ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

2018-02-14 09:13:37 Қала жаңалықтары
ҚАЛАЛЫҚ ӘКІМДІКТІҢ ӨКІЛДЕРІ ҰОС АРДАГЕРІН МЕРЕЙТОЙЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің өкілдері Ұлы Отан соғысының қатысушысы Антонина Басованы 95 жас мерейтойымен құттықтады. Әкімдіктің өкілдері Павлодар қаласы әкімінің құттықтау тілектерін жеткізіп және мерейтой иесіне естелік сыйлықтарын табыс етті.

- Бүгін біз қалыптасқан дәстүр бойынша тағы бір ҰОС ардегіріне қонаққа барып, осындай керемет күнімен құттықтап қайттық. Ең бастысы біз ардагерлерімізге мықты денсаулық және бүгінгі ұрпақтың бейбіт өмірі үшін шексіз алғысымызды білдіреміз, - деп жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің сектор меңгерушісі Ләззат Ахметжанова атап өтті.

Антонина Павловна Басова 1923 жылы 13 ақпан күні Мәскеу облысы Белоомут кентінде дүниеге келген.

Сол жерде мектепті бітіріп, қолөнер оқу орнына түсті. 1943 жылы өз еркімен майданға аттанды. 244-ші жеке зениттік дизионында қызмет етті, 2-ші Украин және Белоруссия майдандарындағы әскери іс-қимылдарға қатысты.

Соғысты Германияда «аға сержант» шенімен аяқтады.

Соғыстан кейін үйіне оралып, әскери адамға тұрмысқа шығып және жарының қызмет ету жеріне кетеді. 1953 жылы екеуі Қазақстанға тың игеруге жіберіледі.

1968 жылы Антонина Павловна отбасымен бірге Павлодарға көшіп келеді. Бұл жерде ол ағаш өңдеу комбинатына жұмысқа орналасып, осы жерден құрметті еңбек демалысына шығады. Қазір ұлымен және оның отбасымен бірге тұрып жатыр.

Отан соғысының II дәрежелі орденімен, «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медалімен, «Еңбек ардагері» және басқа да марапаттармен марапатталды.