ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ

ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Версия для слабовидящих
2018-02-12 17:39:51 Қала жаңалықтары
ПАВЛОДАР МЕКТЕПТЕРІНДЕ «ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ ЖОБАСЫ» БАСТАУ АЛДЫ

2018 жылға 12 ақпанда № 17 ЖОМ жобаның өскелең ұрпақтың экономикалық ой-өрісін қалыптастыру, қаржылық сауаттылыққа оқыту бойынша жобасын іске асыру басталу рәсімі өтті және «Қаржылық сауаттылық» бойынша арнайы кабинеттің ашылуы іске асырылады. Жобанын іске асыру басталу облыстық мәслихатының депутаты, экономика мен бюджет бойынша тұрақты комиссиясының төрайымы А. В. Бойчиннің бастамашылық етуімен Павлодар қаласының мектептерінде жұмысы басталды.

Жаңартылған білім беру мазмұны, жоғары сатыларда 10 - 11 сыныптарда оқытуды профилизациялау шеңберінде «Экономика және қаржылық сауаттылық» курсын енгізу көзделіп отыр. Халық банкі жобасының шеңберінде қаржылық сауаттылықты пилоттық енгізу жаңа бағамды енгізу үшін дайындық болып табылады. 

Банк саласының тәжірибелі мамандары таңдауы бойынша пән ретінде  қаржылық сауаттылық бойынша арнайы курсын таңдаған оқушыларға, практикалық курстар өткізеді.  

Курс 14 сағатқа шамаланған. Бағдарлама мазмұны тәжірибелі-бағдарланған сипатта, цифровизациялау жағдайында талап етілетін, өмірлік маңызды құзыреттерін қалыптастыруды игереді.

Бағдарламада оқушыларға кредиттік карталарды пайдалану, несие беру жағдайларын, мерзімді салымдар ашуды, түрлі төлемдерді онлайн-қызметтерде іске асыруды, кассалық және аудармалы операцияларды жүргізуді үйретуді болжайды.

Одан басқа, тәжірибелі-мамандар оқушыларды SMS-банкингтің басымдылығына, есеп шоттарын қашықтан пайдалануды, «myHalyk» мобильді қосымшаларын пайдалануды, Интернет желісінде есептесуді пайдалану мүмкіндіктерін үйрету міндеттерін іске асыруды көздеп отыр.

Бағдарламаны презентациялау барысында оқушылар теңге тарихынан, бірінші боп Павлодар облысында бастау алған,  Қазақстан Республикасының төлем карталарының пайда болуы туралы қызықты фактілермен таныстырылады, ақшаның түпнұсқалығын (шынайылығын) айыратын тәсілдер көрсетіледі. Курс бағдарламасының презентациясына ата-аналар шақырылды. Олардың назарына Халық банкінің оқушыларға төлем карталарын ашу бойынша ұсыныстары ұсынылды, осы төлем карталары бойынша балалар өз ата-аналарымен шектелген қаражат шегінде есеп айырысуды іске асырылады.

Бұл жоба қаланың 44 мектептерінде жүзеге асырылады деп күтілуде, аталған курстарда 8 - 11 сыныптардың 1050 оқушысы қамтылатын болады.

Прочитано: 973 раз