ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ

ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Версия для слабовидящих
2018-05-23 18:23:21 Қала жаңалықтары
ПАВЛОДАРДА СПОРТ АЛАҢДАРЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ ТЕКСЕРІЛДІ

Тексеріс аясында 2017 жылы орнатылған спорт алаңдарының жағдайын қарау үшін арнайы комиссия ұйымдастырылды. Комиссия құрамына қалалық мәслихаттың депутаттары және спорт бөлімінің мамандары енгізілді.

- «Қазіргі уақытта қалалық денешынықтыру және спорт бөлімінің балансында 178 спорттық алаңдар мен нысандар бар. Олардың ішінде 64 бірлік нысан қанағаттанарлық күйде. 114 спорт алаңы жөндеуді, бөлшектеуді немесе жаңа спорттық ғимараттарға ауыстыруды талап етеді, оның ішінде 48 теннис алаңы да бар, - дейді қалалық денешынықтыру және спорт бөлімі басшысының міндетін атқарушы КҮмісай Асайнова.

- Барлық спорт алаңдарын тексеру барысында 94 иесіз нысан анықталды. Болашақта оларды балансқа алып, жөндеу жұмыстарын жүргізу немесе бөлшектеп жаңа спорт алаңдарын орнату жоспарлануда.

Қалалық спорт бөлімі  2017-2020 жылдарға арналған ұзақ мерзімді даму жоспарын әзірледі, аталмыш жоспарға  сәйкес алаңдарды жөндеу, мини-футбол алаңдарындағы жасанды жабуларды, хоккей корты бойынша ағаш тақталарды ауыстыру жұмыстары жүргізіледі.

Зерттеу нәтижелері мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырысында шығарылатын болады.

Прочитано: 979 раз