ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ

ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Версия для слабовидящих
2018-03-28 17:09:56 Қала жаңалықтары
ЖАС ТУРИСТЕРДІҢ ЖЕТІСТІКТЕРІ

2018 жылғы 21 - 24 наурыз аралығында Астана қаласында Горизонт кубогы үшін XV республикалық жарысы және Қазақстан Республикасының туристік көпсайысы бойынша Чемпионаты өтті. Қазақстанның 150-ден астам туристері қатысты:  жеткіншектер (10 - 14 жас), жасөспірімдер (15 - 18 жас), ересектер (18 жас және одан жоғары), соның ішінде Павлодар қаласының Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығының тәрбиеленушілері.

Павлодар қаласының Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы командасының құрамын 23 спортшы 6 - 11 сынып оқушылары: «Пирамида», «БЖЭТО», «Вершина», «СЮТур» (жеткіншектер) және «Пирамида» (жасөспірімдер) құрады.

Жарыстың бағдарламасына күрделілігі әртүрлі санаттағы қашықтықтың 4 түрі енді: «техникалық», «командалық», «бума», «жеке» және «спелео».

Жарыстың қорытындысы бойынша «Пирамида» командасы жалпыкомандалық I орынды иеленіп, жасөспірімдер арасындағы абсолютті чемпиондар атанды.

ІІІ жалпыкомандалық  орынды «БЖЭТО» тәрбиеленушілері иеленді.

I  орынды «Бума» қашықтығында «СЮТур» командасы иеленді.

III орынды «Бума» қашықтығында «Пирамида» жеткіншектер командасы иеленді.

Жеңімпаздар кубок, диплом және медальдармен марапатталды. Туристік көпсайысы бойынша Қазақстан кубогының келесі кезеңдеріне қатысу жоспарлануда.

Прочитано: 1027 раз