ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ

ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Версия для слабовидящих

«ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫН ҮЙ ИНСПЕКЦИЯСЫ БӨЛІМІ» ММ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ 2016 ЖЫЛҒЫ 1 ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ БОЙЫНША АҚПАРАТ

2018-01-06 13:35:41 ТҰРҒЫН ҮЙ ИНСПЕКЦИЯСЫ

Қаладағы кондоминиум объектілерін басқару органдарының қызметін үйлестіру.

Алға қойылған міндеттерді іске асыру мақсатында, Бөлім кондоминиум объектілерін басқарудың 236 нысандары жұмыстарын үйлестіруді жүзеге асырады:

 - ЖШС 28 бірлік,

 - ЖК-26 бірлік,

 - ПКСК, КСП – 67 бірлік,

- үй комитеттері мен өзін өзі басқару – 115,

Пайдалану шығындарына орташа тариф 1м2 үшін 15,8 теңгені құрайды -  тұрғын үй қорын жылу маусымына дайындау,  ішкі инженерлік желілер элементтерін ағымдағы ауыстыру (шаю арматуралары,  құбыр жүргізу, шаю, жылу жүйесінің нығыздалуы), қызмет көрсететін персоналдар штатын ұстау.

Бөлімге жүктелген міндеттемелерге сәйкес  құқықтық статистика органдарында тиісті тіркелумен қызмет көрсететін ұйымдарға, ПКСК және  басқарудың басқа да нысандарына тексеріс жүргізу жолымен тұрғын үй қоры саласына мемлекеттік бақылау жасау жүзеге асырылады. Бұдан басқа бөлім мынадай өкілеттіктерді жүзеге асырады:

•        кондоминиум объектісінің жалпы мүлігіне техникалық тексеру жұмыстарын ұйымдастыру (2015 жыл үшін тұрғын үйлерге 98 тексеру жұмыстары өткізілді,  ақаулық актілері құралды, жалпы мүлікті жөндеу бойынша ұсыныстар берілді);

•        кондоминиум объектісінің жалпы мүлігіне күрделі жөндеудің жеке түрлерін жүргізу тізімі мен кезектілігін анықтау (кондоминиум объектілерін басқару органдарының есеп беру сайлау  жиналыстарына 23 рет қатысу);

•        кондоминиум объектісінің жалпы мүлігіне күрделі жөндеудің жеке түрлері бойынша атқарылған жұмыстарды қабылдау жөніндегі комиссияларға қатысу (14 тұрғын үйлерге қатысу қабылданды).

Павлодар қаласының тұрғын үй қоры 1334 көп қабатты тұрғын үйлерді құрайды, соның ішінде 206-40 жылдан асқан, 336 – 30 жылдан, 368 – 20 жылдан, 424 үйлер-20 жылға дейінгі мерзімді құрайды.

2015 жылы кондоминиум объектілерін  басқару нысандарын тексеру бойынша бөлімде мынадай жұмыстар атқарылды:

Қызмет көрсететін ұйымдарға 40 тексерістер жүргізілді, барлық тексерістер және анықталған бұзылулар бойынша  қызмет көрсететін ұйымдар басшыларына кондоминиумның әрбір объектісіне ағымдағы шоттың және жинақтау шотының болмауы, кондоминиум объектісінің жалпы мүлігін тиісті түрде ұстау жағынан шарт талаптарын орындамағаны, көріктендіру ережесін сақтамағандығы үшін ұйғарымдар құрастырылып тапсырылды.

Әкімшілік кодекстің 320-бабының 5,6,7-тармақтарына сәйкес Кондоминиум объектілерін басқару органдарының басшыларын  ағымдағы және жинақтау шотын ашпағандығы, жеке тұлғалар үшін 10 АЕК, заңды тұлғалар үшін 20 АЕК көлемінде пәтерлер меншік иелеріне есеп беруді ұсынбағандары үшін жауапкершілікке тарту көзделген.

Көріктендіру

Көріктендіру ережесін сақтау шеңберінде кварталішілік аумақтарды қар мен мұздан тазарту және шығару бойынша 94 ескертулер берілді.

Павлодар қаласының ІІБ бірігіп рейдттік іс шаралар апта сайын өткізіледі, өткен кезең бойынша 2-ЖШС, 2-ЖК, 8-ПКСК әкімшілік жауапкершілікке тартылды, айыппүл көлемі меншік нысанына тәуелді              20 АЕК 30 АЕК дейін құрайды.

Аталған іс-шаралар БАҚ арқылы  жарияланды.

ЖӨҚК

Жергілікті өзін-өзі басқарудың қоғамдық комитеттерінің отырыстары мәселелердің түсу жағдайы бойынша барлық 4 шағынаудандарда тұрақты түрде өткізіліп отырады.

Аталған отырысқа мынадай мәселелер енгізілді: аула ішілік аумақтарды көріктендіру, жолдарды асфальттау, балалар алаңын орнату және жөндеу, коммуналдық қызметтер мен КСК жұмысы.

