ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

2018-04-02 10:25:30 Қала жаңалықтары
ПАВЛОДАРДА ҚАЛА АУМАҒЫНЫҢ ТАЗАЛЫҒЫ ҮШІН ШИПАЖАЙҒА ЖОЛДАМАЛАР БЕРІЛЕДІ

Павлодарда көріктендіру айлығының қорытындысы бойынша ең үзік аулалары бар үйлер жаңа орындықтар, қоқыс жәшіктері және күн батареясындағы түнде жарқырайтын мекенжай маңдайшалары сыйға тартылмақ. Ал, ұйымдар мен мекемелер қала қоршаған ортасының тазалығы үшін жолдамаларға ие болады.

«Бұл байқаудың бастамасы қаланың кондоминимум және тұрғын үй қорын бақылайтын Павлодар қаласы тұрғын үй инспекциясы бөліміне тиесілі. Олар қаланы шартты түрде төрт шағын ауданға бөліп алған, және де соған сәйкес төрт сыйлық жиынтығы болады. Осы байқаудың қорытындысы бойынша әрбір шағын ауданға бір сыйлықтан, - деп Павлодар қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінде мәлімдеді. - Байқау екінші сәуірде бастау алып екінші мамыр күні аяқталады. Оған ПИК және тұрғындар да қатыса алады. Сыйлық ең таза, әдемі, сырланған аула жеңімпазына табысталады. Байқаудың ерекшелігі аулаға жаңа заттарды қоюмен түйінделмейді, керісінше ауланы көріктендіру қажет: әдемі сырлап, тазалау жұмыстарын жүргізу». Байқау барысында Павлодар шартты түрде төрт шағын ауданға бөлінеді, - деп облыс орталығының бспасөз қызметінде мәлімдеді. ОЛардың әрбірінен ең үздік үйді анықтайды.

«Аталмыш байқаудың мақсаты – тұрғындардың өздерін облыс орталығын көріктендіруге белсенді қатысуға тарту. Есігінің алдындағы жаңа қоқыс жәшіктері мен орындықтар, үйінің әдемі әрі таза болғаны әрбір тұрғынға жағымды болмақ. Жиын барысында Нұржан Кемерұлы өткен жылы қала нақты аумақтарға бөлінген, сол аумақтардың тазалығына бақылау жүргізуге облыстық басқармалар, департаменттер, зауыттар бекітлген болатын деп атап өтті. Көріктендіру айлығының қорытындысы бойынша бекітілген  аумағы ең таза болған мемлекеттік мекемеге немесе ұйымдарға жергілікті «Мойылды» шипажайына жолдама берілетін болады.

Іnform.kz