікті тез арада  жол жиегіне  тоқтату керек. Отты қурткамен немесе  басқа да затпен сөндіріп, уақытыңызды кетірмеңіз. Оған қоса жарақат алуыңыз да  мүмкін. Отты өртсөндіргішсіз сөндіремін деп бос әуреге түспеңіз. Егер от капоттың  астынаншықса, капоты қырынан таяқпен немесе монтировкамен  байқап ақырын ашу керек. Ашқан кезде өте сақ болған жөн, өйткені от жалындап кетуі мүмкін. Көлік астына төгілген жанармайды  сөндіру үшін өрт сөндіргішті қолданыңыз. Өрт сөндіргішті негізінен қатты жанып жатқан жерге бағыттаңыз.

Отқа брезент жабуға, құм, топырақшашуға, су құюға болады. Көліктің қалың өрт шалған жеріне пакетті суды күшпенлақтыру да тиімді. Өртті  май болған немесе бензин төгілген киімде сөндіруге болмайды. Көліктің қандай түрінде болсын  іске жарамды, қызмет көрсету мерзімі  шықпаған өрт сөндіргіш болуы міндетті. Болмаса жаңасын сатып алу немесе ескісін қайта толтыру кезі келген шығар. Уақыт өткен сайын көліктің электр сымдарының жай-күйін  және де басқа да өрт шығу қатері жоғары тетіктерін көзбен қарап тексеруді ұмытпаңыз. Қажет болса мамандарға жүгініңіз. Балаларды автокөлік салонында ата-анасының қарауынсыз қалдырмаңыздар. Сіріңке, от шырпыны көлікте ұстамаңыздар.

Автотұрақ бөлмелері мен  гараждарда:  жанар-жағар май багінен, жанар-жағар май өткізгіштерінен, карбюраторлардан майы ағып тұрған, сонымен қатар электр мен қамтамасыз ету жүйелері өшірілмеген автокөліктерді қоюға, электр сымдарын дәнекерлеусіз қосуға; автокөліктерді бояуға, мөлшерден тыс жанар-жағар май құюға; бөлшектерді оталғыш және жанатын сұйықтықтармен жууға; жөндеу жұмыстарын жүргізген кезде ашық от қолдануға  жол бермеу қажет.

 

Павлодар қаласы ТЖБ

ӨМББ бас маманы

азаматтық қорғау капитаны

А.Буркутбаев