ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ

ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Версия для слабовидящих
2018-03-06 17:18:59 Қала жаңалықтары
БҮГІН ҚАЛАЛЫҚ МАСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫ № 66 БАҒЫТТАҒЫ АВТОБУСПЕН ЖОЛ ЖҮРІП КӨРДІ.

Қалалық маслихат депутаттары жолаушылар ағының, қызмет көрсету сапасы мен жайлылығын зерттеді. 66 бағыттағы автобус  қала ішінен Мойылды ауылына дейін жүреді. Күнделікті тасымалдау көлемі 1500 адамға жуық.

Алайда жергілікті тұрғындар депутаттарға жолаушылар тасымалы жұмысы бойынша наразылығын білдірді.

- Автобустар кейде жүрмейді, кейбір аялдамаларда тоқтамайды, сұрасан ғана тоқтайды, сұрамасан тоқтамайды. 18.40 уақытында үлкен автобус жіберу керек, себебі, осы уақытта қосымша автобус жүреді, ол кішкентай, – дейді Мойылды ауылының тұрғыны Роза Сатыбалдина.

66-шы бағыттағы автобустардың қозғалыс аралығы қала бойынша: 10-12 минут, Мойылды ауылына: бір екі сағатқа дейін. Күн сайын 11 рейс орындайды.

Халықтан түскен ескертулер әрине әр-түрлі. Ұсынымдар түрінде бар, тілектер де бар. Айтарлықтай үлкен бұзушылықтарды анықтаған жоқпыз. Автобус іші таза, егер бір автобус сынса, орнына басқа жіберіледі. Күнделікті автобуспен жүретін тұрғындар, қосымша бағыт енгізуі қажеттілігі туралы айтады. – деп хабарлады қалалық маслихатының депутаты Найля Ахметова.

Барлығын ойластырамыз, керек болса үлкен класты автобус жібереміз. Ал автобустардын кей аялдамаларда тоқтамайтыны жайлы, мұндай ақпарат түскен жоқ, мен бірнші рет естідім - дейді Сергей Тарасов, Павлодар қаласының № 1 автопаркінің жетекші инженері. Тасымалдаушылар айтылған ескертулерді ескеруге уәде берді. Ал қалалық маслихат депутаттары бақылауға ниетті.

 

Прочитано: 1352 раз