ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ

ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Версия для слабовидящих

АҚПАРАТ

2018-01-06 13:49:33 ЖӘРДЕМАҚЫ

Әлеуметтік қамтамасыздандыру:

2001 жылдың 17 шілдесінен № 246 «Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» занына сәйкес»

005 бюджеттік бағдарлама жүзеге асырылады.

Жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың, босқын статусына ие адамдардың, шетелдіктердің, Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар және тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдардың атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар.

Мүгедектерді және стационарлық емделуде бір айдан астам уақыт кезеңінде болатын адамдарды, магистратура мен аспирантураны қоса алғанда, күндізгі оқыту нысанында оқитын оқушылар мен студенттерді, тыңдаушылар мен курсанттарды, сондай-ақ I және II топтағы мүгедектерді, сексен жастан асқан адамдарды, жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын азаматтарды қоспағанда, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдарда тіркелмеген жұмыссыздарға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалмайды.

Отбасының жиынтық табысына, тұрғын үй және атаулы әлеуметтік көмекті қоспағанда, белгіленген уақыт кезеңінде ақшалай және заттай нысанда нақты алынған табыстардың барлық түрі енгізіледі.

Адамға (отбасына) атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін уәкілетті орган жан басына шаққандағы орташа табыс пен облыстарда (республикалық маңызы бар қалада, астанада) отбасының әрбір мүшесіне есептелген кедейлік шегінің белгіленген айырмасы түрінде есептейді.

2016 жылға 450 алушыға көмек көрсету жоспарланды, қаржыландыру көлемі – 11351,0 мың теңге.

2017 жылдың 01 қантарына 108 аз қамтамасыз етілген отбасыларға, оның ішінде 355 адамға 10 751, 0 мың теңге мөлшерінде көмек төленді.

- тұрғын үй көмегі:

2010 жылғы 31 науырызынан № 26/23 Павлодар қаласы

мәслихатының Павлодар қаласы аумағында тұрғын үй көмегін көрсету шешіміне сәйкес 006 бюджеттік бағдарлама жүзеге асырылады.

Тұрғын үй көмегі – бұл Павлодар қаласының аумағында орналасқан тұрғын үйде тұрақты тұратын және осы үйде тіркелген аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) жергілікті бюджет қаражатынан мемлекет ұсынылатын төлемдер, төлем енгізуге:

Мемлекеттік тұрғын үй қорының тұрғын үй иесі немесе жалдаушысы (жалға алушы) болып табылатын және тұрақты тұратын  отбасыларға (азаматтарға) күрделі жөндеуді өткізу үшін және (немесе) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеудің жинақтаушы қаражат жарнасына;

Тұрғын үй иесі немесе жалдаушысы (жалға алушы) болып табылатындардың коммуналдық қызметті тұтынуға;

Тұрғын үй иесі немесе жалдаушысы (жалға алушы) болып табылатын байланыс саласында заңнамаға сәйкес телекоммуникацияның қалалық желісіне қосылған телефон үшін абоненттік ақының өсуіне қатысты байланыс қызметін тұтыну төлемақысына байланысты;

Жеке тұрғын үй қорында жергілікті атқарушы органдардың жалға алынған тұрғын үй үшін жалға төлемі үшін берілетін  төлемдер.

Күрделі жөндеуді өткізу үшін және (немесе) күрделі жөндеудің жинақтаушы қаражат жарнасына, коммуналдық қызметті тұтынуға, телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік ақының өсу бөлігінде байланыс қызметіне, жалға алынған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу төлемдеріне құқық, өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй алаңының нормасы және коммуналдық қызметті тұтыну нормативтері аясында тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметті тұтыну төлемақысының шығындары осы мақсатқа жіберілген шығындардың үлесі шегінен  асқан жағдайда  пайда болады.

Тұрғын үйді пайдалану үшін жалдау ақысын, телекоммуникация желісіне қосылған үшін абоненттік ақының өсу бөлігінде байланыс қызетін, коммуналдық қызметті пайдаланғаны үшін төлеуге рұқсат етілген шектік шығын үлесі, тұрғын үй көмегін тағайындауға құқығы бар отбасының (тұлға) табыс жиынтығының 7 % мөлшерінде белгіленеді.

2016 жылы – 58 222,0 мың теңге мөлшерінде ақшалай қаражат бекітілді, бағдарламаны жүзеге асыруға 2900 азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету қарастырылған.

2017 жылдың 01 қантарына 1897 аз қамтамасыз етілген отбасыларға, оның ішінде 2087 адамға 49 222,0 мың теңге мөлшерінде көмек төленді.

Осыған орай, тұрғын үй көмегін алушылардың құрамында зейнеткерлер мен мүгедектер 93 % құрағандықтан, қажеттілік есебі зейнеткерлік төлемдердің жоғарылауымен және коммуналдық төлемдер тарифінің жоғарылауының негізінде жасалады.

Берілген бағдарламаның мақсаттылығы болып, Павлодар қаласында меншік иесі болып табылатын аз қамтамасыз отбасыларды қорғауға арналады.

- балалар жәрдемақы:

Қазақстан Республикасының "Он сегіз жасқа дейінгі балалары бар  отбасыларға мемелекеттік жәрдемақы туралы" 2005 жылғы 28 маусымдағы  № 63-ІІІ Заныңа сәйкес 016 бюджеттік бағдарлама жүзеге асырылады.

Жан басына шаққандағы орташа табысы ағымдағы тоқсанда бекітілген азық-түлік себетінен төмен отбасылардың құқығы бар.

Жәрдемақы бір балаға 1,05 АЕК (2228 теңге) мөлшерінде ағымдағы тоқсандағы отбасылық жиынтық табысын ескеріп, құжаттарды қабылдаған күннен бастап тағайындалып  ай  сайын төленеді.

Балалар жәрдемақысын  алу құқығы тоқсан сайын табыстарын көрсеткеннен кеиін тағайындалады. 

2016 жылға 350 алушыға көмек көрсету жоспарланды, қаржыландыру көлемі – 9353,0 мың теңге.

2017 жылдың 01 қантарына 342 аз қамтамасыз етілген отбасыларға, оның ішінде 777 балаға 9 953, 0 мың теңге мөлшерінде жәрдемақы төленді.

-отың:

2010 жылғы 24 желтоқсандағы  № 84/29 Павлодар қалалық мәслихатының «Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес ауылдық елді мекендердегі денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт  және ветеринария мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсету» шешіміне сәйкес 004 бюджеттік бағдарламасы жүзеге асырылады.

2016 жылы 275 алушыға көмек көрсету жоспарланды, қаржыландыру көлемі – 3 500,0 мың теңге.

Бюджет қаражатты иегеру 100 % құрайды.

Прочитано: 716 раз