ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

2018-02-06 18:28:37 Қала жаңалықтары
ҚАЛАЛЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ БӨЛІМІ ХАБАРЛАЙДЫ

Павлодар қаласында нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы белсенді түрде жүзеге асырылуда.

Қалалық жұмыспен қамту орталығы жұмысқа мұқтаж азаматтарды Ак. Бектұров көшесі, 115 мекенжайы бойынша орналасқан «Павлодар облысы Павлодар қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығы» КММ-не жүгінуге шақырады. Байланыс телефондары: 21-54-75, 21-54-82, 21-54-85.

- Қазіргі таңда азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс берушілерден бос жұмыс орындары бойынша 1896 өтініш келіп түсті, - деп қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде хабарлады.

Кәсіпорындардың 2018 жылы жұмыс күшіне қажеттілігі 8,0 мыңға дейін  жұмыс орынын құрамақ. Жастар тәжірибесі арқылы оқу бітірген түлектер 67 кәсіпорында 6 айлық жұмыспен қамтылды, бұл 255 жұмыс орыны. Ақпан айында ай сайын 16 759 мың теңге шәкіртақы тағайындалған 3 айлық қысқа мерзімді оқу курстары басталды.

Оқыту келесі мамандықтар арқылы жүзеге асырылады: полипропилен бұйымдарын тігу тігіншісі, автокөлік жүргізушісі, кассир-бақылаушы, аудармашы-іс жүргізуші, құрылысшы, жиһаз жинаушы, программист, мектепке дейінгі мекелерде тәрбиеші, слесарь-сантехник, токарь, газбен дәнекерлеуші, электромонтер, слесарь-жөндеуші, автокөлік жөндеуші, аспазшы, кондитер, көпірлі кран машинисі, автокөлік кранының машинісі және тағы басқалар. Оқыту қаладағы 8 оқу мекемесі базасында ұйымдастырылатын болады. Ал, орта білімі жоқ жастар үшін шәкіртақы тағайындалған кәсіптік және техикалық білім беру мекемелері базасында 1 жыл 10 ай мерзімі аралығында мамандық алуға болады, - деп «Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысының орынбасары Лариса Кузьменкова мәлімдеді.