ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ

ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Версия для слабовидящих
2018-04-16 09:25:05 Қала жаңалықтары
ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ПАВЛОДАРДАҒЫ ТҮНГІ КЛУБТАРҒА РЕЙД ЖҮРГІЗДІ

Павлодарлық полиция қызметкерлері түнгі клубтарда кәмелеттік жасқа толмағандарды анықтау бойынша рейдтер жүргізуде.

«Жасөспірім» жедел алдын-алу шаралары аясында жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері, қалалық мәслихат депутаттары Павлодардың түнгі төрт көңіл көтеру мекемесіне тексеріс жүргізді. Олар «Barhat lounge bar», «Meet Point» бар-мейрамханасы, «Camelot», «4 комнаты» көңіл көтеру кешені.

Павлодар қаласы ІІД жергілікті полиция қызметінің басшысы полиция майоры Арман Қаптаевтың мәліметінше, осындай тексерістерді апта сайын жүргізеді, әсіресе жұма, сенбі, жексенбі күндері.

- Әдетте бір рейд кезінде жасөспірім балалардың үйлерінде емес және көңіл мекемелерінде кездесуі бойынша екі-үш факті тіркеледі, - деп Арман Қаптаев атап өтті. – Егер  жасөспірім балалардың түнгі клубтарда кездесетін болса, онда оған 15-тен 50 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Атан-аналарына да аталмыш факті бойынша ескерту немесе 3 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл салынады.

Рейд кезінде түнгі 23.00-де «Camelot» кіре берісінде барға  кірмекші болған 15жасар жасөспірім ұсталды. Бірақ та, күзетшілер жасөспірімді мекеме кіргізбеді.

- Ол бізге ата-анасынан көрші үйдегі доссына барамын деп сұранып кеттім деп мәлімдеді, - дейді Павлодар қаласы ІІД ЖПҚ басшысының орынбасары майор Мұрат Козкин.

Бірақ та, жасөспірім досына бармай, тікелей «Camelot»-қа тартқан. Тәртіп сақшылары ата-анасын шақыртты және Мұрат Козкинның айтуынша, «Жасөспірімдердің 23-тен 6-ға дейін үйден тыс заңды өкілдерсіз жүруі» ҚР әкімшілік кодексінің 442 бабының 2 тармағына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Павлодар қаласының депутаттық корпусы ЖПҚ-мен мемлекеттік органдармен белсенді өзара іс-қимылдар жасауда.

- Біз полиция қызметкерлерімен үнемі рейдтерге шығып тұрамыз, - дейді қалалық мәслихаттың депутаты Азамат Смағұлов. – Ата-аналарды, мектептерді кәмелеттік жасқа толмаған балалармен түнгі жүрістердің қауіптілігі және көңіл көтеретін мекемелерге бармау бойынша түсіндірме жұмыстарын өткізуге шақырамын.

«Жасөспірім» жедел алдын-алу шарасы барысында қалада түнде жүрген жасөспірімдердің төрт фактісі тіркелді. Олардың ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Рavlodarnews.kz

Прочитано: 1455 раз