ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ

ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Версия для слабовидящих
2018-02-13 10:03:21 Қала жаңалықтары
МОЙЫЛДЫ АУЫЛЫНДА ШАХМАТ БОЙЫНША ТУРНИР ӨТТІ

Шахмат - бірегей білім беру құралы. Шахмат ойыны біздің еліміздің мектептік оқу бағдарламасына еңгізілгені кездейсоқтық емес. Себебі, шахмат ойнаушының математикалық қабілеттерін арттырып, логикалық ойлау және шыдамдылық қасиеттерін қалыптастыруға көмектеседі.

Біздің мектеп ауыл әкімдігімен бірлесе отырып Мойылды ауылы тұрғындары арасында шахматтық турнир өткізді. Шахмат турнирын өткізуге «Мойылды шипажай» АҚ көмек көрсетті – деп Мойылды ауылы шахмат үйірмесінің жетекшісі Бердімұрат Абдулрахман мәлімдеді.

Бұл турнир Павлодар облысының 80 жылдығына орайластырылды. Турнирге түрлі жастағы спортшылар қатысты. Жарыс дөңгелек жүйе бойынша өтті, онда ереже бойынша әрбір қатысушы 5 ойынға қатысуы шарт.

Турнирдің барлық қатысушылары мен жүлдегерлері мақтау қағазы мен медальдармен марапатталды. Турнирдің жеңімпазы жыл сайын сайыс жеңімпазына өтетін кубокты ұтып алды.

Прочитано: 1089 раз