ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ

ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Версия для слабовидящих

ПАВЛОДАР ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ 2016 ЖЫЛҒЫ 22 ШІЛДЕДЕГІ № 61/8 «ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫН БӨЛІГІНДЕ ҚАЛАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ (ТРАМВАЙЛАРДА, АВТОБУСТАРДА) ЖОЛАУШЫЛАР МЕН БАГАЖДЫ ТҰРАҚТЫ АВТОМОБИЛЬМЕН ТАСЫМАЛДАУҒА БІРЫҢҒАЙ ТАРИФТІ КЕЛІСУ ТУРАЛЫ» ШЕШІМІНЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЖӘНЕ ТОЛЫҚТЫРУЛАР ЕНГІЗУ ТУРАЛЫ

2018-04-02 09:34:51 Мәслихат шешімдері

6

33 –кезектен тыс

№ 232 / 33

 

               2018 жылғы  13 наурыз

 

Павлодар қалалық мәслихатының

2016 жылғы 22 шілдедегі № 61/8

«Павлодар қаласының тұрғын бөлігінде

қалалық қоғамдық көлікте (трамвайларда,

автобустарда) жолаушылар мен багажды

тұрақты автомобильмен тасымалдауға

бірыңғай тарифті келісу туралы» шешіміне

өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағына, «Қазақстан Республикасының  көліктер туралы» Заңының  13-бабына сәйкес, Павлодар қалалық мәслихаты  ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Павлодар қалалық мәслихатының 2016 жылғы 22 шілдедегі    № 61/8 «Павлодар қаласының тұрғын бөлігінде қалалық қоғамдық көлікте (трамвайларда, автобустарда) жолаушылар мен багажды тұрақты автомобильмен тасымалдауға бірыңғай тарифті келісу туралы» шешімінің қосымшасына өзгерістер және толықтырулар енгізілсін.

2016 жылғы Павлодар қаласының қоғамдық көліктерінде (автобустарда, трамвайларда) тегін және жеңілдікпен жол жүру құқығы бар азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесі  жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы шешімнің орындалуын бақылау  тұрғын үй –коммуналдық сұрақтар бойынша қалалық мәслихаттың  тұрақты комиссиясына  жүктелсін. 

 

Сессия төрайымы                                                            С. Айтказина

Қалалық мәслихаттың хатшысы                                  З. Мұқашева

 

Павлодар қалалық  мәслихатының

2018 жылғы 13 наурыздағы

№ 232/33  шешіміне  қосымша

 

 

Павлодар қаласының қоғамдық көлігінде (автобустарда, трамвайларда) жеңілдікпен немесе тегін жүруге құқығы бар азаматтардың жеке санаттарының тізбесі

 

Азаматтар санаттарының атауы

Қамтамасыз ету

Жол ақысы

1.

ҰОС мүгедектері және қатысушылары

 

Жолаушылар мен жүктің тұрақты қоғамдық тасымалдарын ұйымдастыру туралы шарттарына берілген

қосымша келісіммен сәйкес

 

 

 

 

 

Жеңілдік құқығын растайтын құжатты ұсынған кезде,

тегін

 

2.

«Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен, «Ленинград блокадасының тұрғыны» медалімен марапатталған азаматтар; концлагерлерде, гетто және басқа еріксіз ұстау орындарында болған бұрынғы кәмелетке толмаған тұтқындар

3.

Сүйемелдеуші адаммен жүретін барлық санаттағы 1-ші топ мүгедектері

4.

Сүйемелдеуші адаммен жүретін 16 жасқа дейінгі мүгедек-балалар

5

Павлодар қаласының құрметті азаматтары,  республикалық және облыстық маңызы бар зейнеткерлер

6.

18 жасқа дейінгі төрт немесе одан да көп балалары (сонымен қатар, студент балалары) бар көп балалы отбасылар

7.

Басқа мемлекеттер аумағында, соның ішінде Ауғанстанда әскери қақтығыстарда қатысқан тұлғалар

8.

Чернобыль АЭС апатының салдарын жоюға қатысқан тұлғалар

9.

Ауғаныстанда қайтыс болған жауынгерлердің ата-аналары

10.

Бейбітшілік уақытта әскери қызметін өтеу кезінде қаза болған, қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасы

11.

2-ші топ мүгедектері

«Кентiшiлiк (қалаiшiлiк), қала маңындағы ауданiшiлiк қоғамдық жолаушылар тасымалдарын ұйымдастыру» 024 бюджеттік бағдарламасымен сәйкес

Жеңілдік құқығын растайтын құжатты және жеңілдікпен жол жүру билетін ұсынған кезде, тегін

12.

Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған жетім-балалар (23 жасқа дейінгі)

«Кентiшiлiк (қалаiшiлiк), қала маңындағы ауданiшiлiк қоғамдық жолаушылар тасымалдарын ұйымдастыру» 024 бюджеттік бағдарламасымен сәйкес

Жеңілдік құқығын растайтын құжатты және жеңілдікпен жол жүру билетін ұсынған кезде, тегін

 

13

Атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алушыларға қатысты отбасынан,  колледж және ЖОО күндізгі нысанда оқитын студенттері

 

 

«Кентiшiлiк (қалаiшiлiк), қала маңындағы ауданiшiлiк қоғамдық жолаушылар тасымалдарын ұйымдастыру» 024 бюджеттік бағдарламасымен сәйкес

жеңілдік құқығын растайтын құжатты және  әлеуметтік студенттік жол жүру билетін ұсынған кезде тегін

14

Төрт немесе 01.01.2018 жылға дейін туған, бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар арнайы мемлекеттік жәрдемақы (АМЖ) алатын отбасылардың 23 жасқа дейінгі жастағы  колледж және ЖОО күндізгі нысанында оқитын студенттері

 

 

 

«Кентiшiлiк (қалаiшiлiк), қала маңындағы ауданiшiлiк қоғамдық жолаушылар тасымалдарын ұйымдастыру» 024 бюджеттік бағдарламасымен сәйкес

жеңілдік құқығын растайтын құжатты және  әлеуметтік студенттік жол жүру билетін ұсынған кезде тегін

15

Жасы бойынша зейнеткерлер

«Кентiшiлiк (қалаiшiлiк), қала маңындағы ауданiшiлiк қоғамдық жолаушылар тасымалдарын ұйымдастыру» 024 бюджеттік бағдарламасымен сәйкес

Жеңілдік құқығын растайтын құжатты ұсынған кезде, 1 (бір) жол жүру үшін тарифтің толық құнынан

50% төлеумен, жеңілдік

 

16.

7 жасқа дейінгі балалар

Қазақстан Республикасының «Автомобиль көлігі туралы» Заңының  20-бабына және Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасының  көлік туралы» Заңының 13-бабына сәйкес

 

Тегін, оған жеке орын беру құқығынсыз

 

17.

7-ден 15 жасқа дейінгі балалар

1 (бір) жол жүру үшін тарифтің толық құнынан

50% төлеумен, жеңілдік

Прочитано: 1570 раз