ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ

ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Версия для слабовидящих
2018-04-24 15:29:44 Қала жаңалықтары
ПАВЛОДАРДА БЕС АВТОБУС АЯЛДАМАСЫНЫҢ ЖЕР УЧАСКІЛЕРІ САУДАҒА ҚОЙЫЛДЫ

Павлодарда бес қараусыз қалған аялдама кешендерінің жер учаскелерін жалға алу құқығы сатылады.

Қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы Ботагөз Кәрібаеваның мәліметінше, аукционға жер учаскелерін жалға беру құқығын сату бойынша Айманов көшесі, 28/1, Кутузов көшесі, 52, Ломов көшесі, 30, сонымен бірге Ак. Шөкин, көшесі 89 және 157/2 көшелері бойындағы бес аялдама кешендерінің учаскілері қойылған.

- Біз Павлодардағы барлық аялдамаларға тексеріс жүргіздік, олардың көпшілігі күтімсіз, қараусыз қалдырылған және заңсыз тіркелген, -деді бөлім басшысы. - Оларды дұрыс қалыпқа келтіру қажет. Келісімшарт міндеттемесінде конкурстың жеңімпазы жобаның эскизін жасау қажет. Болжам бойынша, аялдама жабық болады, кешеннің ішіне гүлдер немесе газеттер сату секілді коммерциялық нысанды орналастыруға болады. Құрылыс жүргізілмейді.

Аялдама кешендерінің жер учаскілерінің бастапқы бағасы 4378 теңгеден (Ак. Шөкин көшесі, 157/2) 8208 теңгеге дейін (Айманова 28/1).

Еске салсақ, Павлодарда мемлекеттік-жеке меншік әріптестік шеңберінде алғашқы  рет «ОӘД» аялдамасы пайда болмақ. Жаңа кешенді кәсіпкер өз қаражаты есебінен  орнатып, өзі қызмет көрсететін болады.

- Жеке немесе заңды тұлғаға ұсынылған немесе сатылған жер учаскесі құқық белгілерінде көрсетілгендей мақсатқа сәйкес қатаң түрде пайдаланылуы қажет, - деп Ботагөз Кәрібаева атап өтті. - Кейде адамдар осы шағын ауданда құрылысы болмауы тиіс объектіге өтініш беруі мүмкін, мәселен, тұрғын үйге дейінгі қашықтық сақталмаған  шина қызметі немесе жанармай құю станциясы сияқты. . Бұндай  жағдайда комиссия, егер бос жер бар болған жағдайда басқа мақсатты қарастырады. Кез келген жағдайда, барлық мақсатқа арналған жер учаскелері коммерциялық қызметтің объектілері болып табылады.

Сонымен қатар, 32 жер телімінің ішінен оларды жалға беру құқығы аукционға қойылған, Лермонтов көшесі, 84, электр беру желілері, тұрғын емес үй-жайлар, сондай-ақ он өндірістік база бойынша аяқ-киім шеберханалы бар.

Кутузов көшесі, 99 мекен-жайындағы  жарнамалық белгіге арналған жер учаскісі ең арзан болды, оның бастапқы құны – 109 мың теңге, ал ең қымбат - 3,6 млн. теңге - «Орталық индустриалды аймағында индустриалды алаңды салу және ұстау» мақсатымен 6,4 гектар алаңы бар.

Аукцион 2018 жылғы 10 мамыр күні сағат 10.00-де Кривенко көшесі, 25, 415 кабинетінде өтеді.

Прочитано: 1324 раз