ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ

ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Версия для слабовидящих
2018-03-06 17:29:34 Қала жаңалықтары
ПАВЛОДАРДА «КӨКТЕМ-2018» РКШО ШЕҢБЕРІНДЕ АРНАЙЫ ОҚУ-ЖАТТЫҒУЛАР ӨТКІЗІЛДІ

Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігінің ұйымдық нұсқауларына сәйкес 2018 жылдың 5-6 наурыз аралығында «Көктем – 2018» Республикалық команда-штабтық оқу-жаттығулары өткізілді. Дайындық кезеңінде ТЖ аумақтық органдарының, азаматтық қорғаныс қызметтерінің күш-құралдарымен,ТЖ комиссисының қатысуымен «Көктемгі кезеңде төтенше жағдайларды жою кезінде АҚ және ТЖ қызметтерінің әрекеттік-құрылымдары», «Кенжекөл ауылдық округін су басу қаупі кезінде халықты эвакуациялау» тақырыбында арнайы-әдіс оқу жаттығулары өтті.

Павлодар қаласының Кенжекөл ауылдық аймағы ТАЖ өткізу орны болып анықталды. Шығыс Қазақстан облысының Ертіс су қоймалары каскадының жоғары су ағызу кезінде Елді мекеннің кейбір көшелері су басу аймағына түседі.

Орталық алаңда қалалық шұғыл әрекет ету жасағының күш-құралдарын көру өткізілді. Ал тәжірибелік бөлігінде бірнеше кіріспе пысықталды және құтқарушылар бірінші міндеті су басу аймағына түсетін халықты эвакуациялауды орындады

Кенжекөл орта жалпы білім беретін мектеп базасында жиналу-көшіру пункті орналасты.

Эвакуацияланатын халық бірінші қажетті заттармен селолық жиналу-көшіру пунктіне автобуспен келді, олар күту залында орналасты. Ветеринарлық қызметінің қызметкерлері ауыл шаруашылық малдарын қауіпсіз орынға айдау ұйымдастырды

Апаттық медицина Орталығы мен жедел-құтқару жасағының қызметкерлері аула-ауланы аралап, зардап шеккендерді анықтауды жүзеге асырды, сондай-ақ шартты түрдегі науқастарға және көлікпен тасымалдауға жарамсыз ауыл тұрғындарына медициналық көмек көрсету.

Ақпараттық қызмет пен сөйлеу машинасы арқылы эвакуациялау туралы хабарлады. Ауыл тұрғындарына өткізілетін оқу-жаттығулары туралы алдын-ала хабарланды, сондықтан олар қобалжусыз құтқарушылардың нұсқауларын орындады.

Екінші кіріспе бойынша  тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы шұғыл техника  күшімен ауыл көшелерінен қарды шығару ұйымдастырылды.

Жаттығудың ең қызықты орны жер үйіндісін төсеу бойынша жұмыстарды. Көрсету болды.

Камаздар мен тиегіштер құмды үйінді тұрғызу орнына жіберілді және қойылған міндеттерді орындауға кірісті. Қр Ұлттық Ұланының 5512 әскери бөлімі жасанды бөгеттер тұрғызу және құм салынған қаптарды су астында қалған үйлер периметрі бойынша орналастыруға көмек көрсетті.

Оқу-жаттығу жұмыстарына 70 бірлік техника, ТЖ аумақтық органының жеке құрамынан 250 адам, жергілікті атқарушы органдар, АҚ және ТЖ қалалық қызметтері, Ұлттық Ұланның әскери қызметшілері ЖЖ 5512 тартылды.

Оқу-жаттығу басшысының талдауы бойынша барлық құрылымдық бөлімшелердің іс-әрекеттері  нақты және дұрыс деп танылды.

 

Прочитано: 1229 раз