ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

2018-04-25 12:19:56 Қала жаңалықтары
ПАВЛОДАРДА ПЛАСТИКАЛЫҚ ҚАЛДЫҚТАРҒА АРНАЛҒАН ҚОҚЫС КОНТЕЙНЕРЛЕРІ ОРНАТЫЛАДЫ
Бірер күн бұрын Павлодар қаласының қоқыс алаңдарында пластикалық қалдықтарды салуға  арналған ашық түсті себеттер пайда болды. Және олар қазірдің өзінде сұранысқа ие. Бірінші кезекте сыртқы түрі бірден назар аудартты. Қызмет көрсетуші ұйымдар бұны еуропалық стандарт деп түсіндірді. Осылайша коммуналдық қызмет өкілдері, заң талаптарын орындайды. 
- Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес, 2019 жылдың қаңтарынан бастап пластмасса және пластикалық қалдықтарды сақтау үшін оларды  палигондарда қабылдауға тыйым салынады. Осыған байланысты, Павлодар қаласында арнайы контейнерлерді орнату үшін «Спецмашин» ЖШС жер қойнауын пайдалану, қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары басқармасымен келісті, - деп Павлодар қаласы ТҮКШ бөлімінің бас маманы Темір Қасқабаев мәлімдеді. 
Себеттерің ішіндегі заттарды бұрынғыша полигонға апаратын болады. Ал пластиктер компанияға қайта өңдеу үшін тапсырылады. Монополист жаңа контейнерлері өз қаражаты есебінен орнатуда. Павлодар шамамен 400-дей себет пайда болмақ. Қазіргі уақытта аулаларда оннан тбір білігі орнатылған. Қалғандары жаздың ортасына дейін орнатылады.