ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

2018-03-20 12:52:49 Қала жаңалықтары
НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ МЕКТЕПТЕ

Павлодарлық мектеп оқушылары Наурыз мейрамын тойлауды бастап кетті.

Наурыз мерекесі 34 мектеп үшін - ерекше оқиға, оған ата-аналар, оқушылар және мұғалімдер зор ықыласпен дайындалған.

Бұл халқымыздың  салт-дәстүрлері мен мәдениетін барынша айқын бейнелеп, түрлі ұлт өкілдерін біріктіретін айшықты мереке. Аталмыш күннің бағдарламасы үш бөлімнен тұрады:

-Ассамблея, шығармашылық шеберханалар, қазақ  ұлттық ойындары және дастархан. Мерекелік Ассамблея толығымен қазақи ұлттық әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлеріне арналады

Мәселен, "Тазалау" (тазарту рәсімі) оқушылардың қатысуымен, "Амандасу" – қазақ халқы құрметті қонақ келгенде немесе бір-бірін қарсы алу салты.

Домбыраның қоңыр үні ерекше көңіл-күй сыйлайды. Дәстүрлі мерекенің соңында дархан дастархан жайылады. Наурыз – жарқын, жаңарту мерекесі. Біз әрбір отбасына бейбітшілік, жақсылық, қуаныш және гүлденуді тілейміз.