ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ

ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Версия для слабовидящих
2018-03-02 16:48:10 Қала жаңалықтары
ҚР VII ҚЫСҚЫ УНИВЕРСИАДАҒА ҚАТЫСУ ҮШІН ЕКІ МЫҢҒА ЖУЫҚ СПОРТШЫ-СТУДЕНТТЕР ПАВЛОДАРҒА КЕЛДІ.

Ғаламат спорттық іс-шараның салтанатты ашылу рәсімі "Астана" мұз сарайында өтті. Қысқы студенттік ойындарға еліміздің 10-нан астам университетінен қатысушылар келді. Ашылу рәсімін ән мен би ұжымдары қатысуымен ауқымды жарықтық шоу әрлендірді.

Универсиада отын танымал павлодарлық спортшы Анна Шевченко жақты.

- Павлодар облысы үшін осындай үлкен делегацияны қабылдау үлкен мақтаныш. Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, сәттілік және ең мықтысы жеңсін, -деп Павлодар өңірінің аймақ басшысы Болат Бақауов спортшыларды құттықтады.

Дене шынықтыру және спорт басқармасының хабарлауынша, универсиада жарысының бірінші кезені төрт спорт түрі: шаңғы жарысы, қысқы президенттік көпсайыс, футзаул ерлер мен әйелдер арасында баскетбол (3x3) бойынша өтеді. Екінші кезеңде қазақ күресі, қысқы спорттық бағдарлау, армрестлинг, гир спорты, пауэрлифтинг бойынша жарыс өтеді

Универсиада 2018 жылдың 1-ші және 11-ші наурыз аралығында өтеді. Жарыс қорытындысы күн сайын жастар бастамаларын дамыту орталығында шығарылады.

 

Прочитано: 1177 раз