ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ

ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

2018-03-28 16:20:15 Қоғамдық тыңдаулар
ҚҰРМЕТТІ ПАВЛОДАРЛЫҚТАР!

«Павлодар қаласы көшесінің атауын өзгерту бойынша материалдарды Павлодар қалалық мәслихатының қарауына енгізу туралы» Павлодар қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 28 наурыздағы № 365/10 қаулысына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңдылықтарын сақтау жөніндегі және қала құрылысы және экология жөніндегі Павлодар қалалық мәслихатының тұрақты комиссиялары Кутузов көшесінің атауын өзгерту мәселесі бойынша көпшілік тыңдаулар өткізіледі. 

Осыған орай, Сіздерді Павлодар қаласы, Кутузов көшесі, 1 («Шаңырақ» облыстық халық шығармашылығы және мәдени-сауық орталығы КМҚК) мекенжайы бойынша 2018 жылдың 27-сәуірінде сағат 15.00 өтетін, көпшілік тыңдауларға қатысуға шақырамыз.

Қатысушыларды тіркеу сағат 14.00-ден басталады.

 

Азаматтардың құқықтары мен

заңдылықтарын сақтау жөніндегі

және қала құрылысы және экология

жөніндегі Павлодар қалалық

мәслихатының тұрақты комиссиялары

Прочитано: 12437 раз