2015 жылы ЖӨҚК отырысына 92 сұрақ келіп түскен болатын, соның ішінде:

         63 мәселелер қалалық және кварталішілік аумақтарды көріктендіруге қатысты,

         14 мәселелер коммуналдық қызметтер қызметіне қатысты,                

         15 мәселелер санитарлық жағдайларға және құқықтық тәртіпке қатысты болды.

2016 жылдың өткен кезеңдері үшін ЖӨҚК  29 мәселелер келіп түскен болатын, барлық мәселелер бойынша түсіндірмелер мен мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар берілді.

«Сенбілікті» хабардар ету мақсатында қала шағынаудандарында депутаттық корпустың, қалалық аумақтарға бекітілген қала кәсіпорындарының қатысуларымен ЖӨҚК отырысы өткізілген болатын.

«КСК кеңесі»

Қазіргі таңда «Кеңес» жұмысы ұйымдастырылды, бұның құрамында 12 бастамашыл және КСК тәжірибелі өкілдері және кондоминиум объектілеріне қызмет көрсететін басқа нысандар бар, сондай-ақ осы «Кеңеске» «Клочанова» ЖК қалалық апаттық қызмет көрсету өкілі енгізілді.

«Павлодар қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ, «Павлодар қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшылары, Жергілікті полиция қызметінің бастығы, Қалалық мәслихат хатшысы кеңес  мүшелері болып  табылады.

         Кеңесті құру мақсаты:

1)   коммуналдық кәсіпорындардың жұмысымен байланысты

мәселелерді қарастыру;

2)   тұрғындарды ынталандыру және бастамалары әдісі ретінде

көріктендіруді өткізу (асфальттеу, балалардың ойын алаңдарын орнату) үшін аулаларды келісу және таңдау;

3)   тұрғын үй қорының пайдаланылуымен және ұсталуымен

байланысты «Үздік аула», Үздік кіреберіс» конкурстарын және басқа іс шараларды өткізу.

Жалгерлікке тапсырылатын пәтерлерге рейд жүргізу бойынша.

Жергілікті бюджетті қосымша кірістермен қамтамасыз ету бойынша жоспарды орындау үшін Павлодар қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы, Павлодар қаласының ІІБ, «Павлодар қаласының ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімі» ММ, қызмет көрсететін ұйымдар (КСК)  өкілдерінің қатысуымен жалгерлікке заңсыз тапсырылатын пәтерлер иелеріне шара қолдану бойынша рейдттік жұмыстар ұйымдастырды.

Бөлім Павлодар қаласының УГД бірігіп қазіргі уақытқа дейін 18 аралау жұмыстарын жүзеге асырды және пәтерді жалға тапсырушылардан                            58 түсіндірме алынған болатын.

Барлық анықталған пәтерлердің меншік иелері одан әрі есепке тұру үшін Павлодар қаласының УГД шақырылды. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасын табуда.

10 сәуір жағдайы бойынша  762 пәтерлер бойынша КСК және кондоминиум объектілерін басқарудың басқа да нысандарынан мәліметтер алынды.

«Аймақтарды 2011-2020 жылдары дамыту» бағдарламасын іске асыру.

         2015 жылы Чкалов көшесі, 130/1, Торайғыров көшесі, 52, Қамзин көшесі, 4 бойынша тұрғын үйлерге жалпы сомасы 46,8 млн.теңгеге жұмыстар жүрігізілді.

         Бүгінгі таңда қайтару қаражаттары қайта құрылған «Горкомхоз модернизация жилья» ЖШС тапсырылды, 2015-2016 жылдары Республикалық бюджеттен  қаражаттар бөлінген жоқ, жөндеуді қайтару қаражаттары есебінен өткізу жоспарланып отыр.

         Қазіргі уақытта  Ермак, 17, Теплов, 38/2, Қамзин, 170  бойынша 3 тұрғын үйлерге жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Тұрғын үй қорын күтіп-ұстау бойынша жүргізілген түсіндірме жұмыстары.

2015 жылы «Павлодар қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ «ТҮКШ модернизациялаудың Қазақстандық орталығы» АҚ филиалымен бірігіп кондоминиум объектілерін басқару нысандары (КСК) басшыларының біліктілігін және сауаттылығы деңгейін арттыру мақсатында тұрғын үй қорына қызмет көрсетумен, тұрғын үй заңнамасының түсіндірілуімен байланысты мәселелер бойынша 3 және 10 күндік курстар өткізді, тыңдаушыларға тиісті сертификаттар берілді.

КСК, Ұлттық банк, «Казпочта» АҚ, Павлодар қаласының УГД өкілдерінің қатысуларымен күрделі жөндеулер өткізу үшін екінші деңгейлі банктерде көп пәтерлі тұрғын үйлерге жинақтау, салық салу шоттарын ашу мәселесі бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырылып өткізілді.

Прочитано: 1458 раз