ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

2018-04-09 16:03:35 Қала жаңалықтары
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ САЯН НАЗЫМҰЛЫ МҰҚАНОВ ҚАЛАНЫҢ ҮЕҰ-НЫҢ ӨКІЛДЕРІМЕН АҒЫМДАҒЫ ЖЫЛДА АЛҒАШ ЖҰМЫС КЕЗДЕСУІН ӨТКІЗДІ

6 сәуір «Колос» мәдени-сауық орталығында Павлодар қаласының белсенді үкіметтік емес ұйым өкілдері бас қосты. Кездесуді әкімнің орынбасары Саян Мұқанов өткізді.

Ол, бұл кездесу биылғы жылы алғаш ұйымдастырылғанын, оның мақсаты – мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы диалогты жалғастыру екенін атап өтті.

Павлодар қаласы ішкі саясат бөлімінің басшысы Ержан Рахымжановтың айтуы бойынша, шаһарда барлығы 511 үкіметтік емес ұйымдар тіркелген, олардың 315 ғана жұмыс істейді.

Әлбетте үкіметтік емес ұйымдар өкілдері тарапынан үкіметке қояр сұрақтары болды.

Танымал қоғам белсеңдісі, «Женщины – за будущее нации» қоғамының төрайымы Жанна Бороздина, түрлі жобаларды талқылауда үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысуын қарастыруды ұсынды.

Кездесуге қатысқан, облыстық азаматтық альянстың өкілі, Ажар Сағандықова мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар диалогтік алаң құру мен түрлі әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру арқылы өзара тиімді қарым қатынас орнату қажеттігін атап өтті.

«Центр Тұмар» қоғамдық қорының өкілі Бағжанат Қайырбекова өз тарапынан халықаралық ғылыми-практикалық конференцияны ұйымдастыруға ат салысқаны үшін жергілікті билік өкілдеріне алғысын білдіріп, бұл шараның маңыздылығын атап өтіп, «Материалы научно-практической конференции с международным участием в рамках реализации программной статьи Президента РК Назарбаева Н.А. «Взгляд в будущее: Модернизация общественного сознания» в индустриально-инновационном развитии Казахстана» жинағын табыс етті.

Кездесуге арқау болған мәселелердің бірі «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру тақырыбы.

Аталған мәселені «Атамекен» бағыты бойынша облыстық мәслихат депутаты Гүлмира Нұрханова ескере отырып, ҮЕҰ өкілдері белсеңділік танытуына, жобаларға қатысуына, алуан-түрлі жұмыс топтарының құрамына енгізілуіне баса назар бөлді.

Сонымен қатар, кездесу барысында «Үміт үзбеу» қоғамдық қорының директоры Гаухар Омарова зейнеткерлер мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету жайында мәселерді айтты.

Бұқаралық – мәдени іс-шараларды өткізуге жәрдемдесу мәселесімен зағиптар қорының өкілі жүгінді.

Атақты блогер Константин Музалевский ҮЕҰ-ның өкілдері түрлі саладағы бизнес өкілдерімен ынтымақтастығына, адамдар қызметіне сену үшін өзінді сәйкесінше таныстыруға назар бөлді.

Аталған сұрақтар мен ұсыныстар назарға алында.

Бұл кездесулер үкімет пен азаматтық сектор арасында өзіндік «көпір» орнатуға мүмкіндік беретінің атап өткен жөн.