ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ

ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Версия для слабовидящих
2018-05-18 15:56:03 Қала жаңалықтары
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ МЕКТЕПТЕРІНДЕ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ БОЙЫНША ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Павлодарлық мектептерде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Білім беру мекмелерінің сыртқы келбетіне көп көңіл бөлінеді. Мектептің қоғамдық, мәдени өмірінің ордасы мектептегі акті залы болып табылады. Сондықтан Павлодар қаласының №21 ЖОМ акті залында қайта құру жұмыстары аяқталды. Құрылыс жұмыстарын «Турбосервис – pv» ЖШС жүргізді.

«Жөндеу жүргізу үшін жергілікті бюджеттен 6496, 0 мың теңге қаражат бөлінді. Бөлшектеу және жалпы құрылыстық жұмыстары жүргізілді, ПВХдан жасалған терезе ойықтарына бөлшектеу жүргізілді, сондай ақ аспалы төбелер, сахана орнатылды. Мердігер барлық жөндеу жұмыстарын белгіленген мерзімде аяқтады. Жаңа терезелер, төбе, қабырғалар және еденнің  өзі де енді қазіргі заманғы барлық талаптарға сәйкес келеді», - деп Павлодар қаласының білім беру бөлімі хабарлады.

Одан басқа, осы жөндеу жұмыстарын жүргізу шеңберінде сахнаға жаңа киімдер, көрермендер үшін жаңа креслолар сатып алу қарастырылды. 

21- мектепте, енді осындай жаңа сахнада оқушылар арасынан көптеген өнерлер ашылатынын айтып отыр. Ол үшін барлық мүмкіндіктер мен жағдайлар жасалды.

«Ата-аналар мен оқушылар жаңартылған акті залын көріп қуанышты болды, таң қалды. Үйткені акті залы мектептің қоғамдық өмірінің және демалыс орнының жүрегі болып есептеледі, ал бүгін акті залымыз тек өзінің бір ғана көрінісімен жақсы көңіл күй сыйлап тұр» -деп мектеп директоры атап өтті. «Біздің акті залымыз бұдан былай орасан зор мектептік шараларды, концерттерді қабылдауға дайын. Бұл өтек жақсы және қажетті, себебі балаларымыз жүрген ортадағы жағдай, олардың үлгеріміне тікелей әсер етеді. Мектептің жөндеуіне үлкен көңіл бөлініп жатқанына мен өте қуаныштымын», - деп мектептің ата-аналар комитеті де атап өтітті.

Сонымен қатар, 2018 – жылы Павлодар қаласыдағы білім беру мекемелерінің күрделі жөндеуіне 851 млн. теңге қаражат бөлінді.

Прочитано: 1194 раз