ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ

ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Версия для слабовидящих

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР

2018-01-06 13:29:35 АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР

2010-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының үдемелі индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы туралы ақпараты

2010-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының үдемелі индустриалды – инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Павлодар қаласында 323,9 млрд. теңгемен, 5 293 жаңа жұмыс орындарын құрумен 42 инвестициялық жоба іске асырылады, оның ішінде:

- Республикалық Индустриалау картасында – 160,8 млрд.теңге сомасына, 150 жұмыс орындарын құрумен 1 инвестициялық жоба;

- Өңірлік Индустриалау картасында – 163,1 млрд.теңге сомасына, 5 143 жұмыс орындарын құрумен 41 инвестициялық жоба.

Үстіміздегі жылда 24,1 млрд. теңге жалпы сомасына, 770 жұмыс орындарын құрумен 8 инвестициялық жоба жоспарлануда.

2015-2017 жылдары 188,1 млрд. теңге жалпы сомасына, 1 557 жұмыс орындарын құрумен 8 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда.

ҮИИД бағдарламасын іске асырудан бастап 2010-2013 жылдары аралығында 111,5 млрд. теңге инвестиция көлемімен, 2 966 жұмыс орындарымен 26 инвестициялық жоба іске қосылды.Оның ішінде, 100 % жоспарлы қуаттылыққа 17 жоба шықты.

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде 2013 жылы 8454,5 млн. теңге жалпы сомасына 132 жоба мақұлданды, оның ішінде:

«Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау» 1-ші бағыты бойынша:

- «Пайыздық ставканы субсидиялау» 4962,9 млн. теңге сомасына 101 жоба мақұлданды;

- «Кепілдеме беру» 138,6 млн. теңге сомасына 10 жоба мақұлданып, кепілдеме берілді;

- «Өндірістік (индустриалы) инфрақұрылым дамыту» 458,2 млн. теңге жалпы сомасына 5 жоба мақұлданды.

Грантты қаржыландыру бойынша 33 млн. теңге сомасына 11 жоба мақұлданды.

«Валюталық тәуекелдерді төмендету» 3-ші бағыты шеңберінде 2861,3 млн. теңге сомасына 5 жоба мақұлданды.

«Кәсіпкерлік әлеуетін күшейту» 4-ші бағыты бойынша 961 кәсіпкерге сервистік қолдау көрсетілді.

2014 жылы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде банкілер несиелері бойынша пайыздық ставканы субсидиялау бойынша 650 млн. теңге жалпы сомасына 14 жоба мақұлданды.

Сонымен қатар «Экспорт 2020» және «Өнімділік 2020» бағдарламалары бойынша кәсіпорындарды жақын тарту бойынша жұмыс жүргізілуде.

2013 жылы  қаланың 2 (екі) экспортты кәсіпорындары 3,2 млн. теңге жалпы сомасына ішкі нарыққа өнімдерін шығару бойынша 50 %-ын өтеу түрінде қаржылай қолдау алды:

1. «Павлодармашина жасау зауыты»АҚ;

2. «Нефтехим ЛТД»ЖШС.

2014 жылы «Экспорт 2020» бағдарламасының әлеуетті қатысушылар тізімі анықталды:

1. «Нефтехим ЛТД»ЖШС компаниясы;

2. «Кэмми»ЖШС;

3. «Format Mach Company» ЖШС;

4. «Каустик»АҚ;

5. «Казтранскем»ЖШС;

6. «KazakhstanProject»ЖШС;

7. «Казахстанэлектролиззауыты»АҚ;

8. «Ромат»ЖШС ФК;

9. «Иртышские мельницы»ЖШС;

10. «Павлодар машина жасаузауыты»ЖШС;

«Өнімділік 2020» бағдарламасын іске асыру кезеңінен бастап 159,0 млн. теңге жалпы сомасына Павлодар қ. 4 кәсіпорындары қатысты:

1. «Format Mach Company» ЖШС;

2. «Павлодар машин жасау зауыты» АО;

3. «Нефтехим LTD» ЖШС;

4. «Ромат» ЖШС ФК.

2013 жылы 2,9 млн.теңге сомасына қаланың 2 кәсіпорындары өтінімдері мақұлданып, шығынның орны толтырылды:

- «Павлодармашина жасау зауыты»АҚ;

- «Нефтехим ЛТД»ЖШС.

Үстіміздегі жылда «Өнімділік 2020» бағдарламасына қатысу үшін жоспарланған әлеуетті қатысушылар тізімі анықталды:

1. «KazСтройПроект-ПВ» ЖШС;

2. «ALTECH» ЖШС;

3. АО «Сүт»;

4. Завод «Гофротара».

Прочитано: 1096 раз