ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ

ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Версия для слабовидящих
2018-03-13 17:21:20 Қала жаңалықтары
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ТЖБ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАУ ПРОКУРАТУРАСЫМЕН БІРЛЕСІП СУ БАСУ ҚАУІПІ БАР УЧАСКЕЛЕРГЕ БАРЫП ШЫҚТЫ

Жыл сайын табиғи қорғалатын Ертіс каскадының су қойнауынан максималды түрде (3500 текше.м./сек.) су жіберілгенде Кенжекөл және Ленин елді мекендерінде су басу қауіпіне шалдығады.

Кенжекөл ауылдық округі және Ленин кенті Ертіс жағасында орналасқан сондықтан, шеткі көшелер су басуға неғұрлым бейім.

Осыған орай, Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары подполовник С. Асайынов, Төтенше жағдайларды алдын алу бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі С. Сытник, Павлодар қ. ТЖБ бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Р.  Валишанов, Павлодар облысының Табиғи қорғау прокуроры Д. Кентаевпен бірге Павлодар қ. су басу қауіпті учаскелеріне барып шықты.

Рейд қатысушылары су басуға шалдыққыш жерлерді қарап, жағдайды талқылап, топырақ үйінділерін көріп шықты.

Су басу жағдайын болжамдау үшін көктемгі су басу салдарын алдын алуға уақытылы шараларды қолдану қажет.  Рейд қатысушылары, елді мекен әкімдерімен бірге келесі ұсыныстар берілді:

-         табиғи қорғау Ертіс каскадынан су жіберу кезінде су басуға шалдыққыш учаскелерге үнемі мониторинг жасау;

-         су қауіптілігі болған кезде күшейтілген түрде жұмыстар және әрекеттер бойынша халықпен түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

-         су басу қауіптілігі болмас бұрын инерттік материалдар қорын жасау;

-         елді мекендерде құлақтандыру құрылғыларының жұмысқа қабілеттілігін бақылау;

-         жол және аулалардан қарды шығару;

-         қоқыстан және су өткізгіш құрылғылардан қарды шығару.

                                                                       

Прочитано: 1178 раз