ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ

ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Версия для слабовидящих
2018-03-12 12:13:32 Қала жаңалықтары
ҚАЛАЛЫҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БӨЛІМІ "АСТАНА" МҰЗ САРАЙЫНДА АРАЛАС МҰЗҚҰЯТЫН МАШИНАСЫН ТАНЫСТЫРДЫ,

- 2017 жылы қалалық бюджеттен аралас мұзқұятын машинасын сатып алуға ақшалай қаражат бөлінді. Конкурс арқылы "ЖШС-Термотранссервис"-пен  20 млн. 300 мың теңге соммасына шарт жасалды.Машинаның толық жабдық жиынтығы бар. Бұл түзетілген ГАЗ автомобильді шассиінде орнатылған арнайы жабдық, су үшін цистерна ,құм үшін шанақ , мұз тазалауға арналған щетка, қар жинауға арналған плуг Барлық жабдықтар аспалы және қажеттілігіне байланысты жиналады, - дейді дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Руслан Даутеков.

Естеріңізге сала кетсек, биыл қаламызда  тұрғын үйлердің аулаларында 23 мұз айдыны құйылған, саябақтарда 6 төбешіктер және қала бойынша мектеп аумақтарында 42 мұз айдыны құйылды. Бұл автокөлік мұз айдының құю  және оларды қардан тазалау мәселесін сапалы шешуге мүмкіндік береді  - деп атап өтті спорт бөлімінде.

Прочитано: 1034 раз