ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ

ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Версия для слабовидящих
2018-03-16 14:37:01 Қала жаңалықтары
ПЕТРОПАВЛДЫҚТАР «SMART ПАВЛОДАР» ЖОБАСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Павлодар қаласының білім беру бөлімі Петропавлдан келген қонақтарды қарсы алды. Делегация құрамында Петропавл қаласы әкімшілігінің білім беру бөлімі басшысының орынбасары әріптестерімен бірге «Smart Павлодар» жобасымен және сол атаудың мобильді қосымшасымен танысу үшін келді.

№37 ЖОМ делегация өкілдері ресми түрде ақпан айының соңында қала әкімі Н.К. Әшімбетов пен журналистерге таныстырылған жақын арада орнатылған саусақ ізімен турникет арқылы өтетін электронды қол жеткізуді бақылау мен есепке алу жүйесімен танысты. Сонымен қатар, цифрленген кітапхана мен мектеп асханасының онлайн мәзірімен танысты, онда саусақ іздері арқылы оқушылар түскі асқа қолма-қол ақша төлемейді  («Smart Pavlodar» қосымшасында ата-аналардың жеке шотынан ақша қаражаттарын есептен шығару арқылы жүзеге асады).

Қонақтар бүкіл жүйенің функционалдығын және оның «Smart Павлодар» мобильді қосымшасымен тікелей өзара әрекеттесуін зерттеді, функционалды  дербес тексерді және «Smart Павлодар» жобасын әзірлеуші болып табылатын «BFGroup Inc» ЖШС компания қызметкерінен «Білім» бөліміндегі электрондық жүйесімен жұмыс істеу бойынша қысқа дайындық курсынан өтті.

Сапар барысында Петропавл қаласының ресми өкілдері Павлодар қаласында жүзеге асырылып жатқан инновациялық жобаларға үлкен қызығушылықтары бар екенін жасырмады.

Прочитано: 1516 раз