ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ

ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Версия для слабовидящих

«ПАВЛОДАР ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ 2017 ЖЫЛҒЫ 14 МАУСЫМДАҒЫ «ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ТҰРҒЫН ҮЙ КӨМЕГІН КӨРСЕТУДІҢ МӨЛШЕРІ МЕН ТӘРТІБІН АЙҚЫНДАУ ТУРАЛЫ» № 167/21 ШЕШІМІНЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗУ ТУРАЛЫ»

2018-03-20 00:00:00 Мәслихат шешімдері

   Жоба

 

«Павлодар қалалық мәслихатының

2017 жылғы 14 маусымдағы

«павлодар қаласы бойынша

тұрғын үй көмегін көрсетудің

мөлшері мен тәртібін айқындау туралы»

№ 167/21 шешіміне өзгерістер енгізу туралы»

 

Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97 баптың 2 тармағы негізінде, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30  желтоқсандағы «Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін» бекіту туралы» № 2314 қаулысы, ұлтық экономика министірінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттiк  қызмет стандарттарын бекiту туралы»  № 319 Бұйрығына сәйкес, Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1. «Павлодар қалалық мәслихатының 2017 жылғы 14 маусымдағы «Павлодар қаласы бойынша тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» № 167/21 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2017 жылдың 3 шілдесінде № 5553 болып тіркелген, 2017 жылғы 11 шідесіндегі № 74 «Сарыарқа самалы» газетінде және 2017 жылғы 11 шілдесіндегі  № 74 «звезда прииртышия» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

Жоғарыда көрсетілген шешіммен бекітілген Павлодар қаласы бойынша

тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібінде:

3) тармақшанын 8 тармағының 1 бөлімі жана редакцияда баяндалсын:

«3) жұмыспен қамту орталығында есепте тұрмаған жұмысқа қабілетті 55 жастағы жұмыссыз тұлғалар;»;

11 тармақтын 2 бөлімін келесі мәтіндегі абзацпен толықтыру:

«- бір бөлмелі пәтерде жалғыз тұратын азаматтар үшін – бір бөлмелі пәтердың жалпы ауданы.»;

12 тармақтың 2 бөлімі жана редакцияда баяндалсын:

«Коммуналдық қызметті пайдаланғаны үшін және телекоммуникация желісіне қосылған  телефон үшін абоненттік өсу бөлігінде байланыс қызметіне тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысын төлеуге тұрғын үй көмегін есептеген кезде келесі жағдайларда: отбасының жиынтық табысының үлесі шығыннан – 500,0 ден 0,0 теңгеге жоғарылағанда, айына 1,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде  тұрғын үй көмегі тағайындалады.».

2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың әлеуметтік саясат жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Сессия төрағасы                                                            С. Айтказина

Қалалық мәслихаттың хатшысы                               З. Мұқашева

Прочитано: 868 раз