ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ

ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Версия для слабовидящих
2018-03-06 17:10:20 Қала жаңалықтары
«ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСА!» АҚЦИЯСЫНА ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАМЫЗ

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Атамекен» кіші бағдарламасы аясында 2018 жылдың 5 наурызынан маусым айына дейін облыста ҰОС қатысушыларына, мүгедектеріне және оларға теңестірілген тұлғаларға, тыл еңбеккерлеріне қар тазалау, үйлер мен пәтерлерді жөндеу, азық-түлік, дәрі-дәрмек және т.б. жеткізуге көмектесу бағытындағы «Жақсылық жаса!» жобасы іске қосылады.

Жобаның мақсаты азаматтарды қоғамдағы маңызды мәселелерді шешуге арналған белсенді әлеуметтік, қайырымдылық және еріктілік қызметтерге тарта отырып, олардың бойында туған өлкесі, мемлекеті, халқы алдындағы жауапкершілікті арттыруға жағдай жасау. Жобаны іске асыру 2018 жылдың наурыз айынан маусым айына дейін жоспарланған.

Жастар бірлестіктерін, еріктілер қозғалысын, ұйымдар мен кәсіпорындар басшыларын, қайырымдалақ жасаушылар, меценаттарды осы жобаға қатысуына шақырамыз.

Прочитано: 1131 раз